Ақтауда Дүниежүзілік тазалық күнін атап өтті. Облыс бойынша тазалау жұмыстарына 1 250 ерікті қатысты. Оның ішінде 580 мемлекеттік қызметкер, 430 волонтёр және тағы басқалар. Жиналған қоқыс болса 115 тоннадан асып түсті. Оның ішінде шыны (15 тонна), пластик (42), резеңке (24), қағаз (27), сонымен қатар, 7 тонна металл өңдеуге жіберілді. Маңғыстау облысының экология департаменті мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Кіші оймашы» аумағын тазалауға шыққан тазалықшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етті. Дүйсен ҚҰСБЕКОВ, Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы: Біз тазалыққа бет алған миллиондаған адамдардың қатарындамыз. Осы акцияға қатыса отырып, өз қолымызбен өзгерістер жасай…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырау облысында күзгі әскерге шақыру басталды. Жоспар бойынша өңірден 640 жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ. Қазірдің өзінде 30-дан аса ер-азамат қарулы күштердің қатарын толықтырып үлгерген. Коронавирус қаупіне байланысты сарбаздардың саулығы алдын ала тексеріліп, әскери дайындықты бастамас бұрын екі апта карантинге жатқызылады. Олардың індеттен аман екеніне көз жеткен соң ғана сапқа тұруға рұқсат етіледі дейді маман. Айдос АМАНҒАЛИЕВ, қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысың орынбасары: Әскерге іріктеу жұмыстары азаматтың денсаулығына, дене дайындығына, психологиялық жағдайына байланысты өтеді. Сондай-ақ, алған біліміне қарай іріктеу жұмыстарын жүргіземіз. Күзгі әскери қызметке шақыру кезінде барлық талаптар қатаң сақталып, медициналық пост ұйымдастырылған. Жалпы, әскерге баратын азаматтар 3 күн…
Биыл облыстық бюджеттен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру үшін 776 миллион 850 мың теңге бөлінді. Қаражаттың тең жартысы «Идеал» сауда желісіне бір жылға серіктестікпен берілсе, қалған бөлігінің қайда жұмсалатыны алдағы уақытта белгілі болмақ. Сондай-ақ, сауда орындарын 605 тонна көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін шаруа қожалықтарымен келісім жасалған. Мейрамбек АУХАДИЕВ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: «Идеал» маркет серіктестігімен әлеуметтік маңызы бар тауаларды шекті бағадан төмен ұстау негізінде келісім-шарт жасақталған болатын. Бұл жұмыс «Идеал» ЖШС-ның облыстағы 36 сауда нүктесі арқылы жүзеге асып отыр. Бағаны негізсіз өсіру жіті қадағаланып отыр. Маманның айтуынша, қолға алынған жұмыстарға қарамастан құнын өсірген азық-түлік те жоқ…
Маңғыстауда дельтаплан құлап, ер адам қолын сындырды. Оқыс оқиға Қарақия ауданындағы Шопан ата жолында болған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ведомствоның хабарлауынша, Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты дағдарыс жағдайларының басқармасына моторсыз ұшатын аппараттың құлағаны жайлы хабарлама келіп түскен. Бекболат ӘБДІҚАДІРОВ, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары: Дельтаплан құлап, зардап шеккен 1988 жылғы азаматқа көмек көрсету үшін оқиға орнына құрамында 5 адам бар құтқарушылар тобы барды. Екі қолы сынған азамматтың өз күшімен әрекет етуі мүмкін болмаған. Сол жерде зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, альпинисттік жарақтардың көмегімен жардан түсіріліп, ауруханаға жеткізілді.
Енді әртістер фонограммамен ән айтатынын алдын ала ескертуі қажет. Мұндай ұсыныс Мәжіліс депутаттарының отырысында мәдениет мәселелері бойынша заңнамалық актілерді қайта қарау кезінде айтылды. Танымал әнші, Нұрмұхан Жантөрин атындағы атындағы облыстық филармонияның бас режиссеры Ақмарал Мәшімова жаңа заңды қабылдамас бұрын іс-шаралардың өткізілу орны мен техникалық жағдайды есепке алу керегін айтады. Оның сөзінше, кей концерттерде сыртқы факторлар мен техникалық кедергілердің кесірінен жанды дауыста ән айту қиындық туғызады. Ақмарал МӘШІМОВА, Атырау облыстық Н.Жантөрин атындағы филармонияның бас режиссері: Жұрт тойға шығатын әншілер қырып ақша табады деп ойлайды. Бірақ азға қанағат етіп жүрген филармонияның да әншілерін ұмытпаған жөн. Олар жасанды дауыспен ән айтпайды. Заң күшіне…
18 қыркүйекте бүкіл әлем Дүниежүзілік су мониторингі күнін атап өтеді. Атаулы дата осыған дейін қазан айында белгіленгенмен, мәртебесі халықаралық деңгейге ауысқан соң, тойланатын күні де өзгерді. Ол өзен-көлдері ерте қататын елдер үшін жасалған. Бұл күні адамдар әртүрлі қоймалардағы судың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау үшін сынама алады. Ал атыраулықтарға салсақ, су мәселесі бұрынғыдан да өзекті тақырыпқа айналған. Бұны жергілікті тұрғындарға жасаған сауалнама нәтижесінен аңғаруға болады. Мұнайлы өлкедегі ауыз судың сапасы көпшіліктің күмәніне күмән қосатын көрінеді. Коммуналдық қызметтегілер су сапасын зерттеуші сарапшылардың қорытындысын көлденең тартса да, қала тұрғындары орталықтандырылған ауызсудың ішуге жарамсыз екенін айтады. Қазіргі уақытта тұтынушылар үшін бөтелкедегі судан пайдалы өнім…
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері Жоғарғы Сотта болып, Жоғарғы Сот Төрағасымен және судьяларымен сот жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының ресми сайты хабарлады. Сенат депутаттары Жоғарғы Сот коммуникациялар орталығының қызметімен танысты, оның жұмысы соттардың халықпен кері байланысын жақсартуға, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі сыни жарияланымдарға жедел ден қоюға бағытталған. Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов сот жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Оның ішінде судьяларды іріктеу рәсімдерін, оларды бағалау және жауапкершілігін арттыру жүйесін жетілдіру туралы хабардар етті. Сондай-ақ, азаматтық сот ісін жүргізуді одан…
Атыраулық биснесмендер құжат дайындау барысында мемлекеттік органдар тарапынан пара дәмету жағдайына жиі жолығатын көрінеді. Осыған байланысты жыл басынан бері 10 қылмыстық іс анықталып, 10 мемлекеттік қызметші сотталған. Мұндай мәселелердің алдын алуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Prоtecting Business and Investments жобасы көмектеспек. Ол үшін кәсіп иесі департаментпен меморандумға қол қоюы керек. Айдос МАМЫТ, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі АОД басшысының бірінші орынбасары: Prоtecting Business and Investments жобасы аясында кәсіпкерлермен және мемлекеттік органдармен өткен жиналыста кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі және олардың мәселелерін шешуге қалай көмектесетініміз туралы сөз қозғадық. Агенттік қазір 18 инвестициялық жобаға қолдау көрсетеді.
Мұнайлыдағы Жастар орталығында коворкинг бөлмесі ашылды. Бұл туралы «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Руслан Қонысов хабарлады. Руслан ҚОНЫСОВ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры: Жастарға қолайлы жағдай жасау мақсатында коворкинг бөлмесі ашылып, компьютер, жиһаз, тоңазытқыш секілді техникалармен жабдықталды. Қазіргі таңда аудандағы жастар өзіне қолайлы қызметтерді орталықта алып, бос уақытын жастар үйінде өткізуге мүмкіндігі бар. Жастар орталығы аудандық және облыс деңгейінде мемлекеттік жастар саясатын асыруда 100% қызмет етуге қауқарлы. Мұнайлыда 14–29 жас аралығында 41 549 жас бар. Оның ішінде студеттер 3 625 болса, жұмыс істейтін жастар саны 23 248, жұмыссыз жастар 886, кәсіпкерлер 1 360, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар 1 268-ге жетіп…
Жаңаөзен қаласында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне келушілердің саны артты. Спортшылардың жалпы саны 38 732-ге жетті. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жаңабай Аймағанбетов мәлім етті. Оның айтуынша, ұлттық спорт түрін кеңінен насихаттау мақсатында 2021 жылы тоғыз құмалақ, садақ ату, жамбы ату, ат спорты және төбет иттер үйірмелерін қамтитын спорт мектебін ашу жоспарланып отыр. Жаңабай АЙМАҒАНБЕТОВ, Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы: Пандемияға байланысты наурыз айынан бастап барлық жарыс онлайн түрде өткізіліп келеді. Мысалы, «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай тоғызқұмалақтан онлайн жарыс өтті. Оған елуден аса қала тұрғыны қатысып, ұлттық спорт ойындарының одан әрі…
