Индерде Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Солардың бірі – аудандық мұражайда өткен «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» тақырыбындағы көрме. Қазақ топырағында өмірге келіп, есімдері даңқты ерлікпен мәшһүр болған хандар мен батырларға арналған шара карантиндік шектеулерге байланысты онлайн өтіп жатыр.
Майгүл ЖАЛҒАСБАЕВА, аудандық өлкетану мұражайының директоры
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау-2019» халықаралық-туристік форумында Алтын Орда негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуды қажеттігін айтты. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет. +++ Осы бағытта Индер аудандық музейінде жұмыстар жасалып жатыр.
1977 жылы қабырғасы қаланған аудандық өлкетану мұражайында қазір 5 415 жәдігер бар. Негізгі және қосымша қор болып бөлінетін жәдігерлер арасынан кенді ауданның кешегі тарихынан мол сыр шертетін көптеген деректі табуға болады.
Сұңқар КӨШЕКОВ, Нариман Жұбандықов,Индер ауданынан.