Атырау облысы коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық жүргізуде. Осыған орай, өңірге республикалық қоғамдық бақылаудың маманы ахуалды тексеру үшін арнайы келді. Оның айтуынша, қоймадағы қорғаныш құралдары мен қаладағы шағын емхананың қорындағы дәрі-дәрмек 2-3 айға ғана жеткілікті. Қазір аймақтағы мониторинг жұмыстары дәрілік препараттармен қамтылу, гуманитарлық көмек және медициналық мекемелердегі аппараттардың жұмысқа жарамдылығын қадағалау бойынша жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қабылдаған қаулыдағы санитария нормаларын бақылау да назардан тыс қалмайды. Саида ТАУКЕЛЕВА, республикалық қоғамдық бақылаудың координаторы Қазір мониторинг бірнеше бағытта жүріп жатыр. Біз қаладағы ең кіші емханадағы дәрі қорының әрі кетсе 3 айға жететінін байқап отырмыз.…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атыраудың 380 жылдығына орай Жайық жағалауы мен Жастар саябағы ашылды. Екі жыл бұрын басталған 1 861 метрлік жағалаудың құрылысы «Сұлтан Бейбарыс» көпірінен қалалық әкімдіктің аумағына дейін созылып жатыр. Ал оның қолданысқа берілген бөлігіндегі қала символы мен «Шаңырақ» туындылары шаһарға сән беріп тұр. Оған қоса, көлеңкелі орындықтар мен балалар алаңы және өзен үстіне 3 субұрқақ орнатылған. Жағалаудың дайын болмаған бөлігі жоспар бойынша алдағы екі-үш аптаның ішінде ашылмақшы. Сонымен қатар, облыс әкімдігінің алдындағы екі пирс жөндеуден өткізіліп, ескі субұрқақ қайта жаңартылды. Жаңа жағалауда демалушыларға барлық жағдай қарастырылған. Ал қала әкімдігі мен Халел Досмұхамедұлы атындағы университетке дейін көлбей жатқан Жастар саябағы жергілікті мұнай…
Аумалы-төкпелі дүниенің ащы-тұщы кезеңдерін өткерген Мақат кентінде тұратын Жамбыл есімді ақсақалдың көкірегі – тұнған шежіре. Әкесі майданға аттанғанда анасының құрсағында қалған бала төртке тола бергенде тұл жетімге айналған. Содан бері туған-туыстарының қамқорлығында өсіп-өніп, қазіргі уақытта сексеннің сеңгіріне таяп қалды. Әрбір сөзін салмақтап сөйлейтін ақсақал бата беруден сайысқа да түсіпті. Облыстық байқауларда талай мәрте топ жарған. Үлкендердің ұлағатынан бөлек, өзі де ойдан сөз құрап, бата шығарады. Ел ағасына айналған жан жас ұрпаққа ақыл айтудан бір танған емес. Жамбыл ДОСҚАЛИЕВ, Мақат кентінің тұрғыны Балаларға айтатыным: танысын-танымасын, жасы үлкен кісіге міндетті түрде сәлеміңді бер. Сонда саған баға береді, мынау көргенді бала екен, ақылы көп…
Мазардың күл-талқанын шығарды деген күдікті қолға түсті. 27 қыркүйек күні түскі уақытта Қызылқоға ауданындағы «Мәтен қожа» түнегіне белгісіз біреулер өрт қойып, маңындағы 13 бейіттің құлпытасын қиратқан. Нәтижесінде, Атырау облысы полиция департаменті мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іске қатысы болуы мүмкін 43 жастағы азаматты құрықтағанын хабарлады. Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Күдіктінің 1977 жылы туған аудан тұрғыны екені анықталды. Қазір ол уақытша ұстау орнына қамауға алынып, басқа да қылмысқа қатыстылығы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеп тексеру ҚР ҚК-нің 314 бабы, яғни Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау ісі бойынша жүргізілуде.
«Сарайшық» коммуналдық базары биыл ашылмауы мүмкін. Жаздың соңғы айында Мәденов көшесіне жүргізілетін жөндеуге байланысты сауда орнының 17 тамызда ашылу мүмкіндігі жоққа шығарылды. Ал оның жабық тұруына себеп болған жол жоспар бойынша 14 метрге дейін кеңейеді, жарыққа арналған 121 баған мен 4 аялдама тұрғызылады. Жауаптылар қайта жаңғырту жұмыстарының жыл соңында аяқталатынын айтады. Алайда күзгі жауын-шашын мен қарлы ауа райының келе жатқанын ескерсек, тасжолдың биыл қолданысқа берілуі екіталай. Соған сәйкес, атыраулықтар үшін «Сарайшық» коммуналдық базарына бару да әзірге мүмкін емес. Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА, Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Біздің жоспар бойынша жол осы жылдың аяғына дейін аяқталуы тиіс. Қайта жаңғыртудың бір ерекшелігі –…
Бес құрсақ көтерген Пауза әжейге анда-санда тұрмыстағы қос қызы ғана қарайласып тұрады. Екі баласы әлдеқашан өз жолдарымен кетіпті… Ал өзінің қолында қалған 50-ге таяған мүгедек ұлы соңғы уақытта мінез көрсететінді шығарған. Ол анасын талай рет сыртта түнетсе де, екінші топтағы жанды ешқандай емхана түрлі сылтаумен қабылдамай қойыпты. Баласының жағдайын уайымдаған әжей жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барып көмек сұраған. Қарияның өтініші жерге тасталмай, екінші топ мүгедегі емханаға орналастырылды. Аталған басқармадағылар қаладағы 3 қарияның үйіне барып тәтті себеттер табыстады. Одан кейін 90-ға тарта тұрғыны бар «Қарттар үйінде» мерекелік концерт ұйымдастырды. Серік ҚАМИДОЛЛА, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік…
Карантин режимі жеңілдетілгелі қаламыздағы №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне келушілер дәстүрлі дайындығын бастады. Ережеге сәйкес, кешендегі 7 залда спорттың 9 түрінен жаттығу жасауға рұқсат етілді. Санитарлық нормалар толық сақталған. Жоғары топтағы шәкірттердің саны 15-тен аспаса, жаңадан келгендер физикалық формасын тиісінше аулада шыңдайды. Қазір спорт кешенінде шамамаен 400-дей шәкірт арнайы құрылған кесте бойынша жаттығып жатыр.
Атыраудағы қоғам белсенділері өңір басшысымен жүздесті. Ондағы мақсат – облыстағы шешімі күрмелген сұрақтардың жауабын табу. Кездесу барысында әрқайсысы еркін пікір таластыратын мүмкіндікке ие болды. Жібек БИСЕНОВА, қоғамдық қор төрағасы Бұл кездесудің ерекшелігі – біздің өңіріміздегі әлеуметтік мәселелерді талқылап, шешімін табуға тырысу. Бұрынғыдай әркім әр жерден шуламай кезек-кезекпен жеткіземіз. Жиын барысында қоғам белсенділері дайын жобалар ұсынып, әлеуметтік саладағы қордаланған мәселелерді шешуге дайын екендерін айтты. Қазіргі уақытта облыс бойынша 667 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың жұмысына биыл жергілікті бюджеттен 750 миллион теңге қарастырылған.
Қазақстан коммунистік халық партиясының ұйымдастыруымен «Қоғам қауіпсіздігінің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда жастар арасындағы қылмыс пен оның алдын алу туралы әңгіме қозғалды. Партияның Атырау облысы бойынша бірінші хатшысы Ерболат Даулетқазиев тәрбиенің тал бесіктен басталатынын айта келе, ескі мен жаңаның арасындағы ортақ құныдылқтарды дамыту керектігін жеткізді. Пікір алмасу мақсатында ұйымдастырылған жиынға жергілікті прокуратура мен полиция өкілдері шақырылғанмен, ешқайсысы есік қақпаған. Коммунистер соған қапалы.
Дамбы ауылындағы Жангелдин көшесінің тұрғындары жарық шамына жарымай отыр. Жергілікті халық жағдайдың толық мән-жайын 3 жылдан бері білмей келеді. Өздерінің айтуынша, ұзын көшенің бір басынан басталған асфальт төсеу жұмыстары жарты жолға дейін жүргізілгенмен, қалған бөлігі сол күйінде қалған. Дегенмен кейін тасжол тұрғындар күткен қалыпқа келсе де, жарық тарту әлі кешігуде. Тұрғындардың таудай талабын арқалаған біз ауыл әкіміне барғанбыз. Басшының сөзінше, жұмыс жоба бойынша жүріп жатыр. Ал көше шамдары жаңа асфальтпен бірге орнатылатындықтан кезінде кейінге қалдырылған. Ұзақбай БАЙЗУЛЛИН, Дамбы ауылдық округінің әкімі Дамбы ауылдық округ бойынша 9 көше жарықпен қамтылуы тиіс. Бұл жөнінде осы жылдың басында өткен кездесуде тұрғындар тарапынан өтініштер…
