Дональд Трамп АҚШ-тағыдай қарудың өзге ешкімде жоғын айтып мақтанды. Мичигандағы өз жақтастары алдында сөйлеген ол: «Бізде ракеталар, әскерилер бар… Сіздер мұндайды бұрын-соңды көрген жоқсыздар!» деді. Қыза-қыза келген АҚШ басшысы мұндай қарудың Қытай төрағасы Си Цзиньпинде де, Путинде де жоқ, тек өздерінде ғана барын айтып салды. Сондай-ақ, Ақ үй басшысы өзін сыр шашады деп айыптайтындарға кекесінмен жауап қатты. Дональд Трамп осыған дейін журналист Бобу Вудвордуға берген сұхбатында АҚШ-тың қуатты құпия қаруы бар екенін айтып, сынға қалған болатын.
Автор: Сайт әкімшілігі
Айналымынан алынған ескі үлгідегі бәйтерек сериялы ақшаларды айырбастау мерзімі аяқталып келеді. Номиналдары 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды ұлттық банкке 2020 жылдың 3 қазанына дейін ғана тапсырып үлгеру керек. Арайлым АМИН, «ҚР Ұлттық банкі» РММ АОФ бөлім басшысының орынбасары: – 2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру 2016 жылдың қарашасында басталды. Осы жылдың үшінші қазанында аталған банкноттардың айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін ұлттық банктің филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақшаға айырбастауды тоқтатады.
Атыраулық полицейлер өзіне қол салмақ болған 20 жастағы бойжеткенді құтқарып қалды. Оқиға 11 қыркүйек күні шамамен 03:40-та Балықшы мен Жұмыскер арасына тартылған көпірде болған. Патрульдік полиция қызметкерлері полиция аға лейтенант Өмірзақ Абдолов пен лейтенант Бердібек Қабиболлаев қызметтік көлікпен көпірден өтіп бара жатып, көпір қоршауының арғы жағынан шығып кетіп, өзенге секірмекші болып тұрған қызды байқаған. Полицейлер жеделдік танытып, қызбен сөйлесудің ретін тапқан. Олар бойжеткенді райынан қайтуға үгіттеп, көпірден секірмеуге көндірген. Қыз өзіне қол жұмсау әрекетінің себебін досымен арадағы ұрыс-керіспен байланыстырады.
Жергілікті бюджеттен 50 талапкерге резидентура гранты бөлінген. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметі хабар таратты. Облыс әкімі грантына өтініш берген үміткерлер тізімі Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыста бекітілді. Бақытгүл Хаменованың айтуынша, медициналық қызметкерлер тапшылығы – өңірдегі ең күрделі мәселелердің бірі. Қазір облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің нақты тапсырмасы бойынша жергілікті жерде медициналық мамандар жетіспеушілігін шешу мақсатында нақты қадамдар жасалып жатыр. Атап айтқанда, маусым-шілде айларында аймаққа тартылған жүзден астам маманды ынталандыру, қолдау тетіктері күшейтіліп, медицина саласына берілетін гранттар саны көбейтілген. Облыс әкімінің грантына ие болғандар М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті, Қазақ медициналық үздіксіз…
Атырауда ірі мұнай компаниялары өңірді көгалдандыруға дұрыс көңіл бөлмей отыр. Олар өздерінің санитарлық қорғау аумағын ғана жасылдандырып, қалғанына қолды көңіл аудармайды. Ірі мұнай компаниялары шоғырланған шаhарда экология мәселесі қашанда өзекті. Бірақ іс жүзінде оған мән берілмей тұр. Қадыржан АРЫСТАН, Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы: – Шындығын айтқанда, ірі компаниялар көгалдандыруға миллиондап ақша бөлініп жатқан жоқ. Бұлар табиғат қорғау шараларына өзіндік жоспары бар. Бұлар экологияға бөлген ақша деп көбіне өз технологияларын жаңартады. Тазарту қондырғыларын іске қосады. Соның бәрін экология бағытына жұмсалып жатыр деп есептейді. Бірақ жасылдандыру деп бөліп айтпайды. Өткен жылы экологияны бүлдіргені үшін өндірістік компанияларға…
Маңғыстау облысында сүңгуір оқу-жаттығу орталығы мен әскери госпиталь салынуда. Сонымен қатар, әскери әуеайлақты қайта жөндеу жұмыстары да қарқын алмақ. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Өңірде қорғаныс ведомствосының басшысына әскери-теңіз күштерінің сүңгуір оқу-жаттығу орталығын салу жобасы туралы баяндалды. Аталмыш орталықты құру жеңіл сүңгуір жауынгер жүзушілер, парашюттік-десанттық даярлық, суасты инженерлік жұмыстары мен шағын көлемді кемелерді жүргізу жөніндегі мамандарды жыл бойы оқыту курстарынан өткізуге мүмкіндік береді. Ақтау гарнизонында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында әскери госпиталь тұрғызу жоспарлануда. 2003 жылы пайдалануға берілген Ақтау қаласы әуеайлағының әскери секторы инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. Нұрлан ОРМАНБЕТОВ, ҚР…
Рахат ауылы жарықтандырылып жатыр. Бұл туралы ауыл әкімі Өсербай Табыншаевқа сілтеме жасап Маңғыстаумедиа хабарлады. Әкімнің айтуынша, 45 мың тұрғыны бар ауылда 8 858 дана көше жарық бағанасы бар. Өсербай ТАБЫНШАЕВ, әкім: – Көше жарығы кез келген ауылдың бет-бейнесін көрсетеді. Өңірдің келбетін айшықтайтын көше шамдары жолаушыға жол көрсетіп, түнгі уақытта қауіпсіздігіне қорған болады. Осы орайда, «Жұлдыз» шағынауданының Шерқала көшесінде және Құланды тас жолында орналасқан көшенің жарық бағаналарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, замануи жарық диодты шамдар орнатылды. Рахат ауылындағы Т.Айдаров пен Ө.Балғымбаев даңғылының бойына жарық диодты бағаналар орнатылып жатыр. Ө.Балғымбаев даңғылында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ал Т.Айдаров даңғылындағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Жөндеу…
Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі осыдан 7 жыл бұрын жұмысын бастады. 2013 жылдың 11 қыркүйегінде ашылған білім ордасы өңірдегі дарынды балалардың академиялық және шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында құрылды. Соңғы жеті жылда 600-ден астам шәкірт тәмамдады. Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының оқу мен тәрбие, өнердегі және спорттағы жетістіктері білім ордасын аймақта көшбасшы оқу орындарының біріне айналдырды. Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі облыстағы жалпы білім беретін орта мектептерде оқытудың инновациялық үлгісін енгізу бойынша әдістемелік алаңға айналды. 2017 жылдың 1 қарашасында Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS Халықаралық мектептер Кеңесінің аккредитациясын ие болды.
ҚР Президентінің Жарлығымен Юрий Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты. Ильин Юрий 1968 жылы 9 сәуірде Ресейдің Куйбышев қаласында туған. Білімі жоғары, 1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін шынжыр табан және дөңгелекті машинаны пайдалану жөніндегі инженер, 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. «Құрмет» ордені және 8 мерейтой медалімен марапатталған. 2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Маңғыстауда әрқайсысының құны 12 миллион теңге тұратын 12 дәретхана салынбақ. Бұл мақсатқа бюджеттен 144 миллион теңге бөлінді. Жергілікті әкімдік туризмді дамытуға атсалысам дейтін кәсіпкерлерді іздеуде. Оларға тас жол бойынан этноауылдар, дәмханалар мен дәретханалар салу жұмыстары тапсырылмақ. Мәселен, Бозжыра мен Ақмыш ауылдарында туризм алаңдарын құру жоспарланып отыр. Өйткені, шетелден келгендер алдымен табиғатқа назар аударады. Одан бөлек, Маңғыстауда саяхат жасайтын жерлерде санитарлық-гигиеналық орындардың жағдайлары сын көтермейді. Төлеген ЕДІГЕЕВ, Маңғыстау облысы Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы басшысының орынбасары: – Бір дәретханаға он екі миллион теңге жұмсалады. Бұл – бюджеттен бөлінетін сома. Оны арзанға да салуға болады. Ал мұның ыстық және суық суы бар,…
