Индердегі праймеризге қатысушылар аудандық мәдениет үйіне жиналды. Алдымен санитария талаптарына сәйкес, арнайы тексеріс өтті. Олар өздеріне берілген 5 минутта өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Келесі кезеңде үміткерлер бір-біріне өздерін толғандырған сауалдарды қойды. Әрқайсысы шама-шарқынша жауап беруге тырысты. Түрлі бағытты қамтыған сұрақтардың арасында жұмыссыз жастарды еңбекпен қамту, жаңа мамандықтарға бейімдеу, Жайық өзенінің жағдайы, сондай-ақ, елдегі індеттің екінші толқынына дайындық турасында мәселелер қамтылды. Индерлік үміткерлердің арасында дәрігер, кәсіпкер, мұғалім, түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары бар. Алда 9 пікірсайыс өткізу көзделген. Оған қалған 44 үміткер қатысып, сөз аламанына түспек.
Автор: Сайт әкімшілігі
100 тоннадан астам бекіресі қырылып қалған кәсіпкер Атырау облыстық әкімдігін сотқа берді. Өйткені, осыдан екі жыл бұрын балықтың жаппай өлуіне себепкер болған «Атырау су арнасы» осы күнге дейін шығынын өтемеген. Сот келтірілген залалды 1,5 млрд. теңгеге бағалап, алты айда қайтарылу керек деп үкім шығарған еді. Бірақ бүгінге дейін көк тиын да төленбепті. Самат АҚСАМБИЕВ, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС өкілі: «Атырау су арнасы» облыстық әкімдіктің құзырында болған соң, олар заңға сәйкес залалды өтеуге қатысуы керек. Өйткені, «Су арнасы» да, оның қызметкерлері де мұндай соманы төлей алмайды. Жауапкершіліктің бұл мекемеде ғана емес екенін білеміз. Сондықтан облыс әкімдігінің үстінен сотқа талап арыз бердік.…
Атырауда 25 қыркүйектен бастап теміржол қатынасы қайта жанданады. Онлайн билеттер сатылымға шықты. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіндегілер бұл ақпараттан бейхабар болса керек, күні кеше пойыздардың әзір жүрмейтінін хабарлаған еді. Бірақ бір аптадан кейін Атырау–Маңғышлақ, Атырау–Нұр-Сұлтан, ал 26 қыркүйектен бастап, Атырау–Алматы, Атырау–Ақтөбе бағытындағы жүрдек пойыздардың жолға шығатыны туралы ресми ақпарат тарады.
Атыраулықтар 15 қарашаға дейін өзі қалаған емханаға тіркеле алады. Ал медициналық мекеме тұрғындарға келесі жылдан бастап қызмет көрсетеді. Қалалықтарды тіркеу жұмыстары электрондық үкімет арқылы жүзеге асады. Бірақ тұрғылықты мекен-жайыңыз таңдалған емханадан алыс болса, үйге шақырту қызметіне жүгіне алмайсыз. Майра МҰСАҒАЛИЕВА, емхана қызметкері: Емханаға тіркелудің екі жүйесі бар: ЭЦҚ кілтіңіз болса, электрондық үкімет порталы арқылы және жеке санаттағы азаматтардың емханасында, ал егер қолыңызда ЭЦҚ кілтіңіз бола тұра, портал арқылы тіркелу қиынға соқса, біздің медтіркеушілеріміз көмектесе алады.
Алғаш рет KTZ Express компаниясы полипропиленді Түркіменбашы портынан Қытайдың Циндао қаласына Каспий теңізінің Ақтау порты арқылы жеткізді. Алғашқы 12 метрлік полипропилен контейнерлерінің 48-і теңіз арқылы Түркменбашы портынан Ақтау портына 24 сағат ішінде жеткізілді. Одан әрі жүк Қытайға жету үшін Қазақстанның шекара маңындағы Алтынкөл станциясына жөнелтілді. Пойыз 7 500 шақырым қашықтықты 10 күнде жүріп өтеді. Осы пилоттық жұмыс оң нәтиже берсе, полипропиленді теңіз көлігімен тұрақты жеткізуді жол ашып беру мүмкін. Жобаға қатысушылар бұл бағытты оңтайлы және экономикалық тиімді болатынын, сондай-ақ, Қазақстан мен Түрікменстан порттары арқылы өтетін жүк көлемін арттыруға серпін беретінін атап өтті.
Мақат ауданында праймеризге қатысуға 44 адам өтінім берген. Олардың 17-сі – әйелдер болса, 21-і – жастар. Үміткерлердің арасында білім, спорт, теміржол, мұнай, баспасөз саласының мамандары және көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен кәсіпкерлер бар. Аудандағы жария пікірсайыс қыркүйектің 15-і мен 17-сі аралығында өтті. Мінберде сөз сөйлеген әр қатысушы өзі туралы мағлұмат беріп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Қатысушылар өңірдегі ең өзекті және өткір мәселелерге тоқталып, оларды шешу жолдарын ұсынды. Бұдан соң қарсыластар бір-біріне сұрақ қойып, пікірталас тудырды. Сондай-ақ, тұрғындардың әлеуметтік желі арқылы келген сауалына жауап берілді. Үміткерлердің 38-і жария пікірсайысқа қатысуға ниет білдірген. Қай-қайсысы да Мақатта қауіпсіз әрі ыңғайлы өмір сүру үшін…
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 242 жағдайы және 2 өлім тіркелді. Оған қоса 55 адам емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады. 1 тамыздан бері ауырғандар 30 579-ға жетсе, 337 өлім жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, 26 533 науқас жазылып шыққан. Ал Атырау облысынан 3 адам анықталса, Маңғыстау аймағынан ешқандай жаңа дерек тіркелмеді.
Түпқараған аудандық сотында ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігімен Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап mangystaumedia.kz сайты хабарлады. Сотта анықталғандай, Ш. есімді азамат 2 тамыз күні Форт-Шевченко қаласында мас күйінде полиция қызметкерін балағаттап, олардың ар-намысына нұқсан келтірген. Сот үкімімен Ш. ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.
Праймериз кандидаттарының кезекті кездесуіне Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қатысты. Қатысушылар бағдарламаларымен таныстырып, шаhардағы өзекті деген мәселелерді көтерді. Үміткерлердің бірі ұзақ жылғы тәжірибесін алға тартса, енді бірі өз саласындағы кемшін тұстарды ортаға салды. Дегенмен олар жаңа леп әкелуден бұрын қолда бар бағдарламаларды тезірек жүзеге асыру керегін айтып шектелді. Ал депутаттыққа үміткерлердің жобасымен танысқан қала әкімі ішкі сайлауға жастардың белсенді атсалысып жатқанына ризалығын білдірді. Қайрат ОРАЗБАЕВ, Атырау қаласының әкімі: Қазіргі уақытта қала бойынша 135 кандидат тіркелген. Оның 51-і, яғни 38 пайызы жастар болғаны бізді қуантады. Бұл партияның жастарға көбірек сенім білдіріп, ісін көрсетуге жағдай жасап жатқанын білдіреді.
Мемлекеттік қызметкерлер келер жылдың шілдесінен бастап факторлы-балдық шкала бойынша жалақы алады. Бұл жүйе осыдан екі жыл бұрын пилоттық жоба ретінде Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау облысы әкімдіктерінде және Әділет министрлігі мен мемлекеттік қызмет Агенттігінде басталған еді. Еңбекақы мемлекеттік қызметкердің жұмысының көлемі мен қиындығына байланысты төленеді. Дәстүрлі жалақы төлеуден артықшылығы да осында. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында да жалақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу тапсырылған еді. Қазір Маңғыстау облысында 2 800-ге жуық мемлекеттік қызметкер бар. Соңғы екі жылда пилоттық жобамен 1 200 қызметкер жалақы алып келеді. Ал келер жылдың 1 шілдесінен бастап олардың қатары 1 500-ге артпақ. Нұргүл ЖАННАЗАРОВА, ҚР мемлекеттік қызмет істері департаментінің Маңғыстау…
