Жаңаөзен қаласындағы жетпіс жеті пәтердің жетпіс жеті иесі әкімдік қызметкерлерінен оңбай алданғанын айтады. Көп уақыттан бері қалқиып тұрған қос үйдің 2017 жылы апатты жағдайда екені анықталған соң, жергілікті әкімдік тұрғындарға басқа үй ұсынған. Дегенмен жаңа баспанаға кірген отбасылардың қуанышы көп ұзамай су сепкендей басылған көрінеді. Себебі, атқамінерлердің 3 жылдан соң жекешелендіруге болады деген сөзі өтірікке айналған. Қолға тиген құжаттарда пәтерлерді өмір бойы жалдамалы мақсатта ғана пайдалануға болатыны жазылыпты. Бұл «Өз үйім – өлең-төсегім» деп отырғандарға үлкен соққы болды. Тоқтагүл ИСАНТҰРДИЕВА, Жаңаөзен қаласының тұрғыны: Апаттық үйлерден шығарып, тозығы жеткен үйлерге көшірді. Әкімдік 3 жылдан кейін өз атымызға жазылатынын айтты. Басқаша айтса,…
Автор: Сайт әкімшілігі
Әлемді аласапыран күйге түсірген індетті жұқтырған Индер ауданындағы алғашқы науқас 6 мамырда тіркелгенмен, маусым мен шілде айларында жағдай күрделене түсті. Сырқаттанғандардың арасында медицина қызметкерлері де бар. Өкінішке орай, дерттің салдарынан 16 адам ауруханада көз жұмса, 10 адам үйінде қайтыс болған. Оның біреуі – медицина қызметкері. Дегенмен алғашқы кезеңнен алған сабақ екінші толқынды жеңіл өткеруге сеп болады дейді дәрігерлер. Анар ДОСПАЕВА, аудандық аурухананың бас дәрігері: Индер аудандық ауруханасының дайындық іс-шаралар жоспары жасақталып, барлық мәселе күн тәртібіне қойылып отыр. Бүгінгі күнде орталық ауруханада 64 кереует орналастырылды. Жағдай ушығып жатса, 80 кереуетке дейін жеткізу жоспарда бар. Сонымен қатар, емханадағы күндізгі кереуеттерді қажетті провизорлық…
Бір ай бұрын қазақстандықтар үшін салықты үйде жатып-ақ төлеуге болатын мүмкіндік пайда болды. Қазір төлем жасаушылар e-salyq қосымшасы арқылы онлайн қызметті пайдаланады. Алайда жаңа технологияға күмәнмен қарап, орталыққа аяқтай баруды жөн санайтындар азаймай тұр. Ал мамандар мұның ресми қосымша екенін және аударған ақшаның міндетті түрде түсетінін айтады. Әлия БАЙТЕМІРОВА, Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы бойынша бас маманы: Салық төлеу үшін аяқтай келудің қажеті жоқ. Егер сіз нақты сомасы мен салық кодын білсеңіз, Қазпошта немесе екінші деңгейлі банктерден төлеуіңізге болады. Кешіктірілген жағдайда аз ғана өсім қосылады. Мүлік пен жерге төлеу мерзімі 1 қазанға дейін болса, көлік салығын 31 желтоқсанға…
1 жыл бұрын жан жарын жер қойнына тапсырған ІІІ топ мүгедегі Қанат Иманғазиев 3 баласын өзінің жәрдемақысымен асырап отыр. Бірақ басындағы мәселе мұнымен бітпейді. Жақында ол құжатсыз үйде 22 жылдан бері тұрып келе жатқанын айтып «Харекет» қайырымдылық қорынан көмек сұраған еді. Көп ұзамай баспананың кілті қолына тиді. Қордың атынан облыстағы он төртінші үйді иеленген Қанат ағамыз жуырда 3 бөлмелі жер үйге қоныс аударады. Енді ол балаларының заңды шаңырақ астында шаттыққа кенеліп, емін-еркін өсетініне қуанышты. «Харекет» қоры екі жарым жылдың ішінде халықтан жиналатын қаражатпен республика бойынша әртүрлі жағдайдағы мұқтаж жандарды 296 пәтермен қамтамасыз еткен.
Түскі уақытта Тұрғындар қалашығы мен Авангардты жалғайтын көпірдегі көлік қозғалысы кенеттен тоқтатылды. Себеп – жол апаты. Төңкерілген трактор мен тұмсығы бұзылған «ВАЗ-2114» автокөлігіне қарап жан шошынады. Дегенмен адам басы дін-аман. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл машинада ересек екі адамнан бөлек, балиғатқа толмаған бала да болған көрінеді. Ал тракторшы кабинада жалғыз отырған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын тексерумен айналысып жатыр.
Маңғыстау облысындағы теңіз жаяу әскері бригадасының танкшілері «Оймашы» полигонында жауынгерлік шеберліктерін шыңдады. 30-дан астам теміртабанды техника қатысқан дайындықтың басты мақсаты – әр сарбаздың кәсіби деңгейін арттырып, әр танктің әлеуетін байқау. Алғашқы жаттығуда экипаж мүшелері жүріп келе жатып әртүрлі қашықтықтағы нысананы дәл көздеді. Жеке құрам қатысатын осындай дайындықтар дәстүрлі түрде жылына екі рет өткізіліп тұрады. Ол танкшілердің жоғары деңгейін ұстап тұру үшін қажет. Әлихан БӨРІБАЕВ, сержант: Атыс қорытындысы бойынша құрам үздік нәтиже көрсетті. Экипаждар барлық тиісті нормативтерді сақтап, сапалы әрі жылдам орындап, нысананың көзін жойды. Теңіз жаяу әскері бригадасының танкшілері ҚР Қарулы Күштерінің қатарында халықаралық әскери сайыстарға жиі қатысып тұрады. Осыған…
Пандемия қаһарына мінген тұста атқарылатын шаралар мен атаулы күндердің жиын-тойсыз өте шыққаны көпке мәлім. Соның бірі – мектеп табалдырығынан түлеп ұшқан шәкірттердің жыл сайынғы дәстүрлі басқосуы. Қосшағыл селосындағы он бір жылдық білім ордасын 20 жыл бұрын аяқтаған қыз-жігіттер кездескен қиындыққа қарамастан айтулы датаны игі мақсатта өткізуді қолға алыпты. Олар туған ауылындағы сиқы кеткен саябақты жаңа түрге енгізіп, тал-терекке екінші өмір сыйлаған. Туған жер үшін талмай еңбек етудің үлгісін қосшағылдық түлектер көрсетіп берді. Енді бұл саябақ ертеңгі ұрпақтың серуен құрып, жайбарақат демалуы үшін таптырмас орынға айналмақ.
Карантин шаралары жұмсартылғалы бері жұмысы жанданған орындардың бірі – жүзу орталығы. Қазір ұзаққа созылған демалыстан соң жергілікті спортшылар бассейнде бабын келістіріп жатыр. Паражүзушілердің жаттықтырушысы Нұрлан Жұмағазиев алдағы уақытта болатын додаларға дайындалуды бүгіннен бастағанын айтады. Нұрлан ЖҰМАҒАЗИЕВ, жаттықтырушы: Қыркүйек айынан бастап бассейн ашылғалы күніне екі рет дайындық жасау үстіндеміз. Жақын арада Германияда өтетін әлем кубогына барып қаламыз деген ойдамыз. Германиядағы әлем кубогы жолындағы дайындыққа халықаралық дәрежедегі паражүзуші Ержан Сәлімгереев те кірісіп кетті. Дегенмен қазан айында өтетін сайысқа спортшының қатысу-қатыспауы әлі белгісіз. Елдегі елең-алаң жағдай толық реттелгенше өзімді шыңдау үстінде боламын дейді спортшы. Ержан СӘЛІМГЕРЕЕВ, параспортшы: Алдағы уақытта өтуі тиіс әлем кубогі…
Тәуелсіздікпен қатар түлеген «Атырау» телеарнасы 30 жылдық мерейтойын тікелей эфирде атап өтті. Телевизия саласына тері сіңген ардагер журналистер хабарға қонақ болып, елеулі естеліктерімен бөліссе, арнаның бұрынғы қызметкерлері видеоүндеу жолдап, әріптестерін атаулы күнмен құттықтады. Осыдан 30 жыл бұрын 23 қыркүйекте тұсауы кесілген телеарнаны басқарған талай басшы айрандай ұйыған ұжымда өзіндік із қалдыруға тырысты. Бірі жаңалықтар бөлімін жаңғыртса, екіншісі сұранысқа сай әлеуметтік желі мен сайттардың дамуына үлес қосты. Сондай-ақ, кенжелеп қалған радионы жандандыру мақсатында жаңа үлгідегі студия ашқан азаматтар да бар. Қазіргі басшы тақырыптық бағдарламаларды тың идеямен жарыққа шығаруды мақсат етеді. Ол туралы тікелей эфирден кейін ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференцияда айтылды.
«Нұр-Отан» партиясының Исатай аудандық филиалы партияішілік сайлау аясында жария пікірсайыс өткізді. Аудандық мәдениет үйінде өткен дебатқа қатысқан бес үміткер өздерін таныстырып, сайлауалды жоспарларымен бөлісті. Жалпы, «Нұр-Отан» партиясының Исатай аудандық филиалынан кадрлық резервке жиырма тоғыз үміткер тіркелген. Екі кезеңнен тұратын дебатта бой көрсеткен үміткерлердің бірі – шетелде білім алып жүрген Ақерке Жиенғазиева. Ол ауыл жастарын әлем тілдерін меңгеруге шақырып қана қоймай, шекара сыртында қандай білім алуға болатынын насихаттамақ. Екінші кезеңде үміткерлер өзара сұрақ-жауап алмасып, бағдарламадағы жұмыстарды қалай атқаратыны жөнінде баяндады.
