Пандемия құрбандарының саны 1 млн-ға жуықтады. Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауда ұстау мүмкін болмай отырғанын мәлімдеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездескен ол халықты індетпен бірге күресуге шақырды. Баспасөз мәслихатында вакцина мәселесі де қозғалды. Көпшіліктің коронавирусқа қарсы екпеге үміт артып отырғанын атап өткен Гутерриш бір ғана вакцинаның бұл дағдарыстың шешімі бола алмайтынын да айтып қалды. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас экономисі Лоуренс Бун 2021 жылдың соңында коронавирус пандемиясының әлемдік экономикаға тигізер залалы 7 триллион долларға жететінін айтты.
Автор: Сайт әкімшілігі
Махамбет ауданынан 40 шақырым қашықтықтағы Қоржын көлінің тереңдігі 1 жарым метрді құрайды. Мұнда кәсіби балықшылықпен айналысуға рұқсат жоқ. Дегенмен 5 келіге дейін балық аулауға ешкім тыйым салмайды. Су айдыны балық үшін қауіпті саналады. Жайық суының деңгейі төмен түсіп кеткендігі себепті тасқынмен келген тіршілік иелері мекеніне кері орала алмауда. Бекен СҰПЫҒАЛИЕВ, Махамбет ауданы балық қорғау инспекциясы бөлімінің бас маманы: Биыл жаз мезгілінде 1 миллионнан көп уақ шабақ Жайық өзеніне жіберілді. Су бөлініп қалғаннан кейін көлдерде балық қалып қояды. Оқшауланып қойған балық үшін судың гидрохимиялық режимнің өзгеруіне байланысты қауіп болады. Шабақтарды құтқару жұмыстары алты тоғанда жүргізіліп жатыр. Карантинге дейін оған еріктілер де…
«Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында маңғыстаулық медицина қызметкерлеріне көмек көрсетілді. Нақтырақ айтқанда, өңірге 10 оттегі концентраторы және 40 пульсоксиметр жеткізілді. Сондай-ақ, облысқа «Shevrolet Damas» маркалы 4 жедел жәрдем көлігі берілді. Сәкен МЫРЗАҚҰЛОВ, Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: Біз аймақтағы медициналық мекемелерді қолдап жатқан барлық ұйымдар мен ел қамын ойлаған жандарға алғыс айтамыз. Карантиннің алғашқы кезінде біз қиындықтарға тап болдық. Қазір де екінші толқынға дайындалып жатырмыз. Біздің ынтымақтастығымыз өз жалғасын табатынына сенімдімін.
Жыл басынан бері Атырау қаласы аумағында патрульдік полиция қызметкерлері алкогольді ішімдік ішіп алып автокөлік басқарған 432 жүргізушіні ұстады. Оның 385-іне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталған. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен бұл жүргізушілер 15–20 тәулікке қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Қыркүйек айының алғашқы екі аптасының өзінде 30 мас жүргізуші ұсталды. Олардың 24-іне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша хаттама толтырылып, 15 тәулікке қамаққа алынды. Тексеру кезінде 6 азаматтың бұдан бұрын жүргізуші құқығынан айырылғаны анықталып, оларға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.
Грекия билігі босқындардың Лесбос аралындағы Мория лагерін өртеп жіберді деген күдікпен алты адамды ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Ұсталғандар — Ауғанстан азаматтары, екеуі кәмелеттік жасқа толмаған. Өрттен кейін олар құрлықтық Грекияға эвакуацияланды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Лесбостағы мигранттарға арналған жаңа лагерьдің құрылысын көру үшін Еуропалық Одақ төрағасы Шарль Мишель арнайы барды. Төраға Еуроодақтың Грекиядағы мигранттар проблемасын шешуге мүдделі екенін айтып, оны ортақ еуропалық проблема деп атады. Сейсенбі күні Лесбостағы ең ірі қала Митилиниде солшыл партиялар мен кәсіподақтардың ұйымдастыруымен демонстрация өткен. Шерушілер қоныс аударушылар Еуропа елдеріне тұрақтап, жаңа өмір бастауға мүмкіндік алуы тиіс деп санайды.
Биыл күзде Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жеті жүз жасты әскер қатарына шақыруды жоспарлап отыр. Осыған байланысты шақыруды жүргізу үшін Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары мен денсаулық сақтау басқармасы басшысының төрағалығымен әскерге шақыру және медициналық комиссиялар құрылды. Сонымен қатар, әскерге шақыру комиссиясы құрамына ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Қарулы Күштер, жергілікті соғыс ардагерлері және дін жүйесінің өкілдері кіреді. Әскерлерді дені сау және моральдық жағынан дайын жастармен толықтыру міндеті қойылды. Қазіргі уақытта Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскерге шақырылушылар мен Қарулы Күштерді тартуға қатысатын лауазымды адамдар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларына ерекше назар аударуда. Әскерге шақыру пункттерінің кіреберіс жерлерінде…
Республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мемлекеттік орган басшылары мен әкімдердің қызмет барысында ашықтығын көрсетуге мүмкіндік беретін акцияны бастады. Рейтинг қала мен ауылдық аймақтардың тұрғындарына сауалнама жүргізу арқылы жасақталады. Индер ауданында жыл басынан бері әлеуметтік инфрақұрылым бағытында біраз жұмыс атқарылды. Әлеуметтік нысандар мен саябақтар салынып, елдімекендер арасындағы және ауыл-аймақ ішіндегі тасжолдар жаңартылды. Аудан әкімі акция аясында өзінің жалақысын жариялады. Тамызға дейін айына 310 мың теңге алған ол қазір еңбекақысының екі есе өскенін айтады. Шенеуніктің қабылдауына жыл басынан бері 119 тұрғын жазылған. Олардың 105-іне кеңес беріліп, 14 тұрғынның сұрағы оң шешімін тапты. Мейірім ҚАЛАУИ, Индер ауданының әкімі: Жасыратыны жоқ, тұрғындардың жергілікті атқарушы органдарға…
Мамандар интернеттегі алаяқтықтың карантин кезеңінде етек алғанына көптеген дәлел келтіреді. Оған жұмыссыздықтың әсер еткенін айтады. Мысалы, маңғыстаулық Махаббат Нұржанқызы суреті мен телефон нөмірінің бейәдеп контентте жарияланғанын кездейсоқ білген. Арудың қандай қызмет көрсететін сұрап, қоңырау шалған бейтаныс жігіт оның жеке мәліметі желіде ашық көрсетілгенін айтыпты. Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ, жәбірленуші: Вконтакте әлеуметтік желісінде менің суреттерімді пайдаланған және абоненттік номерім жазылған бір аккаунт бар екенін бір кісі хабарлады. Содан кейін жеке суреттеріммен бірге ар-намысыма тиетін түрлі картиналардың қатар қойылғанын көрдім. Осыған орай полицияға барып арыз жаздым. Мен ол кісінің жауапкершілікке тартылуын талап етем. Заңгерлер азаматтардың цифрлық құқығына байланысты қолданылатын жаза мен айыппұлдың бар екенін…
Ақтаудағы 2 мектепке күрделі жөндеу жасалды. Бұл туралы Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Тулебаева мәлім етті. Светлана ТУЛЕБАЕВА, Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы: Атап айтсақ, 29-шағынауданда орналасқан №28 жалпы білім беретін орта мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Білім ошағы 2001 жылы қолданысқа берілген.Жөндеу жұмыстары аясында қабырғалары толығымен сырланып, еден төсеніштері жаңартылды. Мектептің қасбеттері жаңарды. Шатыр, баспалдақ ауыстырылды. 32 бейнекамера қойылды. Интернет желісі тартылып, инженерлік желілер жаңартылды. Сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 1 үлкен, 1 кіші футбол алаңына жасанды газонмен төселіп, 2 жүгіру жолы жаңа түрге енген. Баскетбол алаңы спорт жабдықтарымен толықтай жарақтандырылды. 44 интерактивті тақта, 2 компьютерлік кабинет, 1…
15 қазан күні жылыту маусымы басталады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осыған орай, қала әкімдігінің өкілдерінен, мемлекеттік және жекеменшік мекемелермен бірлесіп құрылған комиссия өз жұмысын жалғастырып жатыр. Жұмыс тобы үйлердің жылыту маусымына дайындығын және барлық пәтер иелерінің тұрғын үй заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізуде. Жұмыс тобы пәтер иелері кооперативіне ескертпелер беріп жатыр.
