Автор: Сайт әкімшілігі

Енді оң жақты рөлді сол жаққа ауыстырған көлік иелері қауіпсіздік сертификатын Атыраудан да ала алады. Осыған дейін Қостанай мен Алматыға барудан бас тартқан жергілікті тұрғындар енді облыс орталығында ашылған лабораторияға жүгінетін болды. Іске қосылған Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының зертханасында күніне 25 техника тексеруден өтетін мүмкіндікке ие. Филиал директорының айтуынша, клиенттердің көптігінен қызметкерлер демалыс күндері де жұмысқа шығуға дайын. Ал автокөлік иелері қажетті рәсімдерден 1 наурызға дейін өте алады. Алдымен мамандар автомобильдің қайта жасақталған бөлігінің сапасын анықтайды, содан кейін ғана тікелей тәжірибе жүзінде тексеруге кіріседі. Нұрлан ОРЫНБАЕВ, директор АФ «Национального центра экспертизы и сертификации» Қадағалауды орталықтан өткіземіз. Оның құны 300тг…

Read More

Атырауға шетелден келген 22 жолаушы карантинге жатқызылды. Өйткені, олардың қолында міндетті түрде ПТР-тестілеудің теріс нәтижелі қорытындысы болуы керек еді. Бұл – Қазақстанға өзге елден келген азаматтарға қатысты санитария ережелерінің қатаңдатылғанынан бір көрініс. Ал соңғы екі күнде шекара асып мұнайлы қалаға келген 226 азаматтың ішінде Түркиядан келген 18 жолаушынының тестілеуі теріс нәтиже бергендіктен, қазір босатылған. Гүлнар ЕРБАТЫРОВА, Атырау облысы бас санитар дәргерінің орынбасары Шетелден келген азаматтардыңкоронавирустық инфекцияға теріс мәнді анықтамасы қолдарында болған жағдайда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әрі қарай жіберіледі. Ал анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен анализ алынады коронавирустық жұқпаға белгіленген орынға екі күнге анализдің нәтижесі шыққанға дейін оқшауланады. Атырау пандемияның екінші…

Read More

Облыста 184 мемлекеттік қызметшінің жұбайлары кәсіпкерлікпен айналысқан. Бұл туралы Әдеп кеңесінде баяндалды. Нақтырақ айтқанда, 149 дара кәсіпкерлік, 19 шаруа қожалығы, 14 ЖШС және кәсіптің басқа да түрімен айналысатын 2 тұлға – есепте. Мұндай статистика әдетте жұбайлар арасындағы бармақбасты, көзқысты әрекеттердің болмауы үшін дайындалады. Дегенмен кеңес мүшелері мемлекеттік қызметкерлерді қыспаққа ала бермей, жай ғана қадағалап отыру керектігін айтады. Болат ИСАҚОВ, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алу фактілері бар. Бұлардың қаншалықты расталғанын, мүдделер қақтығысының бар-жоғын мұқият қадағалап отыруы керек шығар. Алайда заңнама бойынша тыйым салғанда абай болған жөн. Көрсеткіштер жақсы, әрине, бірақ өте мұқият болу керек. Кеңес барысында…

Read More

Санитария талаптары енді пойызда да қатаң сақталады. 4 айлық шектеуден кейін жұмысы жанданған теміржол қозғалысы – қазір әр жолаушының жіті бақылауында. Себебі, бұған дейінгі вагондарда болған жайсыздық бәрінің жадында болғанмен, карантиннен кейінгі өзгерістерге көңілдері марқайған. Бұрын вагон терезесінің ластығынан тұмса табиғатқа тамсану мүмкін  болмайтын. Қазір бәрі керісінше. Бұл карантиннің де пайдалы жағы барын білдіргені ме, әлде тілшілердің алдынан тосқан жасанды көрініс пе – о жағы белгісіз. Анығына алдағы уақытта жолаушылардың өздері куә болар. Атырау-Маңғыстау бағытындағы жүрдек пойыздарда карантиннен кейінгі вагондардың тазалығы едәуір қалыпқа келген. Мұндағы жолсеріктердің айтуынша, вагон ішіндегі шаң күніне 2 рет тазаланып, дәретхана 4 рет жуылады. Талап бойынша…

Read More

Баспана иелерінің бас қатырған мәселесі – пайыздық үстеме ғана. 800 адамның қолы қойылған шағымды ұстаған ақтаулық тұрғындар облыс әкімдігіне барды. Несиеге алған пәтерлерінің келісім-шарттағы пайыздық үстемесі 10 процент болатын олар мұндай төлем жасаудың ауыр жүкке айналғанын айтады. Оның үстіне, пандемияның басталғаны «жығылғанға – жұдырық» болған көрінеді. Айтбибі СӘДУАҚАСОВА, Ақтау қаласының тұрғыны Менің пәтерім 3 бөлмелі 90 кв м. Бастапқы бағасы 19 млн тг. Соны жылдық 10%  алдық. 13 жылда 28 млн тг болады. Сонда кв м- 311 мың тг Сапа да сай емес, коммуналдық жағынан да сай емес. Соған наразымыз. Үстіндегі 10%  алып тастаса деген үміт, шағымданымыз сол. Күләш…

Read More

Атырау облысының барлық орта білім беру ұйымдарында «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» іс-тәжірибесін енгізуге басымдық берілмек. Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың қатысуымен өткен кездесуде белгілі болды. Аймақ басшының селекторлық кеңесіне облыстық білім беру басқармасының басшысы, өңірдегі педагогикалық біліктілікті арттыру орталықтарының жетекшілері, білім беру ісіне жауапты мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты. Кездесуде Күләш Ноғатайқызы Атырау облысындағы білім беру сапасының жалпы көрсеткіштері туралы сараптаманы таныстырды. Есепте оқушылардың мектеппен қамтылуы, түлектердің жұмысқа орналасуы, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен аймақтағы жалпы білім көрсеткіштерінің проблемалары сөз болды. Күләш Шәмшидинова өңірдегі білім беру саласының түйіткілді…

Read More

Қазақстанда cоңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 92 жаңа жағдайы тіркелді. Жалпы республикамызда КВИ бойынша 108 454 жағдай расталды, оның ішінде: Алматы қаласында — 14419 (+10), Нұр-Сұлтан қаласында — 14153 (+8), Атырау облысында — 11120 (+8), Қарағанды облысында — 10322 (+5), Шығыс Қазақстан облысында — 8868 (+19), БҚО-да — 6874 (+2), Шымкент қаласында — 5195 (+2), Алматы облысында — 4989 (+4), Жамбыл облысында — 4132 (+1), Солтүстік Қазақстан облысында — 4169 (+9), Павлодар облысында — 3966 (+7), Ақмола облысында — 3510 (+4), Қостанай облысында — 3505 (+3), Түркістан облысында — 3388 (+6), Маңғыстау облысында — 3346 (+3), Ақтөбе облысында — 3253 (+1), Қызылорда…

Read More

Мұнайлы астана көшелерін жасыл желекке айналдыру жұмыстарына 4 млрд қаражат бөлінген. Әкімдіктің өңірдегі жетекші ірі компанияларымен бірігіп бастаған бұл жобасы алдағы 5 жыл бойы жүзеге асатын болады. Сондай-ақ, әрқайсысы белгіленген аумақты баптауды мойнына алып, көшеттер басын көтерген кезде ғана оларды жергілікті билік бақылауына беретін боп келіскен. Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА, қала әкімінің баспасөз хатшысы Қазіргі кезде  Атырау қаласындағы 38 көше және 15 саябақтар мен алаңдар да жалпы саны 54 мыңнан астам терек бар. Және  биылғы жылы көгалдандыру бағдарламасы жөнінде  күні бүгінге дейін төрт мыңға жуық тал отырғызды. Олардың бұрынғыдай  отырғызылу санымен емес, қазір шығу сапасымен шыққан талдың санымен көгалдандыру жұмыстарының нәтижесі көрінеді.…

Read More

Пандемия ең алдымен кәсіпкерлерге қиын соқты. Әрқайсысы 8-10 млн теңгеге шығынға батқандардың арасында ондаған жылдар бойы осы саланың отымен кіріп, күлімен шыққандар да бар. Солардың бір тобы екі айдан бері әкімдіктің табалдырығын тоздырғанымен, тұщымды жауап ала алмай келеді. Нақтырақ айтсақ, жергілікті биліктің білім ордаларындағы  асханаларды мемлекеттік жекеменшік әріптестікке беріп жатқаны жан ашуын тудырған. Бизнесмендер «бір ауыз ескерткенде ғой» дейді. Ал қала әкімінің орынбасары мәселені басқаша шешуге тиісті болғанмен, келісімге қол қойдыру кезінде қулыққа барған көрінеді. Бибігүл ІЗБАСОВА, кәсіпкер Самат Ембергенов ГЧП-ға қарсы емеспіз деген қағазға 3 кәсіпкерге қол қойдырып алды.Дүйсенбі күні тендерге салынып болғаннан кейін ғана қол қойдырды.Оның мақсаты прокаратураға…

Read More

Жануарларға жасалған жауыздық тыйылмай тұр. Итін айырмен өлтіргені үшін атыраулық тұрғын көршісінің үстінен арыз берген. Ал айыпталушы болса,  төбеттің бірнеше рет балаларына шабуыл жасағанын және иесінің әрекетсіздігі қитығына тигенін айтады. Сол себепті, азамат ашу үстінде осындай әрекетке барған. Сандра ЕРАЧИНА, иттің иесі: Біз оның «Итіңе айыр тығып өлтіреміз!» деген сөзін алыстан естіген едік. Кейін оның аулаға баса-көктеп кіргенін көрдік. Біз айғайлап та, жылап та тоқтатуын өтіндік. Бұл уақытта ол жануарға бірнеше рет соққы беріп үлгерді. Анатолий ЕРАЧИН, иттің иесі: 0:27 Ол айырды қолына ұстаған күйі бөтен үйдің ауласына рұқсатсыз кіріп, үйшігінде жатқан итті еш шімірікпестен өлтіре салды. Осындай жауыздыққа…

Read More