Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың нәтижесінде Атырау–Индер тасжолының бойынан асханасы және қонақы үйі бар сервистік қызмет көрсету орталығы пайдалануға берілді. Шаруасын шыр айналдырған жас кәсіпкер осы күнге дейін азық-түлік дүкенімен қатар, Атырау және Орал қалаларына жолаушылар тасымалдау ісімен де айналысып келді. Ол алдағы күндері қызмет көрсету аясын кеңейтуді мақсат тұтатынын айтады. Нұрғали СӘРСЕНҒАЛИЕВ, жас кәсіпкер. Кәсіпті бастап осылай Атырау-Индер тас жолында кемпинг ашылып жатыр.Екі орта да жолаушылар көп. Сол жолаушыларға арнайы қонақ және асхана 52 адамға жасалған. Бірінша этажы асхана, 2 этажы 14 орындық қонақ үй.Аудан тұрғындарына да керек нәрсе деп ойлаймын.Қазіргі асхана жаңа форматта жасалған. Бұл асхана 24 сағат…
Автор: Сайт әкімшілігі
Әскери теңізшілер Каспий теңізінде жиын-жорық жасады. Олар «Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа» және «Маңғыстау» зымыранды-артиллериялық кемелерімен көк теңіздің қазақстандық бөлігін шолып өтті. Экипаждар тапсырма орындау барысында жүзу аймағын зерттеп, әуе мен суүсті нысаналарын қатар назарға алды. Осылайша, теңіз әскері жауынгерлік оқу-жаттығуларды пысықтады. Сәкен БЕКЖАНОВ, ҚР әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Мұндай жорықтар жеке құрамға тәжірибелік және теориялық дағдыларды игеруге, кемелер экипаждарының теңіз машығы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Контр-адмиралдың айтуынша, кеме экипаждары қойылған міндеттерді толық орындап шықты. Жаттығудан бұрын су көліктері мұқият тексеріліп, техникалық дайындықтан өткен. Бұған дейін Қазақстанның әскери теңіз күштері маусым айында жиын-жорыққа шыққан болатын. Жыл басынан бері әскери кемелер теңізге 27…
Атырау горнизонында арнайы операцияға арналған күштердің компоненттерін кешенді тексеру басталды. «Алтын Жебе–2020» шарасына ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов қатысты. Тексерудің басты мақсаты жауынгерлердің арнайы тапсырмаларға дайындығы мен белгіленген уақыт аралығында жүктелген міндетті жоғары деңгейде орындап шығуын бақылау. Оған қоса, далалық дайындық деңгейін және барлық санаттағы әскери қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Еламан ҚУАНЫШОВ, аға лейтенант Әскери бөлімді тексеру кезінде бөлімшелер дабыл бойынша көтеріліп, оқу полигонына шығарылды. Әскери қызметшілер лауазымына сәйкес топографиялық, жарылу ісі, радиациялық , химиялық және биологиялық қорғаныс, медициналық дайындық бойынша арнайы сынақтар тапсырды. Және қоян-қолтық ұрыстарын элементтарын көрсетті. Сонымен қатар әскери қызметшілер қараңғы уақытта толық құрамда он шақырымдық…
Атыраулық әншінің «Жайықпен жүздескенде» атты әніне түсірілген бейнебаян қысқаметражды фильмдерге арналған «Байқоңыр» фестивалінде топ жарды. Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған ән Бексұлтан Бақытжанның интерпритациясымен дыбысталып, әртістің ән-жинағына кірген. Мұнда қазақ ұлтының басына түскен ауыртпалықпен қатар, көшпелі халықтың мұқалмаған жігері мен жан-дүниеңді жадыратар Жайық өзені туралы баяндалады. Сондай-ақ, сазгердің ақпан айында жарыққа шыққан «Желтоқсан» атты тағы бір туындысының бейнеклибі тамыз айында тұсауын кесісімен аталған байқауда 2 бірдей номинацияны жеңіп алды. Оған «үздік музыкалық бейнефильм» және «бейнефильмдегі үздік оператор» марапаттары бұйырған. Бексұлтан БАҚЫТЖАН, әнші: Мұхтар Шахановтың кітабын оқып отырып, Жайыққа арналған өлең таптым. Сосын өлеңге салып оренжировка жазып бастадық. Сонымен осындай бір…
Соңғы күндері өңірде эпидемиялогиялық ахуал күрт нашарлады. Осыған орай облыс әкімінің орынбасарлары қатысқан жиналыста кәсіпкерлік және білім басқармалары жүргізіп жатқан мониториң жұмыстары талқыланды. Қаланың бас санитары карантин шараларының сақталуын тексеру мақсатында 18 мобильді топ күндіз-түні жұмыс жасап жатқанын жеткізді. Қанат Ғайнеденов рейд барысында үйлерде өткізілетін жиындарға кіру қиындық туғызбас үшін төтенше жағдайлар департаментін қатарға қосуды ұсынды. Сондай-ақ, жиында қаладағы 10 мектепте карантин талаптарының бұзылғаны әңгіме болды. Нақтырақ айтқанда, кіреберісте, дәліздерде, сынып бөлмелерінде, басқыштарда арақашықтықты сақтауға арналған ескертпелер ілінбеген. Тіпті, кей мектепте арнайы журналдар да толтырылмаған. Бірақ Білім басқармасының маманы жіберілген қателіктерді түзеп, мектептердің санитарлық құралдармен толық қамтамасыз етуге қаржы жеткілікті…
Атыраулық 50 жастағы азаматтың үйінен марихуананы дайындайтын зертхана анықталды. Жатын бөлмеге орналастырылған шағын жылыжайда желдеткіш, жарық секілді қажеттіліктің бәрі бар болып шықты. Тексеріс барысында төрт ыдысқа отырғызылған көкнәр тәркіленді. Үй иесі оның бәрін өзі қолдану үшін өсіретінін айтқан. Шынында, азаматтың қан құрамында есірткінің бары анықталып отыр. Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Қылмыстық кодекстің 300-бабы — «құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру»бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Үйінде есірткі өсірумен айналысқан «агрономның» өсімдіктің тұқымын қайдан алғаны және «өнімдерін» сатып, қылмыстық бизнеспен айналысты ма, жоқ па тергеу барысында анықталатын болады.
Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің экс-басшысы Қайрат Жолмұхамбетов 10 жылға сотталды. Естеріңізге сала кетейік, ол былтыр желтоқсанда бопсалау арқылы пара алды деген күдікпен ұсталып, темір торға тоғытылған еді. Өзі сұраған 10 мың доллардың 3 000-ын алып, жұмыс барысында заңсыз қамқорлық жасағаны үшін елордадан арнайы келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері оның қолына кісен салды. Аталған іс бойынша тергеу жарты жылға созылып, сот процесі 5 айға жуық уақыт жүрді. Атырау облыстық №2 сотының шешімімен экс-салықшысының кінәсі толық дәлелденді. Боранбай ҒАЛИЕВ, Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы ҚР ҚК 366 бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол…
«Бар жақсы – балаларға» дейміз. Дегенмен бүлдіршіндерге арналған ойын алаңының сиқы мынау. Әне-міне үзілейін деп тұрған әткеншектер жөндеуге сұранып-ақ тұр. Шаһардағы балаларға арналған 100 ойын алаңы жөндеуді немесе қайта салуды талап етеді. Биыл оның 5-уі ғана қалыпқа келтірілген. Бүлдіршіндердің өзі базына айтпаса да, аулада асыр салған олардың бас амандығын ата-ана уайым қылған. Сынған сырғанақ пен үзілген әткеншекке қарап қай-қайсысының да қауіпті екенін айтады. Ғалымжан ЖҰЛҚАШЕВ, қала тұрғыны Бір жыл өтпей мынаның бәрі ұшып кетті. Бәрі сынды қирады бірақ ешқандай келіп жасаған жоқ, ауыстырамыз деген әңгіме де болған жоқ. Қай уақытта оңдайтыны белгісіз, әбден қирап кеткенннен кейін оңдайма ол жағы беймәлім. …
Өңірдегі 18 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанға төтенше жағдайдың кесірі төтесінен тиген. Қалыпты жағдайдағы жұмысы жайына қалып, қызметкерлер санын қысқартуға тура келген олардың қазіргі күйі кісі аярлықтай. Яғни, қолдауды қажет етеді. Нәтижесінде, шағын кәсіп иелерінің экономикаға қосқан үлесі 2,8 пайызға дейін азайған. Дегенмен мамандар қиын кезеңде тасы өрге домалағандардың да көп болғанын айтады. Сәрсенбай ЖОЛДЫБАЕВ, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қазір мына үлкен сауда орындары жұмысжасамаған кезде де , өздері жасаған тамағына сұраныс болған мезгілде заказ беріп қазір доставка дамыды ғо. Екіншіден мына айти технология бизнестері себебі қазір көптеген онлай жұмысқа ауысқан соң интернетке сұраныс болғасын техникалық жағынан қамту сұраныстар…
«Кең Жылыой» мәдениет үйінде аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұханов пен Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының жанындағы қоғамдық келісім мекемесі директорының орынбасары Ләззат Жылқышиева дәстүрге арналған кеңес отырысына арнайы келіп, жыл бойы атқарылған іс-шаралар легімен танысты. Нұржан ЕРМҰХАНОВ, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бұл есепте біздер де тұрғын комуналдық шаруашылығы,жер қатынастар бөлімі,жұмыссыздыққа байланысты және де денсаулық білім мәселесіне байланысты және Құлсары қаласы әкімшілігінің есебімен таныстық. Өзекті мәселелермен таныстық. Болашақта қоғамдық келісім кеңесінің арнайы бақылауымен және де қолдауымен осы өзекті мәселелерді ары қарайда талқылап шешуге бірге ат салысамыз. Аудан бойынша тұрғын…
