Салыққа байланысты сұрақтарды енді call-орталықтан біле аласыз. Ол үшін 1414 бірыңғай нөмірі арқылы төртінші тетікті бассаңыз, облыстық кірістер департаментінің мамандарына өтіп, қажетті ақпаратты алатын мүмкіндік бар. Мамандардың айтуынша, жүйе тұрғындар мен мемлекеттік қызметкер арасындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға әрі мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға көмектеседі. Қазір call-орталықта жұмыс істейтін 3 маман 5 күн ішінде орташа есеппен 200 қоңырау қабылдайды. Одан бөлек, демалыссыз жұмыс істейтін телеграм, инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілерінде ресми парақшалар іске қосылған. Мұндай жаңашылдық департаментке аяқтай келушілердің санын бірнеше есеге азайтқан.
Автор: Сайт әкімшілігі
«Finprom» порталының мәліметтері бойынша, өңірлердің сыбайлас жемқорлық рейтингінде 56 жағдаймен Атырау облысы 8-ші орынға тұрақтаған. Алғашқы үштіктен көрінген өткен жылғы нәтижеге қарағанда биылғы көрініс жаман емес. Сегіз айдың есебінше, Батыс Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары жемқор аймақтардың көш басында тұр. Жалпы, республика көлемінде қыркүйекке дейін 1 жарым мыңнан аса сыбайлас жемқорлыққа қатысты дерек тіркелген. Бұл былтырғымен салыстырғанда 12,6 пайызға кем. Құқықбұзушылықтың басым бөлігі шенеуніктердің пара алуымен байланысты болған. Оның үстіне, сыбайласудың осы түрі 10 процентке артқан.
Облыстың медициналық орталықтарына гуманитарлық көмек әлі де таратылып жатыр. Бұл жолы «Еуразиялық банктің» директорлар кеңесі ұжым атынан «Геолог» емханасына әрқайсысының құны 1 жарым миллион тұратын 100 концентратордың үшеуін табыстады. Қазбек УЗЫКАНОВ, «Еуразиялық банк» АҚ АОФ директоры Аталған қайырымдылық акциясын «Еуразиялық банк» директорлар кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Шухрат Ибрагимов ұйымдастырды. Республика бойынша 100 шақты концентратор алынды. Қайырымдылық шараға банктің барлық қызметкері шынайы ниетпен де атсалысты. Алынған медициналық препараттардың қатарында бетперделер, бірреттік қорғаныш киімдері сияқты көптеген бұйым бар. Дәрігерлердің айтуынша, қай-қайсысы да емханаларға ең қажетті боп саналады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, банктің барлық қызметкері атсалысқан шара алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Атыраудағы №20 Пушкин атындағы орта мектепке жарылғыш зат қойылған. Осындай хабарды естіген төтенше жағдай қызметкерлері таңертеңгі сағат 10 -да оқу орнына лезде жетті. Куәгерлердің сөзінше, мамандар ғимаратты бір жарым сағаттай тексергенмен, қауіпті зат табылмаған. Есесіне, жалған ақпарат таратушы адам ұсталыпты. Қазір білім ордасының кезекші сыныбында 20 ұстаздың алдында 124 оқушы дәріс алып жатыр. Мектеп қызметкерлері олардың барлығы тысқа шығарылып, қауіпсіз аймаққа орналастырылғанын айтты.
Терроризмді насихаттағаны үшін атыраулық тұрғын 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Қарулы жиһадты құп көретін 32 жасар азамат мамыр айында есірткі заттарын сақтағаны және сатқаны үшін қолға түскен еді. Енді сот оны ҚР ҚК екі бабы бойынша кінәлі деп танып, абақтыға қамау туралы шешім шығарды. Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы: Бірақ бұл оған тағылған жалғыз айып емес. Тергеу дерегіне сүйенсек, ер адам ДАИШ тобының содырларына қосылуды жоспарлап, бірнеше рет таныстарымен терроризмді насихаттаумен айналысқан.
Маңғыстауда Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас сарбаз оқыстан басын жаралап алды. Әскери дайындыққа кедергі болған түйелерді қуамын деп жүріп жазым бола жаздаған жігіт бұл жағдайға сүрініп кеткенін себеп қылады. Қазіргі уақытта істің мән-жайын тексеру үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті. Абайсызда атылған оқ оқиғасынан бері 4 күн өтсе де, жауабы шешілген жұмбақ байқалмайды. Дегенмен дәрігерлер сарбаздың өміріне қауіп жоқ екенін айтады. Гельман ЧАГАЙ, Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі Біз ми мен бас сүйегін толықтай тексерістен өткіздік. Сәтіне қарай, ешқандай зақым келмеген. Тек, бас сүйегінің сыртқы терісін оқ сырып өткендіктен, жеңіл-желпі ем қабылдауы керек. Жалпы жағдайы бірқалыпты. Қазіргі сәтте…
Әлемге әйгілі жиһанкез Нури Фунас Атырауға табан тіреді. Ливиялық саяхатшының баспаған тауы, бармаған жері жоқтың қасы. Ол соңғы сапарында Жапониядан Қазақстанға дейінгі аралықты 3 жыл бойы жүріп өткен. Мамыр айында Ресейдің солтүстігіне жетем деген жолаушының жоспарына пандемия кезеңінде шекаралардың жабылуы кедергі болыпты. Уақытын бос өткізбеуді ойлаған Нури жаяу жүріп біздің байтақ даламызбен танысуға бел буған екен. Нури ФУНАС, жиһанкез Қазақстандағы сапарымда маған әрдайым жылы жүзді адамдар жолықты. Солар тамаша жерлерді көруіме сеп болып, бағытым үнемі өзгеріп отырды. Ойлаған жеріме жетуіме көмектесіп қана қоймай, қажет нәрселермен қамтамасыз еткеніне дән ризамын. Тіпті қазақтар берген тамақтың әсерінен толықсып кеттім десем де болады. Нури…
Жаңа туған тірі сәбиді өлілер санатында тоңазытқышқа салды деп айыпталған дәрігердің соты әлі жалғасуда. Бұл жолғы отырыс күдікті мен медициналық сараптама жасаған маманның арасында өтті. Төлеген Көлшіков шығарған қорытынды бойынша нәрестенің өмірге келгенде өлі болмағаны анықталған. Ал перинаталдық орталықтың бұрынғы басшысы Қуаныш Нысанбаев оралдық эксперттің мәйітке медициналық құжаттарсыз зерттеу жүргізгеніне наразы. Сарапшының өзі де мүрдені Оралға жеткізген тергеушіде ешқандай құжат болмағанын растады. Сол себепті, ол «басшылықтың тапсырмасы» деген желеумен өлім себебін анықтауға берілетін ресми қағаздарсыз-ақ өзінше зерттеу жасаған. Қалай десек те, сәбидің дүниеге келуі мен өлуін және оның ауру тарихымен таныспай жатып қорытынды шығарған сарапшының іс-әрекетін сотталушы тарап түсіне алмады.…
Жаңаөзен қаласында шектеулерге қарамастан үйлену тойын өткізген мейрамхананың иесіне 500 мың теңге айыппұл салынатын болды. Мониторингтік топ мүшелерін ерте байқап қалған сарай иесі есіктерді құлыптап, ішке кіргізбей қойған. Ал бұл уақытта сырнайлатқан салтанат одан әрі жалғасып жатқан көрінеді. Осы тоймен қатар, дәл сол күні қаланың екінші шетіндегі мейрамханадан да шат-шадыман адамдар көзге түскен. Жетпіске жуық қонақ жиналған жерде санитария талаптары мүлде сақталмай, саулыққа қатер төніпті. Байрам ІЛИЯСОВ, учаскелік полиция инспекторы Біз мейрамхана иелерінің шектеу шараларын елемеуінің барлық тиісті фактілерін жинадық. Енді құжаттар тиісті органдардың тексеруіне жіберіледі. Бұдан әрі тәртіп бұзушылар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабына сәйкес жазалануы мүмкін.
Доссорлық Эльмира Мусина – гипстен мүсін құйып, нәпақасын тауып отырған қолөнерші. Ерекше кәсіп түрімен екі жылдан бері айналысатын шебер түрлі кәдесыйлар мен ақша жинауға арналған қобдиша жасайды. Туысынан үйренген өнер интернет арқылы үнемі пысықталып отырғанның арқасында отбасылық кәсіпке айналып үлгерген. Эльмира МУСИНА, қолөнерші: Көпбалалы анамын – жеті балам бар. Отбасылық кәсібіміз осы. Балаларымызға да жақсы, бос уақытын тиімді пайдаланып, шығармашылқ қасиеттерін дамытып жатыр. Үйді әсемдеуге және бақшаға арналған мүсіндер бар. Тиын жинағыш секілді сыйлық ретінде беруге лайықты дүниелер бар. Мүсіндерді жасау үшін алдымен белгілі бір бейнеде ермексаз дайындалады. Кейін сыртына силикон жағылып, қалыпқа айналғанша бірнеше күнге қатырылады. Сосын ішіне гипстен…
