«Атырау – адалдық алаңының» жобалық кеңсесі сауда орталықтарында параның зардабы туралы үндеу парақшаларын таратты. Еріктілер халыққа сыбайлас жемқорлықтың зардабы темір тордың арғы жағында өтелетінін түсіндіруге қанша тырысса да, назар аударған ешкім кездеспеді. Тұрғындар бір жапырақ қағазға мән бермеді де. Алайда ұйымдастырушылар бұл бастаманың мемлекеттік қызметшіге пара ұсыну жағдайларын төмендетуге түрткі болатынына сенімді. Дәурен ҚҰНДЫЗБАЙ, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері: Осы шара халыққа ықпал етіп, сыбайлас жемқорлықтың азаюына өз септігін тигізеді деп ойлаймыз. Пара алған жағдайда тек мемлекеттік қызметшілер емес, пара берген тұлға да жауапкершілікке тартылатыны жөнінде парақшалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырауда өндірістік кооператив басшылары мен балықшылар бір бағаға келісе алар емес. Әдетте күз келсе баға көтеріледі деп қуанатын олардың биыл жұмыс жасайтын құлшынысы жоқ. Өйткені, кооперативтер осыған дейін бір келісі 250 теңгеге бағаланған сазанды 150 теңгеге саудалап отыр. Ал балықшылар ол шыққан шығынымыз бен еңбегімізді өтемейді деп шағымдануда. 200-ге жуық балықшы кооперативтер бағаны көтермесе, жұмысқа шықпаймыз деп кесіп айтты. Осылайша, бірнеше күннен бері ереуілдеткен топтың ісіне жергілікті билік араласты. Дамбы ауылдық округінің әкімдігінде кездесу өткізіп, он шақты кәсіп иесімен мәселені шешуге тырысты. Жиын жабық есік түрінде өтіп, журналистер кіргізілмеді. Екі сағаттық кездесуде қанша шырылдаса да, балықшылардың талабы қанағаттандырылмады. Кооператив басшыларының…
Еуропалық ғарыш агенттігі астероидтың ықтимал қауіп-қатеріне төтеп беру жобасын қолға алды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. Оның құны – 130 миллион еуро. Агенттік «Гера» ғарыш аппаратын жасап шығаруды көздеп отыр. Бұл ретте еуропалықтар америкалық НАСА мамандарымен күш біріктірмек. Ортақ жоба 2 астероидтың қозғалыс траекториясын өзгертіп, олардың Жермен соқтығысуын болдырмауға бағытталған. Астероидтардың бірінің диаметрі – 160 метр. Өлшемі Гиза пирамидаларындай. Мұндай аспан денесі жермен соқтығысатын болса, бүкіл бір қаланы тып-типыл етуі мүмкін. Еуропалық ғарыш агенттігінің басшысы Рольф Денсингтің сөзінше, бұған дейін адамзат астероидтар пен өзге де жерге жақын қозғалатын нысандарға төтеп беруге қауқарсыз еді, енді қазір қажетті технологиялар арқылы қауіптің алдын…
Биылғы алғашқы алты айда елімізде мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің жалпы көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9 пайызға азайған. Яғни, өнім көлемі 10,2 млн. тоннаға жетті. Бұл туралы energyprom.kz сайты хабарлады. Өндірістің 86,1 пайызы қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейтін өңірлерден шығады. Тізім басындағы Атырау облысы былтырғымен салыстырғанда 2 пайызға аз, яғни 3,6 млн. тонна өнім шығарған. Павлодар облысы: 2,7 млн. тонна (өткен жылмен салыстырғанда, 13,8 пайыз аз), Шымкент: 2,5 млн. тонна (өткен жылмен салыстырғанда 15,4 пайызға аз). Мұнай отыны, дистилляттар мен газойл өндірісі қаңтар–тамыз аралығында 8,1 млн. тонна болып, өткен жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға қысқарған. Соның ішінде керосин шығару, мазут…
Атыраудағы карантиндік шектеулердің ұзартылуына байланысты пойызбен жүру мүмкін болмай тұр. Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Маңғыстау және Ақтөбе бағыттары бойынша теміржол қатынасы тоқтатылған еді. Дегенмен қалаға кіріп-шығу үшін әуе кемесі, жеңіл көліктер мен автобустарды пайдалануға болады. Жауаптылардың айтуынша, өңірдегі пойыз қозғалысы вирус жұқтырғандардың өсімі тоқтап, карантиндік шектеу алынған жағдайда ғана жанданады. Зульфия ҚАЙРЕДЕНОВА, Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы: Темір жол қозғалыстарын жандандыру коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеудің мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының кеңесіне сәйкес қабылданатын болады. Сонымен қатар, бұл мәселе Атырау облысындағы коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайына байланысты шешіледі.
Атырау облысындағы республикалық маңызы бар барлық жол 2024 жылға дейін ақылы болмақ. Бұл жөнінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасай отырып «Тенгриньюс» сайты хабарлады. Жүйені кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған. Бірінші болып, яғни, келесі жылы ақылы негізге Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы автожолы өтеді. Ал төрт жылдан кейін Атырау – Орал, Атырау – Доссор – Мақат – Қандыағаш – Ақтөбе және Атырау – Астрахан жолдарымен қатынау үшін ақша төлеуге тура келеді. Жалпы, «ҚазАвтоЖол» компаниясы басшысының айтуынша, төрт жылдан кейін еліміздегі барлық жолдың жартысына жуығы ақылы болады.
Ақтауда күзгі маусымда 320 ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Көшет отырғызылатын аумақтың жалпы көлемі – 960 метр. Жапырақты және қылқан жапырақты көшеттер егілмек. Ақтауда ағаш отырғызу қыркүйек айының ортасынан қарашаның ортасына дейін жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, алдағы уақытта 7 мың шаршы метр көгал егу де жоспарда тұр. Жалпы, Ақтауда 67 мыңға жуық ағаш бар. 2019 жылы қала аумағында 1 150 дана ағаш, 3 000 дана раушангүл, 12 000 дана бұта, 218 000 дана біржылдық гүл отырғызылды. Қалаға осы жылы тек 5 мың шаршы метр көгал егілді, орталық көшелерге біржылдық гүлдер мен раушангүлдер отырғызылды. Ғалымжан СЕРІКБАЕВ, «Қала жолдары» ЖШС басшысы: Шашырата суару…
Атырау облысында Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Қашаған кен орнының газын өңдейтін зауыт салынады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Қашаған газ өңдеу зауытының құрылыс жобасы шикі газды жағудың және кері айдаудың орнына оны қайта өңдеудің ұлттық бағдарламасы аясында іске асырылады. Жаңа зауыт жылына 1 млрд. текше метрге дейін газ өңдейтін болады. Сондай-ақ, бұл Қашаған кен орнында мұнай өндіруді 12 млн. тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Газ өңдеу зауытының құрылысын ҚР Үкіметі бекітіп, оған инвестор ретінде «GPC Investment» ЖШС компаниясы тартылған. Бұдан басқа жобаны іске асыру үшін жетекші отандық және шетелдік мамандар тартылады. Жобаны қаржыландыру инвестордың өз есебінен және қаржы институттарының қаражатын тарту есебінен…
Өткен тәулікте республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 263 жағдайы және 3 өлім тіркелді. Оған қоса, 72 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бері барлығы 30 337 адам ауру жұқтырып, 335 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандардың саны 26 478-ге жетті. Соңғы тәуліктің есебінше, Атырауда 7 науқас тіркелді. Ал Маңғыстауда әдеттегідей аурудың жаңа дерегі анықталмады.
Елдегі саяси алаңдағы жаңашылдық – праймеризді өткізу жұмыстары жер-жерде қарқынды жүргізіліп жатыр. Индерде әйелдер тарапынан ерекше белсенділік байқалады. Аудан бойынша қатысуға ниет білдірген 50 адамның 16-сы – қыз-келіншек. Ал жас ерекшелігіне келер болсақ, 35 жасқа дейін 13, 36-50 жас аралығында 19, 50 жастан жоғары 18 кандидат бар. Қоғамның әр саласынан шыққан үміткерлер әлеуметтік желі арқылы бағдарламасын ұсынып, көптің қолдауына ие болғысы келеді. Олардың атқарған жұмыстарына орай әр алуан пікір айтылса, енді бірі жерлестеріне сәттілік тілеп жатыр. 18 қыркүйекте аудандық мәдениет үйінде өтетін алғашқы пікір-сайыс кәсіпкер, дәрігер, колледж директоры және аудандық, облыстық мәслихат депутаттарының арасында өрбиді. Қай-қайсысы да болашақта түрлі деңгейдегі…
