Автор: Сайт әкімшілігі

«QNET» компаниясы қазақстандықтарға 160 млн. теңге шығын келтірген. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаржы пирамидаларына қатысты өткен онлайн брифинг барысында айтты. Санжар ӘДІЛОВ, ІІМ тергеу департаментінің бастығы: Компанияның бас кеңсесі Малайзияда орналасқан. Ол желілік маркетинг арқылы адамдардың әртүрлі ювелирлік заттарды сатып алуына негізделген. Қосылу үшін алғашқы жарна – 30 доллар. Қазіргі таңда 211 адамның арызы тіркелді. Ел бойынша 29 қылмыстық іс тергелуде. Жәбірленушілер саны 220 болса, оларға келтірілген материалдық шығын 160 млн. теңге. Бүгінде Малайзия Королдігіне халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды. Аталған іс бойынша қосымша хабарлаймыз. Санжар Әділов өзге де қаржы пирамидалары туралы айтып өтті. Оның мәліметінше, қаржы…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдап, оның биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Премьер-Министр сегіз айда қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 3,3%-ға, оның ішінде машина жасау 16,3%-ға,  көлік құрастыру 51,8%-ға, сондай-ақ фармацевтика 34,1%-ға, жеңіл өнеркәсіп 11%-ға, химия өнеркәсібі 3,1%-ға және дайын метал өнімдерін шығару 18,8%-ға өскенін мәлімдеді. 2020 жылы Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 996 млрд теңге болатын 206 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл өндіріс көлемін 1,3 трлн теңгеге, экспортты 325 млрд теңгеге арттыруға және 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Құрылыс көлемі 6,5%-ға, тұрғын үйді…

Read More

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында демеушілердің көмегімен ойын алаңдары жарықтандырылды. Ауылдың азаматтары Қ.Жұбайұлы мен Ардагерлер көшесіндегі ойын алаңдарына жарық қондырды. Бұл туралы Таушық ауылы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Бақтыбаев мәлім етті. Нұржан БАҚТЫБАЕВ, Таушық ауылының әкімі: Ауыл тұрғындарының өтінішін ескере отырып, Ардагерлер көшесіне жарық қондырылды. Сондай-ақ, осы көшедегі орналасқан ойын алаңы мен Қ.Жұбайұлы көшесіндегі балалар ойын алаңы мен ашық спорт алаңдарына жарық шамдары орнатылды. Бұл жұмыстар демеушілердің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, балалар ойын алаңдары жаңартылып, сырланды. Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта Таушық ауылының көшелері 100 пайыз жарықтандырылған.

Read More

Құлсарыда фермердің өліміне қатысы бар деген екінші күдікті ұсталды. Полицейлер 1967 жылғы жергілікті тұрғынды қолға түсірген. Қазір жедел-тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Еске салсақ, жоғалған азаматтың денесі Құлсарыдан 100 шақырым жердегі шұңқырдан табылған еді. Қылмысқа қатысы бар деген алғашқы күдіктіден 16 калибрлі атыс қаруы тәркіленді. Қазір қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Read More

Тұмауға қарсы вакцина егу басталды. Биыл облыстың 60 мың тұрғыны тегін екпе салдыра алады. Бүгінде облыстағы барлық емханаға «гриппол+» вакцинасы таратылған. Екпе кез келген медициналық мекемеге тіркелген тұрғындардың 10 пайызына бөлініп отыр. Мәселен, біз барған жекеменшік клиникаға былтыр 850 вакцина берілсе, биыл 2 000-ы бөлініпті. Бақытжамал ИМАНАЛИЕВА, жеке клиниканың медициналық директоры: – Медицина қызметкерлерінің 50 пайызына егіп тастадық. Былтырмен салыстырмалы түрде қарасақ, егу барысында жүкті әйелдер арасында бас тарту көп болды. Солардан басқасының бәрін түгел қамтыдық. Медицина қызметкерлерінің арасында да жақсы жүргізілді. Биыл да түсінік жұмыстары жалғасады. Екпе еккізуге келген әр пациентке алдымен ақхалаттылар түсіндірме жұмыстарын жүргізіеді. Олар қандай тағам…

Read More

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің жанынан тәлімгерлік мектебі құрылады. Оның аясында Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері университет оқытушылары мен студенттерінің көмегімен оқу ордасының өміріне атсалыса алады. Осы жолда қолға алынған бірінші кездесу еркін форматта ұйымдастырылды. Жиналғандар таза ауада серуендеп, өнерден де құр алақан емесін көрсетті. «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар ауылы жанындағы Жасөспірімдер үйінде қазір жиырмадан астам жеткіншек бар. Тәрбиеленушілердің тең жартысы — студент. Олар Атырау мен Алматыдағы колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алады. Жасөспірімдер үшін арнайы сабақтар да ұйымдастырылды. Қатысушылар кәсіби жаттықтырушы өткізген тренингте жан-жақты ойлаудың ережелерімен танысты. Айта кету керек, университет басшылығы Жасөспірімдер үйі мен отбасы үлгісіндегі Шаңырақ…

Read More

Кеше Баку қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы, BP Exploration (Caspian Sea) Limited, Equinor Apsheron AS және TOTAL E&P Absheron B.V. компаниялары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум Каспий өңірінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамаға (Caspian Environmental Protection Initiative — «CEPI») жол ашады. Бастаманың негізгі мақсаты ретінде қоршаған ортаны қорғауға және халықаралық мұнай компаниялары шоғырланған өңірде қолданылатын бірлескен зеттеулерге арналған алғашқы платформаны құру жарияланды. Оған қосылуға ниет білдірген компаниялар Каспий өңірінің экологиялық тұрақтылығына қауіп төндіретін климаттың өзгеруі мәселелерін шешуде күш біріктіреді, сондай-ақ қоршаған ортаға парник газдары мен зиянды заттардың шығарылуын алдын алу үшін бірлесіп белсенді…

Read More

Атырау қаласы аймағында жыл басынан бері жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан кетіп қалған 224 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Соңғы аптада қалада осындай 12 іс тіркеліп, оның 3-іне әкімшілік шаралар қолдынылған. 10 қыркүйек сағат 10:00 шамасында Вокзал маңында тұрған «Nissan Almera» маркалы көлік құралын белгісіз автокөлік соғып, оқиға орнынан жасырынған. Алайда полицейлер іздестіру барысында жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан кетіп қалған «Lada Largus» автокөлігін анықтады. Оның 1997 жылғы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлімімен хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды. Жол-көлік оқиғасын жасап орнынан кетіп қалғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару…

Read More

Бостандықта бос жүрмегендердің бірі Марат – жазасын аяқтай өтеуші. Жақсы тәртібі үшін өзіне берілген 7 жылдың үштен бір бөлігін ғана өтеген. Темір ұрлаймын деп темір тордың ар жағынан бір шыққан ол жасаған қылмысы үшін қатты өкінетінін айтады. Марат, жазасын аяқтай өтеуші: Дұрыс жолға түсуімізге мүмкіндік берді. Қазір құрылыс саласында жұмыстамын. Әке-шешемнің қасында жүріп, олардың ақыл-кеңесінен ауытқымауға тырысып жатырмын. Түрмеде өткен уақыт босқа кетті. Қайта баратын жер емес екенін ұғындым. Алдағы уақытта шаңырақ көтеріп, адал өмір сүргім келеді. Қазір Марат құрылысшы болып қызмет етеді. Еңбекке араласқаннан кейін өмір сүруге деген құлшынысы екі есе өскен. Марат секілді биыл бостандыққа шыққан 11 азамат…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында денсаулық сақтау саласына зор басымдық берілгені аян. Оған себеп – пандемия кезіндегі кемшіліктер мен шешімін күткен мәселелердің көп болуы. Сондықтан кежегесі кері тартқан саланы аяққа тік тұрғызу үшін Үкіметке 11 мәселені нақты шешуді атап көрсеткен болатын. Олардың қатарында «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасы бар. Осы мәселе Индердегі дәрігерлер тарапынан да зор қолдауға ие болуда. Оңай АРЫСТАНОВА, акушер-гинеколог: Біз үшін аудан дәрігерлеріне көп көмек деп есептеймін. Тағы бір қуантарлық жағдай – жасанды жүктілікке квота көбейту. 2010 жылдан бастап жылына 100 квота ғана бөлінетін. Оның әр облысқа бөлгенде Атырау облысына үшеуі тиеді…

Read More