Былтыр дүниеден өткен Мақат ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Айболсын Елеусіновтің «Батыр Муса байрағы» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Кітапқа екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімен танылған Муса Баймұқановтың өмір жолын суреттейтін «Намыс оты» атты деректі повесі қайта басылды. Сонымен қатар, бұл жинақта батыр туралы тың деректер мен тақырыптық мақалалар топтастырылған. Мұса АЙБОЛСЫН, автордың немересі Атамыз Айболсын Елеусінұлы көзі тірісінде бастап кеткен.Белгілі бір себептермен сырқаттануына байланысты, бұл кітап аяқсыз қалды. Бастаған кітапты аяғына дейін жеткізейік деп, мына ұрпақтары бар , өзінің жары Роза Қарақызы бәріміз бірлесіп Алма Қалусариева, Төлеген Жаңабайұлы бәріміз ақылдаса келе осы кітапты толықтай жазып бітіріп баспадан…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атыраудағы №1 емханадан шу шықты. Мойнындағы міндетті атқару барысында коронавирус жұқтырып алған 300-ге жуық медицина қызметкері өздеріне тиесілі 2 млн.теңге үстемақыны талап етуде. Олардың барлығы – пандемия кезінде алдыңғы шепте жүрген ақ халаттылар. Ал қаржы аударуды мақұлдайтын комиссия вирусты жұқтырған адамның аты-жөнін айтпайынша, көмек көрсетілмейді дейтін көрінеді. 70 мыңға жуық адамға қызмет көрсететін емханада оны анықтау, әрине, мүмкін емес. Азамат ӘДІЛБЕКҰЛЫ, №1 қалалық емхананың дәрігері 01:45 -Мен өзімнің жеке басым 200-ге жуық адамға лобарантым екеуміз пневмония диагнозын қойдық. + Менің екінші дәрігер-рентгенологым ауырып, больничный алуына байланысты маған берген жоқ. 39 температурамен 2 күн қатарынан қызметімізді атқара бердік. +Үстемақымызды екі рет…
Өңірде тұмауға қарсы екпе салдыру жұмыстары жүріп жатыр. Қауіпті топқа кіретін тұрғындарға тегін екпе қарастырылған. Оған иммундық төтеп беру қабілетінің төмендігі себеп. Мамандар коронавирус індетінен жазылып шыққандарға да вакцинаны салуға болатынын айтады. Ақмарал САҚЫПОВА, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің бас маманы Тұмау вакцинасын короновирустық инфекциядан ауырып жазылғандарға болады, бірақта жоғары температура кезінде немесе аурудың өршуі кезінде вакцина салуға тыйым салынған.+01:05 Оқушылар негізі атап кеткен қауіпті топтар құрамына кірмейді , ата-анасының шешімімен вакцина алуға болады.+01:20 Қазіргі уақытта облыс бойынша вакцинация 80-70 пайызға дейін қамтыды тұрғындарды, бірақта солардың арасынан соған қарамастан бас тартып жатқан тұрғындарда бар .Соған орай емханалардың учаскелік дәрігерлері және…
Басынан бұлт кетпеген баспананың бірі – Жұлдыз ықшамауданындағы 64-үй. Ондағы тұрғындардың біздің арнаға жүгінгені бірінші рет емес. Әу баста құжатсыз, газсыз отырған көпбалалы отбасылар электр пешін пайдаланатынын айтып шағымданған еді. Сол кезде әкімдік тұрғын үйдің 80 пайызы толған кезде ғана көгілдір отынмен қамтамасыз етуге уәде берген. Ал қазір көпқабатты үйдегі адамның қарасы молайса да, газ жүргізу туралы сөз қозғалмаған. Оның үстіне, сапасыз салынған кәріз жүйесінен ақау шығып, жығылғанға жұдырық болған жайы бар. Тұрғындардың айтуынша, құрылысқа жауапты компания жүрдім-бардым салынған үйден құтылғанша асық. Ал ТКШ аталған олқылықтардың орны толмайынша қабылдамайтынын жеткізген. Асылбек ШМАНОВ, қала тұрғыны Өткенде комиссия келді. Неполодки бәрін…
Мемлекеттік қызметшіге сыйлық беру заңмен толықтай тыйым салынды. Бұған дейін 2 АЕК-ке дейінгі көлемде сыяпат рұқсат етілген болса, енді мүлдем болмайтыны туралы заңға өзгертулер енгізілді. Алайда бұл тақырыпта халықтың пікірі қақ бөлінді. Бірі материалдық сыйақыны оның адал қызмет атқарғаны үшін беруді жөн деп тапса, екінші тарап сыйлық бермеудің сараңдыққа жатпайтынын айтады. Сыйлық беруге тыйым салу заңмен бекітілсе де, түсіндіру жұмыстарын алдымен халыққа жүргізу керек сыңайлы. Әйтпесе, мұндай ойды құптайтын елдің кесірінен біраз мемлекеттік қызметші орнынан негізсіз босап қалуы мүмкін. Жемқорлық фактілерінің енді көбейю қаупі бар. Себебі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер бойынша құқық бұзған жағдайда квазимемлекеттік сектор қызметкерлері де мемлекеттік…
Қазақстан халқы Ассамблеясының Индер ауданы әкімдігі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі мәжілісі өтіп, онда бірнеше мәселе қаралды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылған шаралар мен аудандық Кеңестің осыған дейінгі қызметі туралы баяндамалар тыңдалды. Нұржан ЕРМҰХАНОВ, Атырау облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы -Бүгін Индер ауданына Атырау облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің көшпелі отырысын өткізуге арнайы келдік. Мүның алдында біз Мақат ауданында, Махамбет ауданында болып келдік. Біздің мақсатымыз осы аудандағы өзекті мәселелермен, халықтың әл-ауқатымен танысу. ++Қазіргі уақытта мәселелер талқыланды. Өзекті мәселелер болашақта шешімін тауып ары қарай қоғамдық келісім кеңесінің бақылауында болады. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша тиісті жобаларды жүзеге асыру үшін…
Өкімет басшысы 2025 жылға дейін еліміз бойынша 25 мың шақырым жолды жөндеуден өткізу жөнінде тапсырма жүктегелі Индер ауданында қызу жұмыстар басталып кетті. Әсіресе, 3 486 халық мекен ететін Елтай ауылында жаңадан жолдар салынып, ауыл тұрғындары қуанулы. Нәсіпқали САҒЫНОВ, Елтай ауылының тұрғыны Осы жол мәселесі бұл енді көптен бері ауылымызда әңгіме болып келе жатқан өте бір өзекті мәселенің біреуі еді. Осыған дейін газ, су, свет мәселесі ауылымызда бар. Жағдай жаман емес жақсы. Жол мәселесі үлкен проблема болды. Аудан ішіндегі 364,9 км жолдың 82 шақырымы республикалық маңызы бар Атырау–Орал тасжолына тиесілі. Ал ауданда 80 километрге созылған Атырау–Индер тасжолынан басқа 65 мың метр…
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы пандемияның екінші толқынына дайын екендерін мәлімдеді. Дегенмен облысқа келген арнайы комиссия 12 пункт бойынша тексеріп, 3 тармаққа сай келмейтін тұстарын анықтаған. Оның ішіне медициналық мекемелерде дене қызуын өлшеп кіргізудегі кемшіліктер, ақпараттық түсіндіру жұмыстарының аздығы және фильтр кабинеттерінің талапқа сай еместігі кіреді. Ал басқа көрсеткіштер бойынша толық дайын көрінеді. Мәселен, қазір 130 реанимация орны сақадай сай тұр. Өңірде қатерлі індетке қарсы 14 стационар жасақталған. 280 дәрігер алдын ала дайындықтан өткен. Сондай-ақ, 259 тыныс алу аппараты аурумен күресуге толығымен жетеді деген болжам бар. Жалпы, құрал-жабдық тапшылығы жоқ деп сендіреді мамандар. Жамал ЖАМАНБАЕВА, Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау…
Қалада үш мамандық бойынша тегін курс ашылды. Шаштараз, маникюр шебері, кондитер секілді сұранысқа ие мамандықтарын меңгеруге «Шанс» халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығының жанынан ашылған «Інжу» шеберханасы мүмкіндік жасап отыр. Сондай-ақ, республиканың әр түкпірінде орналасқан қолдау орталығы террористік аумақтан құтқарылған және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер мен балаларға көмектесіп келеді. Ольга РЫЛЬ, қоғамдық қор директоры Ақысыз курстар бір айға ғана созылады деп ойлаймын. Бұл оқыту ерекшеліктеріне байланысты . Тырнақ әрлеу шеберлігін 10 күнде-ақ үйренуге болады. Ал шаштараз бен кондитерлікті оқыту айға созылады. Біз олардың біліктілігін арттыру үшін барымызша кәсіби мамандарды шақырып жатырмыз. Орталық 15 адамға лайықталған. Ал шеберхананың ашылу құрметіне…
Қала бойынша 124 үміткер бақ сынаған партияішілік сайлаудың дауыс беру нәтижелері жарияланды. Праймериз басталғалы облыс орталығында 22 пікірсайыс ұйымдастырылып, өңірдің өзекті мәселелері талқыланды. Жастар жағы науқан барысында берілген ерекше мүмкіндікті одан әрі жалғастыратынын айтады. Фархат ШАХМЕТОВ, үміткер Қаламызда ДЦП мен аутизммен ауыратын балаларға, соларға тегін гидротерапия курсын ұйымдастырып, осы қалада сондай жұмыстар атқарып жатырқ. Жас кәсіпкерлерге кауеркинг орталығын ашуды көздеп отырмыз.Ол жерде оларға тегін бухалтерия жағынан сосын бана заң түрінде тегін кеңестер беріледі. Ереже бойынша праймеризге партия құрамындағылардың ғана қатысуына және дауыс беруіне мүмкіндік берілген еді. Кандидаттар ашық алаңда қалай жұмыс істеу керектігін үйреткен шараның бергені мол екенін атап…
