Автор: Сайт әкімшілігі

Сұлтан Бейбарыс көпірінің астында ойнап жүрген 7 жасар бала суға құлап кеткен. Ағыспен бара жатқан бүлдіршінді 52 жастағы Асанәлі Тасқалиев бірінші байқап, ажалдан құтқарған. Сол жерде алғашқы жәрдем көрсеткен жігіт ағасы балақайдың бағы бар екенін айтады. Жеткіншектен өмір белгісі білінгенннен кейін, сол жердегі азаматтар  оны жолай өткен көлікпен №5 емханаға жеткізген. Ал мамандар мұндай оқыс оқиға қайталанбас үшін ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауын сұрайды. Самат ҚҰМАШЕВ, Атырау облысы ТЖД жедел құтқару жасағының басшысы: Ендігі көтеріліп мәселе ата-аналар осылай балаларды қараусыз қалдырып осындай төтенше жағдайлар немесе балалрды қараусыз қалдырған жағдайда ата-аналарға айыппұл салынуға жұмыстанып жатыр. 2:01 Қазіргі уақытта төтенше жағдай департаментімен бірлескен…

Read More

Фискалды түбіртек бермегені туралы құзырлы органға хабарласаңыз, сыйақы ретінде телефон нөміріңізге 1 000 теңге аласыз. Осындай заңбұзушылыққа ұшырағандар үшін Аппстор немесе Плэймаркет желілерінде «Wipon» тегін қосымшасы бар. Ал мобильді бағдарлама арқылы түскен шағымдармен Мемлекеттік кірістер департаментінің өзі айналысады. Әлия БАЙТЕМІРОВА, Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бас маман Көпшілік тауарлы чекті фискалдымен шатастырады. Мысалы, біз мейрамханадан тамақтанып болған соң, бізге тауарлы чек береді. Біз оған қоса фискалды түбіртекті сұрауымыз керек. Себебі, онда салық төлеушінің барлық мәліметтері жазылған. Кәсіпкерлер салық төлеуден жалтарып кету мақсатында ақшаны кірістер депаратаментіне көрсетпеудің амалын табады. «Түбіртек талап ет те, сыйлық ұтып ал» республикалық акциясы мамырда басталды.…

Read More

Қаражанбас кен орны 20 млрд теңге көлемінде салықтық айыппұлға тап болды. Экология департаменті мамандарының аумаққа жасаған жоспарлы тексерісі кезінде 36 мың тонна мұнай қалдықтарының еш рұқсатсыз сақталғаны анықталды. Осыған орай, құзырлы орган өкілдері ескерту де жасаған. Кейін экология департаменті мемлекеттік кірістер органына кемшіліктердің анықталғаны туралы хат жолдап, эммисиялар есептелінді. Яғни, экологиялық кодекстің талабы бұзылып, қоршаған ортаға залал келтірілді деген қорытынды шығарылды. Көп ұзамай, талап-арызды қараған Нұрсұлтан қаласындағы сот 20 млрд теңге айыппұл төлеу жөніндегі шешімді жариялады. Нұрлан САДЫҚОВ, Маңғыстау облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары Тексеріс кезінде 36 мың мұнай қылдықтары анықталған полигонда. Бұл мұнай қылдықтары 2010 нан 2019 жылға дейін…

Read More

Индерде Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Солардың бірі – аудандық мұражайда өткен «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» тақырыбындағы көрме. Қазақ топырағында өмірге келіп, есімдері даңқты ерлікпен мәшһүр болған хандар мен батырларға арналған шара карантиндік шектеулерге байланысты онлайн өтіп жатыр. Майгүл ЖАЛҒАСБАЕВА, аудандық өлкетану мұражайының директоры -Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау-2019» халықаралық-туристік форумында Алтын Орда негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуды қажеттігін айтты. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет. +++ Осы бағытта Индер аудандық музейінде жұмыстар жасалып жатыр. 1977 жылы қабырғасы қаланған аудандық…

Read More

Атырау–Ақтөбе тасжолының құрылысы кезінде учаске басшысы қаза тапты. Қайғылы оқиға 3 қазан күні Қызылқоға ауданында тіркелді. Бізге жеткен ақпарат бойынша, асфальт тегістейтін ауыр техника 56 жастағы армениялық азаматтың аяғын басып кеткен. Жарақаттың салдарынан ол ауруханаға жеткенше жан тапсырған. Игілік ӘУБӘКІРОВ, Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы /аударма/ руководитель управления государственной инспекции труда Атырауской области Бұл ақпарат ресми түрде расталды. Енді еңбек инспекциясы жанынан осы оқиғаны тергеу жөнінде комиссия құрылып, қорытынды шығарылатын болады. Қызметкер кінәлі ме, әлде жұмыс беруші айыпты ма – анықталады. «Kazkomservice» мекемесінде бұған дейін де 1 апатты жағдай болғанмен, өлім дерегі тіркелмеді. Жалпы, соңғы 9 айдың есебі…

Read More

ҚР бас мемлекеттік дәрігерінің №53-ші қаулысы негізінде түзету мекемелеріндегі кездесулерге қайта рұқсат етілді. Дегенмен жазасын өтеушінің туыстары ПТР тестілеуден өткенін растайтын құжаттың жарамдылығы 5 тәулікке дейін екенін ұмытпаған абзал. Ал мамандар ұзақ мерзімді кездесуге бір ересек адамнан ғана қабылдап жатқанын айтады. Нұрлан СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚАЖД аға жедел уәкілі Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару департаментіне қарасты мекемелерді, ұзақ мерзімді кездесу мекемелерін вирустық инфекциялар кезінде өңделу бойынша рұқсат етілген дезинфекция құралдарын қолдана отырып, желдетіп жұмыстары күніне екі рет тұрақты түрде жүргізіледі.

Read More

Жайықтың оң жағалауы шаһардың шырайын келтіргенмен, сол жағалаудың көптен бері қараусыз қалғаны байқалады. Келіссіз көріністі қала басшылығы да байқаған. Қазір әкімнің тапсырмасымен орталық көпірден Тұрғындар қалашығына дейінгі тазалық жұмыстарын жүргізуге «Атырау Су арнасы» мен «Спец автоваза» ЖШС тартылған. Мамандар қолға алынған істің аяқталып қалғанын айтады. Александр ПАСТУХОВ, «Атырау Су Арнасы» КМК баспасөз хатшысы Барлығымыз жағалаудың қандай жағдайда болғанын білгендіктен ең бірінші қоқыс шығару жұмыстарын қолға алдық. Онымен қоймай, жағадағы ескі құрылыстардан қалған арматура, бетон секілді қалдықтарды ретке келтіруге белсене кірістік. Қазір атқарылып жатқан іс аяқталуға жақын, тіпті бітірдік десек те болады. Мәреге жет те , көшет ек Мәреге жет те,…

Read More

«Жүрек Жылуы» қоғамдық қорының күшімен жасалған тағы бір игі істің куәсі болдық. Еріктілер туабітті сал ауруына шалдыққан Шоқпартоғай елдімекенінің тұрғыны Артур Кенжалиевтің өтінішін орындап, халықтан жиналған қаражатқа үйіне сылақ жұмыстарын атқарумен қатар, кермелі төбе орнатып, кәріз жүйесін жүргізіп берді. Азамат САТЫБАЛДИЕВ, ерікті Артур бауырымыздың өтініші бойынша үйдің жуынатын жерді жөндеп, сыртын қамтап, үйдің ішкі бөлмесіне кермелі төбені тартып берген жайымыз бар.Осы жақсылыққа атсалысқан Жылыой халқына, осы жерлердегі еркітілерге Алла разы болсын. Артурдың анасынан мүгедектікке және оның қараушысына берілетін 35 мың теңге жәрдемақымен ғана күн көріп отырғанын білдік. Ал оның үйді жөндеуге жетпейтіні бесенеден белгілі. Осы жағдайды естіген еріктілер мүмкіндігі шектеулі…

Read More

Кеше Атырау – Ақтөбе тасжолының Мақат кенті мен Жамансор ауылы аралығындағы пайдалануға берілмеген бөлігінде жол апаты болып, салдарынан 9 адам көз жұмды. Бұл ақпаратпен ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі әлеуметтік желіде бөлісті. Бізге жеткен деректерге қарағанда, «Renault Duster» және «Gelly» көліктерінде болған жолаушылардың ішінде мектеп оқушыларының болғаны айтылады. Қазіргі уақытта қайтыс болған адамдардың аты-жөні анықталып, оқиғаға байланысты жедел тергеу тобы жұмыс атқаруда.

Read More

Қазанда ауа райы күрт суытады. Бұл солтүстіктегі антициклонға байланысты болып тұр. Ауаның орташа айлық температурасы 8-10 градус жылылықты көрсетеді. Бірінші және екінші онкүндікте ауа бағамы түнде 3-8, күндіз 8-18 градус жылы болады деп болжанады. Синоптиктердің айтуынша, 20-сына дейін жаңбыр жауса, айдың үшінші бөлігіндегі ауа райы облыстың солтүстігінде 5 градусқа дейін төмендейді. Қырмызы ҚАПАНОВА, инженер-синоптик Жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында. Бірінші онкүндіктің басында және екінші онкүндікте жаңбыр, жиі бір ай бойы соғатын жел 15-20м/с дейін күшейеді.

Read More