«Иманғали» орталық мешіті «Мектепке жол» акциясы аясында 50 шаңыраққа мектепке даярлық құралдарын табыстады. Бұған миллион жарым теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Ал облыс бойынша 235 отбасыға қайырымдылық жасалды. Өтініш бергендердің ішінде «Жусан» операциясымен елге қайтқан бүлдіршіндер де бар. Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ, Атырау облысының бас имамы: Жалпы, мешіттерге өтініш білдіріп, мектепке құралдар алып берсеңіздер деп өтініш білдіргендер көп. Сол өтініштер бойынша таратып жатырмыз. Жасап жатқан қайырымдылығымыздың тізімінде «Жусан» операциясымен келгендер бар. Сондай-ақ, көпбалалалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қамтылып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция барысында 2 млн теңгеге 40 жанұяға ұялы телефон табысталған. Қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Автор: Сайт әкімшілігі
Өңірде 5 ломбард, 4 микроқаржы ұйымы, 6 несие серіктестігі тіркелген. Облыс тұрғындарының оларда 4 миллиард 200 миллион теңгеден астам берешегі бар. Мамандардың айтуынша, қарыздың көбеюіне індет кезіндегі дағдарыс әсер еткен. Асыланбек ҚАБЕСОВ, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Атырау қаласындағы басқармасының басшысы: Негізі, дүние жүзінде болып жатқан індетке сәйкес жұмысссыздықтың белең алуы микрокредит алдыруға соқтырып тұр. Және де микроқаржылық ұйымдардың мемлекет тарапынан реттеуге алынуына осы өсімнің әсері болды. Пандемиядан кейін өңірдегі жұмыссыздардың саны 9 000-ға жеткен. Соңғы уақытта қаржыдан қысылғандардың қанжығасы микронесиемен уақытша майланып, қарызға батып жүргені де осыдан дейді маман.
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. – Жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмау өршиді. Биыл халықты вакцинациялау аса қажет. Өйткені коронавирус індеті кезінде тұмау да өршуі мүмкін. Сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады. Сондықтан биыл елімізде вакцинаны жылдағыдан екі апта бұрын бастадық. Қазақстан қауіпсіз, тиісті зертханалық сынақтардан және бақылаудан өткен сапалы вакцина сатып алғанын көрсету үшін өзім бірінші болып екпе салдырдым, – деді Алексей Цой. Биыл елімізде егу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді. Бірыңғай дестрибьютер халықтың 10 пайыздан астамын тегін вакцинациялау үшін Ресейде өндірілген «Гриппол+» вакцинасының…
Құрылғанына 7 жыл болған Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі БАҚ өкілдерін марапаттады. Баспасөз қызметкерлерімен өткен кездесуде мектеп медиа-клубының мүшелері өз өнерлерін көрсетіп, шағын концерт қойды. Марапаттау рәсімін журналистер күнінде, яғни маусымның 28-де өткізуді жосарлаған едік. Алайда сол уақытта карантиндік шектеулер кедергі болғандығы себепті бәрінің басын бүгін қосып отырмыз,- дейді мектеп директоры. Құралай АХМАДИЕВА, Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры: Журналистерді 28 маусымда құттықтай алмадық. Сондықтан оларды бүгін құттықтап, сыйлықтарымызды беріп отырмыз. Әрине, сіздер әрқашан қоғамға дұрыс ақпарат жібересіздер. Қоғаммен байланыста үнемі демеу беріп отырасыздар. Сіздердің кәсіптеріңзге тек қана өрлеу, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Өткен тәулікте Қазақстан бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 77 жағдайы және 7 өлім тіркелді. Оған қоса 30 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бері 29 658 адам ауырса, 328 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 853 жетті. Кеше Атырау облысында 11 науқас тіркелсе, Маңғыстау өңірінде ешқандай дерек анықталмады.
Непалда толассыз жауған нөсер жаңбырдың соңы лай көшкініне ұласып, салдарынан кемінде он екі адам қаза тапқан. Ал 21 адам іздестірілу үстінде. Табиғат апаты Барахбиске жерінде таңға жақын болған. Адамдардың көбі шырт ұйқыда жатқандықтан, қорғанып үлгермеген. Непалда маусым-қыркүйек аралығында болған лай көшкіні мен су тасқынынан барлығы 314 адам көз жұмған. Кем дегенде 111 тұрғын із-түзсіз жоғалып, 160 адам түрлі деңгейде жарақат алған.
Маңғыстау облысының Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау аудандарында ауыз су тапшылығы туындауы мүмкін. Өйткені, Жылыой ауданының аумағындағы Астрахань–Маңғыстау су құбыры жарылды. Бұл магистральды су ағызғысы кейбір елдімекендерге қиындық келтіруде. Маңғыстау облыстық «Қоғамдық коммуникация орталығы» жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ғана ауыз су беріледі дейді. Асқар ҚҰЛТУМИЕВ, «Магистральді су ағызғысы» ЖШС директорының орынбасары (Маңғыстау облысы): – 10 қыркүйек, 14:20 шамасында Астрахань – Маңғышлақ су ағызғысы бойының 467 шақырымында су кеткен. Қазіргі уақытта жылыой өңірінде апатты ауыздықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша көмекші ретінде «КазТрансОйл» акционерлік қоғамының мамандары жұмыс жасап жатыр. Қазір 30-дан аса маман мен 20 шақты техника жұмылдырылған. Бұл апаттың Құлсары мен Теңіз…
Атырауда жаза басқандар қашықтан білім алады. Оларға мұндай мүмкіндікті Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ұсынып отыр. Нақтырақ айтсақ, енді жазасын өтеушілер үш мамандық бойынша білімін жетілдіреді. Ағылшын тілі, кәсіпкерлік негіздері және психологиядан арнайы крустан өтеді. Негізі, бас бостандығынан айырылғандардың көп бөлігі – жоғары білімі барлар. Соған қарамастан, жаңалыққа бей-жай қарамай, өздерін жетілдіруге талпынып отыр. Қазір жобаның қалай жүргізілетіні талқыланып, ыңғайлы орын дайындалып жатыр. Нақтысы – сабақтардың онлайн түрде өтеіні. Ол үшін бейнесабақтар мен интерактивті тақталар дайын. Думан ТӘЖЕНОВ, УГ 157/9 мекемесінің бастығы: – Менің ойымша, мұнда алған білімдер бостандыққа шықққаннан кейін қажет болады. Бұл өте жақсы ұсыныс,…
Колумбияда полиция қызметкерлерінің озбырлығына қарсы ұйымдастырылған жаппай ереуіл тәртіпсіздікке ұласқан. Салдарынан 8 адам мерт болды. Билік өкілдерінің хабарлауынша, тағы 150-ге жуық адам жарақат алған. Олардың 100-і – полиция қызметкері. Қазір ел астанасында 70 адам қамауға алынды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, акция Богота, Медельин, Ибаге мен Перейра қаласында ұйымдастырылды. Айта кетейік, халықтың ашуға бой алдыруына 46 жастағы Хавьера Ордонезаның полицияның қолынан қаза табуы түрткі болды. Тәртіп сақшылары әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған Хавьераны тұтқындау кезінде бірнеше рет электр есеңгіреткішті қолданған. Кейін ол ауруханаға жеткізіліп, көп ұзамай көз жұмды. Колумбияның қорғаныс министрі Карлос Холмс Трухильоның айтуынша, үкімет пен құқық қорғушылар бұл іске қатысты тергеу жүргізіп…
Индерде жол жөндеу жұмыстары қарқын ала түсті. Тасжол аудан орталығымен қатар ауылдық округтердің көшелеріне де төселіп жатыр. 2 700-ге тарта халқы бар Көктоғай елдімекенінде автокөлік жолдарымен бірге жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Құрылысшылар басты назарды жұмыстың сапасына қойып отырмыз дейді. Ауылдағы Бейбітшілік, Атамбаев, Сейфуллин, Тәуелсіздік, Нысанбаев т.б. көшелерді қамтитын жолдың ұзындығы 13 шақырымға жуықтайды. Оның сыртында 4 шақырым жаяу жүргіншілер жолы тағы салынбақ. Қазынадан миллиардтап қаржы бөлінген жұмыстар мамырдың аяғында басталған. Салынған жолдың сапасына 2 жыл кепілдік берілмек, жалпы жұмыстар қарашаға дейін аяқталуы тиіс. Қанат ХАЙРОЛЛАҰЛЫ, мердігер мекеме өкілі: – Жалпы құны – 1 миллирад теңге. Соның күні бүгінге дейін 400 млн…
