Маңғыстау облысында тұрғындар ыстық су мен жылусыз отыр. Әсіресе, Ақтауда жаңадан бой көтерген ықшамаудандардың жағдайы тіпті қиын.
Көктемде жылыту маусымы тоқтаған кезде ыстық су да көзден бұл-бұл ұшты. Міне, күн суытқалы әлі көңіл тоғайтқан ештеңе байқалмайды. Олар салқын суды ыдыстарға жылытып пайдалануға мәжбүр. Қаланың қақ ортасында отырып мұндай күй кешкен қиын, – дейді тұрғындар.
Жалпы, шаһарда күз мезгілі келіп жеткенде әлеуметтік нысандар мен 1 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйдің жылыту маусымына дайындығы тексерілді. Сол кезде анықталған ақаулар мен кемшіліктер қалыпқа келтіріліп, жөнделді, – дейді жауапты мамандар. Айтуынша, қалада 70-ке жуық тұрғын үй коммуналдық кооперативі бар екен. Бірақ оның кейбірі әлі күнге дейін ыстық су мен жылу беруге рұқсат алмапты.
Асқар ДҮЗМАҒАНБЕТОВ, «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің бас инженері
Қала үлкейіп жатыр, ал жылу өндіру ұлғайтылған жоқ. Ол жағынан тапшылық бар. Екі құбыр бар су кететін, кері қайтатын. Соның біреуі тоқтап тұр. Сол себепті қалаға айналым болмайды. Халық интенсивно қолданса жылынады. Тұйық система болған соң суи береді. Ыстық судың орнына мұздай су кетіп жатса, акт жазыңыз, төлемін мұздай су есебінен алсын.
Коммуналдық сала мамандары 15 қазанға дейін қалаға жылу беріледі дейді. Ыстық су мәселесі де сол кезде шешімін табады, – деп сендірді. Бірақ бұл мәселенің жылыту маусымынан басқа мезгілде қайталана беретін түрі бар.