Маңғыстау облысында тұрғындар ыстық су мен жылусыз отыр. Әсіресе, Ақтауда жаңадан бой көтерген ықшамаудандардың жағдайы тіпті қиын. Көктемде жылыту маусымы тоқтаған кезде ыстық су да көзден бұл-бұл ұшты. Міне, күн суытқалы әлі көңіл тоғайтқан ештеңе байқалмайды. Олар салқын суды ыдыстарға жылытып пайдалануға мәжбүр. Қаланың қақ ортасында отырып мұндай күй кешкен қиын, – дейді тұрғындар. Жалпы, шаһарда күз мезгілі келіп жеткенде әлеуметтік нысандар мен 1 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйдің жылыту маусымына дайындығы тексерілді. Сол кезде анықталған ақаулар мен кемшіліктер қалыпқа келтіріліп, жөнделді, – дейді жауапты мамандар. Айтуынша, қалада 70-ке жуық тұрғын үй коммуналдық кооперативі бар екен. Бірақ оның кейбірі әлі…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырауда 7 млрд теңгеге сатып алынған 170 автобус қаңтарылып әлі тұр. Негізгі себебі – мұнайлы өңірде метан газын құятын бекеттің жоқтығы. Қалай болғанда да, жеке кәсіпкер биыл жазда несиеге алған қоғамдық көліктердің қашан тасымалға шығатынын өзі де білмейді. Әуелде бұл мәселені шенеуніктер шемішкеше шағып береміз деп уәде етіпті. Тіпті, бекеттің құрылыс жұмыстарын бір компанияның мойнына жүктеген де. Бірақ қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен іс жарты жолда іркіліп қалған. Қуантай ҚАЛМАН, «Ақжайық Автопарк» ЖШС директоры Бәрін өз мойынымызға алуға тура келді. Құрылысы қарашада бітуі керек. Метан газ құю бекеті дайын болысымен, атқарушы орган автобустағы қызмет көрсетуге конкурс ұйымдастыратын болады. Содан кейін көптен күткен…
Атыраудағы карантин ережелерінің сақталуын 18 мобильді топ бақылауға алған. Олардың құрамында тәртіп сақшылары мен қалалық және облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері бар. Өткен демалыс күндері ұйымдастырылған рейдтік шараға осы үш топ арнайы атсалысты. Нәтижесінде, ондаған құқықбұзушылық анықталды. Олардың ішінде нысандардың түнгі 12-ден кейін де жұмысын тоқтатпауы, қызметкерлердің қорғаныш құралдарын пайдаланбауы сияқты тәртіпке қырын қарау әрекеттері бар. Сондай-ақ, қорқор шегуге арналған қос орында қыз-қыз тіршілік байқалған. Бірі жасырынып бақса, екіншісі қонақтарын емен-жарқын қарсы алып отыр. Көп адам қатысатын той-томалаққа тыйым салынса да, не ережеге, не індетке пысқырмайтындар да баршылық. Ал тойхана иелеріне ірі көлемдегі айыппұл…
Мақат ауданы аумағындағы бұл ор он жыл бұрын қазылған. Ұзындығы 300 шақырымға созылған жерді қазған мекеме керегін алғаннан кейін қайта көмбей, сол күйі қалдырған. Ал Доссор халқы бұл салғырттықтың салдарынан қаншама малымыз құрбан болды деп бірнеше жылдан бері шырылдап келеді. Ел аман, жұрт тынышта талай рет төрт түлігінен айырылған тұрғындар ауданға арнайы іс-сапармен келген облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметовке базынасын айтты. Ғазиз ҒАБДУЛЛИН, Доссор кентінің тұрғыны Президентіміздің, Елбасымыздың тапсырмалары бойынша ауылшаруашылығын дамытамыз, қалай дамытамыз? Өзі қуыршақтай жер Мақат ауданында. Оның жартысы 300 шақырымдай жер осындай жағдайға душар болып жатыр. Бұл орайда жергілікті билік экологиялық талаптарды бұзған мекемеден мардымды жауап…
Шығыс Қазақстан облысы — 18 Қостанай облысы — 1 Маңғыстау облысы — 1 Солтүстік Қазақстан облысы — 2 Қазақстанда барлығы 1768 адам қайтыс болды.
Мектеп оқушыларына жарамсыз планшеттер таратылған. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Үкімет тарапынан берілген гаджеттердің аудандарға таратылу жұмыстарына облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық бақылау жүргізген еді. Бірақ екі жұма өтпей жатып аймақтарға жеткізілген планшеттерден ақау табылған. Тіпті, департамент жүргізген мониториң нәтижесінде 1999 планшеттің 166-сы пайдалануға келмейтін болып шықты. Айдос МАМЫТ, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің АОД басшысының бірінші орынбасары Техникалық ерекшеліктерге сәкес 1 жылдың ішінде мердігер мекеме өзі берген планшеттеріне ауыстырып, не болмаса жөндеп-реттеп беруі тиіс. Осы мерзімді пайдалана отырып, оқушылардың планшеттерін қайтадан жаңарту жүргізіп, толықтай ауыстырып беретін болады. Бұзылған техниканы жөндеуге қанша уақыт кететіні белгісіз. Онсыз да…
Нұрсая ықшамауданындағы 14-үйдің тұрғындары баспаналарының бас сауғалауға жарамсыз екенін айтып, дабыл қағуда. Оған дәліз қабырғаларындағы жарық және жеделсаты мен кіреберістегі қоңыраудың жарамсыз күйде жатқаны себеп болып отыр. Пәтер иелері кооперативіне ескерткенмен, мәселе шешілмеген қалпында қалған. Ал ауладағы балаларға арналған ойын алаңы туралы әңгіме бөлек. Галина КЛЕВЦОВА, тұрғын Жуыну үшін жылы суды бір сағаттай күтуіміз қажет. Су жүрмесе, есептегіш құралдың не қажеті бар?! Ақшаны не үшін төлейміз? Біз жылу электр орталығымен байланысып, ондағы жағдайдың да мәз емес екеніне көз жеткіздік. Үйге келген мамандар іштің жылы екенін айтқанмен, дірдектеп жүретініміз анық. Кейде электр пешін қосуға тура келеді, ол дегенің – қып-қызыл шығын!…
Мемлекеттік қызметтерге сұраныс көбейген сайын оның мерзімінен кешіктіріліп көрсетілетіні байқалған. Бұл құзырлы органдарға жүргізілген қоғамдық бақылау нәтижесінде белгілі болды. Осы жөнінде ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында мәселе көтерілді. Жер қатынастары, денсаулық сақтау саласындағы, сондай-ақ басқа да жаппай сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің электронды түрге көшу процесіндегі жұмыстар талқыланды. Данияр АЛТЫБАЙ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің АОД басқарма басшысы Электронды веб порталы арқылы түскен мерзіміанықтаманың ашылмайтындығы және автокөліктерге мемлекеттік тіркеуде жүргізу барысында, интерпол базасында және кедедік рәсімдеуден өткендігі жөнінде тексерілудің жай жұмыс жасайтындығы анықталды. ++Осы жағдайда департамент пен тиісті органдардың шұғыл әрекет ету нәтижесімен бұл мәселе жолға қойылып, қазір мемлекеттік қызметтер сапалы көрсетілуде.…
Қысқа дайындықты «Атырау» ӘКК жанындағы Тұрақтандыру қоры қызу бастады. Қараша айында қор қоймалары 600 тонна көкөніспен толмақ. Мамандардың айтуынша, қазір өнімдерді жинау процесі жүріп жатыр, ал желтоқсан айынан бастап қала базарлары мен аудан орталықтарында саттық жұмыстары басталады екен. Гүлмира МЕҢДАЛИЕВА, «Атырау» ӘКК АҚ департамент директоры Көкөністердің ішінде 361 тонна картоп, 79 тонна жуа, 49 тонна сәбіз, 114 тонна капуста қала базарларында былтыр біз қойған бағамен сатылады деп жоспарлап отырмыз. Баға тұрақтылығына бас ауыртудың керек еместігін айтқан маман қазір қоймаға жуаның ғана жеткізілгенін мәлімдеді. «Қыстың қамын жаз ойла» демекші қазір қоймаға 79 тонна жуа жиналған. Оларды осылай тазалап, ұзақ мерзімге сақтауға…
Екінші дүниежүзілік соғысқа Индер ауданынан 3 654 азамат аттанса, 1 987-сі от ортасынан оралмаған. Солардың бірі – Боран Нысанбаев. Батырды ұрпаққа ұлықтау мақсатында Көктоғай ауылында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің «Әскери даңқ» бөлімшесі ашылды. Қатимолла РИЗУАНОВ, облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тарихтағы ең зұлмат соғыс екінші дүниежүзілік соғыс. Ұлы отан соғысы елге халыққа, ұрпаққа өзінің зиянды әсерін қалдырған үлкен оқиға. Осы оқиғада бірнеше бір үлгі алатын ерліктері көпке үлгі болатын тәрбие жұмысына пайдалануға болады деген сияқты азаматтардың тарихтан аттары белгілі. Мәдениет үйінің қабырғасында ашылған бөлмеде Боран Нысанбаевтың ерлікке толы өмірін кеңінен насихаттауға мүмкіндік жасалған. Одан көрермен ауылдың тарихы мен бейнематериалдарын 3D форматы…
