Мақат кентінің тұрғындары Қашаған кен орнынан шыққан газды өңдеуге арналған жаңа зауыттың аудан аумағына салынуына қарсы.
Жоспар бойынша зауыт жылына 1 млрд текше метрге дейін газ өңдеп, мұнай өнімділігін 12 млн тоннаға арттырады деп болжанған. Дегенмен жергілікті халықтың өз айтары бар. Олардың қай-қайсысы да жаңа зауыттың жақын маңда орналасуын жақсылыққа баламайды.
Тұрғындардың сөзінен түйгеніміз, түсінік жұмыстары толық жүргізілмеген. Хабардар халықтың қарасы аз. Ал мамандар Атырау қаласынан 60, Мақат кентінен 63 шақырым қашықтықта қазығы қағылатын зауыттың тірі жанға зияны болмайды деп сендіреді.
Алмагүл КӨШКІНБАЕВА, Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы
Өндірістік обьектілерді қорғаныш аймағы бойынша санитарлық талаптарға сәйкес Газды кешенді дайындау жобасына санитарлық қорғаныш аймағының ең аз көлемде мың метр болып белгіленді.++ Және олардың елдімекендерге әсері жоқ екенін көрсетті.
Ел экономикасына елеулі үлес қосады деген зауыттың қоршаған ортаға қандай әсері болатынын сұрап экология маманына сауал да тастадық. Айтуынша, пайдаланылатын суға байланысты жұмыстардың нақты көрсетілмеу себебінен қайта реттеу үшін жоба кері жіберілген.