Ақтаулық авто газ сатушылар түйіткілді проблемамен облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Олар Энергетика министрлігімен онлайн тілдесіп, өзекті үш мәселені алға тартты. Нақтырақ айтқанда, бөлінетін газ көлемін ұлғайту, бағаны тұрақтандыру және көгілдір отынды электронды сауда алаңында сату механизмін өзгерту жайын қозғады. Өйткені, кей кәсіпкердің сұйытылған газды шамадан тыс көлемде алу себебінен басқаларына жетпей қалатын жағдайлар жиі кездесетін көрінеді. Тағанияз БОҚАНОВ, кәсіпкер Өткізу ерекшелігін өзгерту. Шектік мөлшерін белгілеу. Әрқайсысы 70-80 тн алу. Сосын жариялылықты енгізу. Кім, қанша алды? Маңғыстауға ма, басқа жаққа кетті ме? Соны айттық. Газ зауыты ай сайын 14 мың 600 тн өнім шығарады, соны 20 мың тн жеткізу керек. Оны…
Автор: Сайт әкімшілігі
Жылыой ауданы төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлері жылу беру маусымы қарсаңында тұрғын үйлердегі өрт кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануы, сондай-ақ, газдан улану қаупін болдырмау мақсатында көптеген жұмысты қолға алды. Жантөре ДЕМЕШОВ, Жылыой аудандық ТЖБ басшысы 2020-2021 жылға жылу беру маусымы кезінде орын алатын төтенше жағдайлар, көмірқышқыл газіне улану оқиғаларының алдын алу бағытында қазіргі уақытта әлеуметтік аз қамтылған отбасылар көпбалалы отбасылар үйлері екінші мәрте қайта араланып жатыр. Оның ішінде арнай жарнамалар жасақталып бірге таратылып жатыр. Сонымен қатар ауданда осы жылы, жылдың басынан бері автокөлік өрттерінің көбеюіне байланысты рейдттер аудандық больница бөлімімен бірге өткізіліп жатыр. Рейдтік шараларға еріктілер шақырылып, Жылыой ауданы Құлсары…
Атырауда карантин режимі белгісіз уақытқа дейін ұзартылды. Облыстағы Бас санитариялық дәрігер осыған дейін қабылданған коронавирустық індеттің алдын алуға арналған қаулыға өзгерістер енгізді. Онда көптеген жұмыс түбегейлі тоқтатылмаса да, ішінара шектеу шаралары қатаңдатылған. Енді мейрамханаға бір мезгілде 30-дан артық қонақ қабылдауға тыйым салынып, қоғамдық тамақтану орындары мен ойын-сауық орталықтарының жұмысы уақыты кешкі 10-ға дейін қысқартылды. Сондай-ақ, жабық алаңдағы базарларға сағат 17:00-ге дейін бара аласыз. Ал демалыс күндері аталған нысандар әдеттегідей жабық болады. Сонымен қатар, жаттығу залдары мен бассейндердің жұмысы толығымен тоқтатылды. Шектеу шаралары эпидемологиялық ахуал тұрақталғанға дейін созылмақшы. Алайда бекітілген ережелер берік сақталған жағдайда ғана ел аузындағы екінші толқынды айналып өту…
Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушылары Ділназ Мүбарак пен Әзиза Абатова Владимир Яковлевич Курбатов атындағы оқушылардың халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында үздік үштікке енді. Ресей Федерациясында қашықтықта өткен «Химия: ғылым мен өнер» атты ғылыми-жобалар конкурсында мұнайлы шаһардың оқушылары «Апельсин қабығынан тыңайтқыш әзірлеу» тақырыбындағы зерттеу жұмысын ұсынды. Нәтижесінде ғылыми еңбек ресейлік әділ қазылар алқасының жоғары бағасын алып, Әзиза мен Ділназ үшінші дәрежелі дипломға және сертификаттарға ие болды. Атыраулық оқушылардың ғылыми жаңалығы Владимир Яковлевич Курбатовтың 142 жылдығына орай жарық көрген халықаралық ғылыми еңбектер жинағына енгізілді. Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институты оқушылардың еңбегі жарияланған ғылыми жинақты және Ділназ бен Әзизаның сертификаттарын онлайн түрде табыстады. Еске…
Мақат кентінің тұрғындары Қашаған кен орнынан шыққан газды өңдеуге арналған жаңа зауыттың аудан аумағына салынуына қарсы. Жоспар бойынша зауыт жылына 1 млрд текше метрге дейін газ өңдеп, мұнай өнімділігін 12 млн тоннаға арттырады деп болжанған. Дегенмен жергілікті халықтың өз айтары бар. Олардың қай-қайсысы да жаңа зауыттың жақын маңда орналасуын жақсылыққа баламайды. Тұрғындардың сөзінен түйгеніміз, түсінік жұмыстары толық жүргізілмеген. Хабардар халықтың қарасы аз. Ал мамандар Атырау қаласынан 60, Мақат кентінен 63 шақырым қашықтықта қазығы қағылатын зауыттың тірі жанға зияны болмайды деп сендіреді. Алмагүл КӨШКІНБАЕВА, Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Өндірістік обьектілерді қорғаныш аймағы…
Бұны біздің арнада «Айыр ұшындағы айқай» деген тақырыппен өткен аптада көрсетілген хабардың екінші бөлімі десек те болады. Яғни, Құдай қосқан көршісінің итін айырмен шаншып өлтірген атыраулық тұрғынға миллион теңгеге жуық айыппұл салу туралы шешім шықты. Дегенмен ол осындай іс-әрекетке азулының үнемі балаларға мінез көрсететіні үшін амалсыздан барғанын айтады. Ал иттің иелері көршінің қылығын қатыгездікке балап, жазалауды талап еткен. Нәтижесінде, сот айыппұл салды. Боранбай ҒАЛИЕВ, Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы №2 Атырау қалалық соты ер адамды қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК 316-бабы 1-бөлімімен «жас балалардың қатысуымен жануарлардың өліміне әкеп соққан қатыгездікпен қарау» бойынша кінәлі деп таныды. Бірақ итті өлтірген…
Мәдениет үйінде өткен салтанатты шара барысында аудан басшысы Шәкір Кейкин он педагогты ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен» марапаттады. Сондай-ақ, тағы 19 мұғалімге облыс, аудан әкімінің және облыстық білім беру басқармасының, аудандық мәслихаттың алғыс хаттары табыс етілді. Солардың бірі – білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, тәжірбиелі маман Жаңыл Жоламанова. Жаңыл ЖОЛАМАНОВА, бастауыш сынып мұғалімі — Мақат ауданы, Бәйгетөбе мектеп бөбекжай кешенінде биыл 40 жыл еңбек етіп келе жатырмын. Бастауыш сыныптар арасында. Осындай қиындығы мен қызығы қатар жүретін, ұстаздық еңбектің жемісін көріп, бүгін үлкен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің алғыс хатымен марапатталып отырмын. Өте…
Бұған қала маңындағы «AG Desinfection Services» ЖШС-не қарасты қоқыс өртеу аймағында сақталмаған қауіпсіздік шаралары дәлел болады. Көрші орналасқан қалдықтарды өңдеу мекемесінің өкілі медициналық қоқыстарды үй жағдайында өртеудің адам өміріне қауіпті екенін айтады. Боранбай КҮМІСБЕКОВ, қалдықтарды өңдеу маманы Осы салада жұмыс істеп келе жатқасын бұнын қалай өңделу керек , қалай отқа жағылу керек біраз біліміміз бар. Көп заңға жатпайтын нәрсе деп есептейміз. Медициналық қалдықтар тек қана қалдық емес оның ішінде әртүрлі пластмасса, шприц әртүрлі дәрілер болад, оның бәрі отқа жанғанда иістер жанағыдай газдар шығарад. Оның установкісінде жолында ұстап қалатын құрылғылар болу керек.Біз көріп отқан сыртынан көріп отқан инсенератор қарапайым үйдің пеші…
Асқан байлық не керек, денсаулығың болмаса?! Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне жоспарланған онкүндік жоба аясында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Құрманғазы ауданында акция ұйымдастырды. Шараға атсалысқан дәрігерлер мен дене шынықтыру мамандары әр белсенді қатысушыны құр қол қалдырмады. Жанаргүл ОРАЗОВА, Құрманғазы аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мейірбикесі Бүгінгі акция жалпы барысы үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңінде мақал-мәтелдің жалғасын табу, екінші кезең спорттық ойындар, үшінші кезең марапаттау. Аудан көлемінде өтіп жатырған акцияға аудан тұрғындары мен жастар белсенділік танытты. Аудандық спорт кешенінде ұйымдастырылған жарыстың мақал-мәтелге арналған бірінші кезеңіне кез келген жастағы ауыл тұрғындары қатысса, екінші бөлімдегі арқан тарту мен асық ату…
2 күн бұрын «Жайық» жағалауында басталған қураған қамыс өрті әлі ауыздықталмады. ТЖД хабарлауынша, қызыл жалынға аңшының көлігі кінәлі екен. Сенбі күні оқиға орнына бірден өрт сөндіру қызметі жіберілген. Алайда батпақты жолдың кесірінен өрт сөндіру жұмыстары қарраңғы түсісімен тоқтатылған. Кеше әуеге көтерілген тікұшақ тілсіз жаудың 750 га аумақты шарпығанын анықтаған. Рашид БІЛӘЛОВ, Атырау облысы ТЖД басшысының орынбасары Сұрастыру-іздестіру жұмыстары бойынша аңшы шығып, 55жылғы азамат өзінің көлігі өртке оранып, соның салдарынан қамыс өртенуі болғаны анықталып отыр. ++Бүгін мына желдің қаттылығы, қамыстың батпақтығы өшіруге қиындық туғызып тұр. Өрт сөндірілмейінше, өкпені қапқан қара түтіннің сейілмесі анық. Қазір соған байланысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп…
