Праймериз кандидаттарының кезекті кездесуіне Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қатысты. Қатысушылар бағдарламаларымен таныстырып, шаhардағы өзекті деген мәселелерді көтерді.
Үміткерлердің бірі ұзақ жылғы тәжірибесін алға тартса, енді бірі өз саласындағы кемшін тұстарды ортаға салды. Дегенмен олар жаңа леп әкелуден бұрын қолда бар бағдарламаларды тезірек жүзеге асыру керегін айтып шектелді. Ал депутаттыққа үміткерлердің жобасымен танысқан қала әкімі ішкі сайлауға жастардың белсенді атсалысып жатқанына ризалығын білдірді.
Қайрат ОРАЗБАЕВ, Атырау қаласының әкімі:
Қазіргі уақытта қала бойынша 135 кандидат тіркелген. Оның 51-і, яғни 38 пайызы жастар болғаны бізді қуантады. Бұл партияның жастарға көбірек сенім білдіріп, ісін көрсетуге жағдай жасап жатқанын білдіреді.