Индер аудандық мәслихатының кезекті сессиясында жергілікті әкім өткен жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық даму жолында жасалған жұмыстарды қорытындылады. Әр салаға жеке-жеке тоқталып өткен аудан басшысы пандемиядан келген зардаптың орнын толтыру үшін алдағы уақытта атқарылуы тиіс қыруар шаруаның бар екенін жеткізді. Мейірім ҚАЛАУИ, Индер ауданының әкімі: Дерттің кесірінен өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс жасағанымен, өндірілген өнім көлемінің сатылуы былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеген. Күні бүгінге дейін аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 млрд. 281 млн теңгені, нақты көлемі индексі 96,0 пайызды көрсетіп отыр. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,6 пайызға төмен. Әкімнің айтуынша, тұрғын-үй құрылысы және инженерлік инфрақұрылым саласына өткен жылғы жеті айда құйылған…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырау теміржол вокзалы 5 ай үзілістен кейін жұмысын қайта жандандырды. Мұнда 12 билет кассасы іске қосылып, 26 техникалық маман қалыпты қызметіне кірісті. Сондай-ақ, мекеме басшылығы келушілердің маскамен кіруін қадағалап, күн сайын дезинфекция жұмыстарын жүргізуге міндеттелген. Ал ғимарат ішінде орналасқан асхана, дәріхана және басқа да сауда орындары алдағы аптадан бастап ашылады. Қазір соңғы дайындықтар пысықтауда. Майра ӘБІЛОВА, Атырау вокзалы басшысының орынбасары: Вокзалға жолаушылардың бетпердесіз кіруіне болмайды. Санитарлық режим сақталу керек. Сол себепті, кірерде температура тексеріледі. Билет алушылар кассаға еркін өткізіледі. Вокзал тәулігіне екі мәрте дезификциядан өтеді. Жергілікті тұрғындар Атырау–Ақтөбе, Атырау–Алматы, Атырау–Маңғышылақ және Атырау–Нұр-Сұлтан бағыттарына ертеңнен бастап сапарлай алатынын естеріңізге саламыз. Әзірге…
19 шілде күні ақтаулық 15-ке енді толған жасөспірім мас күйінде көлік жүргізіп, өзіне ескерту жасаған 58 жастағы әйелді 3 мәрте басып өткен. Оқиға салдарынан жәбірленушінің қабырғасы сынып, өкпесіне су жиналған және аяғының сіңірі үзілген. Ал оның қызы Джульетта 2 ай бұрынғы оқиғаға кінәлілер әлі күнге дейін жауапқа тартылмады дейді. Джульетта ДЖАМИЕВА, жәбірленушінің қызы: Тергеуде екеуінің сөзге келіспей қалғанын білдік. Түсінемін, кикілжің болған шығар. Бірақ сол үшін неге менің анамды көлікпен таптауы керек? Ол жазасыз қалмауы тиіс. Бұл жерде автомобиль иесінің де кінәсі бар. Екеуінің де заң аясында жауапкершілікке тартылуын және моральдық әрі материалдық шығындарды өтеуін талап етеміз. Егер мас күйінде көлік…
Өткен тәулікте республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 228 жағдайы және 1 өлім тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады. 1 тамыздан ауырғандар 31 760 болса, 346 өлім жағдайы тіркелген. Ал жазылып шыққандардың саны 26805 жетті. Соңғы тәуліктің есебі бойынша, Атырау облысында 8 адам дерт жұқтырса, Маңғыстауда ешқандай дерек тіркелмеді.
Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов қоғам белсенділері және жауапты сала мамандарымен бірге Атырау қаласындағы Жайық өзені жағалауын абаттандыру жұмысымен танысты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Жағалауды абаттандыру жұмыстары «НКОК» компаниясының қаржыландыруымен Бейбарыс көпірінен Жастар саябағына дейін жүргізілуде. Қаланың еуропа бөлігіндегі 7,86 гектар аумақты қамтыған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүретін аумақтың жалпы ұзындығы – 1 861 метр. Қазіргі уақытта жағалаудың жаңа учаскесінде Атырау қаласының көркем символдары, «Шаңырақ» архитектуралық үлгіде жасақталған аумақ, балаларға арналған және денешынықтыру, жүгіру, демалыс алаңдары, орындықтар мен күркелер орналастырылған. Пирс пен жағажай аумағы да абаттандырылады деп күтілуде. Жағалаудағы монтаж бен абаттандыру жұмыстарына қатысты бірқатар сын айтқан облыс басшысы жұмыстың…
20 қыркүйек күні Атыраудағы ерлерге арналған түзету калониясына дуалдың сыртқы бетінен сәлемдеме келіп түсті. Оның ішінде 4 смартфон, роутер және қуаттағыш құралдар болған. Ал қарауылдың көзіне түсіп қалған заңсыз пошташылар сол жерде ізін суытып үлгергенмен, көп ұзамай Береке ықшамауданы маңынан ұсталыпты. Марал ДҮЙСЕНБАЕВ, УГ-157/9 мекемесінің жедел бөлімінің аға жедел уәкілі: Патрульдік қызметкерлер беймәлім көлікте 23 жастағы қала тұрғыны болғанын анықтады. Құқықбұзушы қалалық полиция бөліміне жеткізіліп, тергеу барысында кінәсін толық мойындады. Оған 481-бапта көрсетілген қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру әрекеті бойынша айып тағылып, іс сотқа жолданды. Тәртіп сақшысы жазаның жеткізушіге ғана…
Пандемияның ізімен келген түрлі қиындық көпбалалы отбасылар үшін оңай соқпай отырғаны белгілі. Әсіресе, университеттерде оқитын шәкірттерге жылдық оқу ақысын төлеу ауыр тиді. Дегенмен студенттік өмірі экран алдында басталған Мейірхан – тегін білім алу мүмкіндігіне ие болған аудандағы үш жастың бірі. Өйткені, оған өзі оқитын оқу ордасының ректоры тағайындаған грант бұйырып отыр. Мейірхан ҚҰЛЖАНОВ, студент: Атыраудағы Сафи Өтебаев атындағы мұнай-газ университетіне ақылы бөліміне оқуға түстім. Осыған орай, арнайы ректордың грантын тағайындаған университеттің ректоратына, жергілікті әкімдікке алғысымды білдіремін. Мұнайлы мекен саналмаса да, жерасты байлығымен талайға танымал болған Дендердің түлегі қара алтынның қазанында қыз-қыз қайнауға бүгіннен бастап бекініп-ақ отыр.
Биыл атыраулықтар Смағұлов пен Құрманғазы алаңдарында күн суытқанша серуендеп үлгермеуі мүмкін. Себебі, бюджеттен бөлінген қаражатты үнемдеу мақсатында дайын тұрған жобалық сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты құрылыста кідіріс болған. Расында, алаңдардың қазіргі күйіне қарасақ, биыл бітетін түр байқалмайды. Алайда әкімдіктегі ағайындар абаттандыру жұмыстарын аяқтауды жыл соңына дейін жоспарлап қойған көрінеді. Бұдан бөлек, «Вокзал маңындағы» Мұқашев алаңында да қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Әкімдіктегілердің сөзіне сенсек, қала тұрғындары мен қонақтары бұл жерде қараша айынан бастап демала алады.
Атыраудағы кәсіпкерлікке байланысты ең өзекті мәселелер zoom-конференциясы арқылы талқыланды. Республика көлемінде ұйымдастырылған кездесуде Өңірлік кеңес мүшелері облыстағы қолға алынуы керек шаралардың бірқатарына тоқталды. Соның ішінде «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағындағы қызметтердің басым бағыттарына көңіл бөлінді. Ғибрат СӘРСЕНОВ, Атырау облысы Өңірлік кеңесінің мүшесі: Қазіргі таңда Арнайы экономикалық аймақ аумағында 15 қатысушы тіркелген. Соның ішіндегі «Полимер Продакшн» ЖШС-нің жобасы ғана толық игерілсе, 4 жоба – іске асырылу кезеңінде. Қалғандары табанды жобаларға тікелей тәуелді. Осыған дейін арнайы экономикалық аймаққа машина жасау мен сервистік қызмет көрсететін компанияларды қосу туралы мәселе көтерілген. Алайда бұл бастама Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Энергетика министрлігінен…
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымның жергілікті өкілдері марапатталды. Облыстық әкімдікте өткен салтанатты рәсім өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетовтың алғы сөзімен басталды. Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі: Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық қатынастарды үйлесімді етуге құрылған болатын. Қазақстандықтардың этникалық, әлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан халық даналығы бірліктің қалыптасуына үлкен бастама болды. Іс-шара барысында Ассамблеяның аяққа тұруына атсалысқан ардагерлерге, этно-мәдени бірлестіктердің басшыларына және қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласқан азаматтарға 18 медаль табысталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы осыдан 25 жыл бұрын азаматтық және мемлекеттік институттардың өзара байланысу тиімділігін арттыру мақсатында құрылған еді. Оның құрамына Қазақстанда тұратын барлық этникалық топтардың өкілдері кіреді. Қазіргі уақытта Атырау облысында 20…
