Өңірде жыл басынан бері құнды балыққа көз емес, қол салғандарға қатысты 1889 әкімшілік, 15 қылмыстық іс қозғалған. Дегенмен өзенді өз үйіндей көргендерді темір тор да қорқытпайтын сыңайлы. Өзенге заңсыз ау тастау талайлардың үйреншікті әдетіне айналған. Мұндай әрекеттің алдын алу мақсатында Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы кезекті рейдке шықты. Мамандар айналдырған 3 сағаттың ішінде 30 дан астам ау құрылғысын судан шығарғанын айтады. Еламан ХАБИБУЛИН, Дамбы бөлімі инспекциясының басшысы Біздер жалпы осындай синтетикалық ау құралдары балық аулауға тыйым салынған. Балыққа өте зиян келтіреді. Осы мына екі күзетші кемесімен және мына 5 жеңіл моторлы қайықпен осы мына Жайық өзенінің…
Автор: Сайт әкімшілігі
Нұрсая ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің астыңғы іргелік қабаттары 10 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмай тұр. Жүздеген мың шаршы метр жер қазір қоқыс полигонына айналған, бұл жаңа ықшамауданның келбетіне сай келмейді. Сынған терезе, сорғалаған су, сыны кеткен қабырға. Осы мәселе жөнінде тұрғындар әкімдікке бірнеше рет шағымданған. Бірақ мұндай орындардың бір бөлігі қалалық әкімдіктің меншігінде емес екені белгілі болды. Жауаптылардың айтуынша, көбінің иесі болғанмен, елдегі дағдарысқа байланысты жоспарлы бизнес бастаусыз қалған. Ал орындарды үлестіруге келетін болсақ, астыңғы қабаттардың бір бөлігі жалға беріліп, қалғаны конкурстық негізде тек ақша табудың ошағына арналмаған қызмет түрлеріне сенімгерлік басқаруға беріледі. Мысалы, бұл арада әлеуметтік немесе мәдени-спорттық ұжымдарды…
Қаулыға жауапты қазаншының қиялында шек болған ба?! Естеріңізде болса, елге ұсынылған ереженің соңғы нұсқасында жаттығу залдарына тыйым салынған еді. Алайда бірер күн бұрын спорттық ұйым өкілдері облыстың Бас санитариялық дәрігерімен кездесіп, атқан оққа теңеулі сөзін қайта өзгертуіне ықпал етті. Топ болып жиналған спортшылардың не айтқанын қайдам, құбыла беретін қаулы өңін сол жерде тағы бір рет өзгертіп үлгерді. Қорытындысында, таңертеңгі 9-дан түнгі 10-ға дейін фитнес-орталықтарына, спорттық секцияларға және бассейнге баруға рұқсат етілді. Бірақ суға түсу үшін алдын ала жазылу ережесі бойынша және 50 адамнан аспау талабын орындау қажет.
Карантиндік шектеулердің әсерінен театр көрермендері 50 адамнан аспайтын хәлге жетті. М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының залында 500 адамға орын қарастырылғанмен, ат төбеліндей елді жинай алады. Алайда тірі қойылымды сағынғандардың қарасы көп. Ал келген көрерменге бетперде тағып отыру міндеттеліп, арақашықтықтың сақталуына жағдай жасалды, – дейді өнер ордасының басшысы. Берік ЖӘМЕНОВ, М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының басшысы Жастарымыз келіп жұмыс жасады. Ол кезде де 20-30 адаммен репетицияны тоқтатпауға тырыстық. геройлар дейді ғой соларды бөлек бөлек дайыдыққа салуға тура келді. ++1:20 Арнайы рұқсатымызды алдық мәдениет басқармасынан, облыстық Бас санитарынан. Бүгінде толыққанды жұмыс жасап жатырмыз. Осыған дейін бірнеше рет телефон арқылы сұрап…
Самал ықшамауданы тұрғындарының әкімдікке өкпесі қара қазандай. Өйткені, 6 шақырымға созылған өткелге асфальт төселмегені былай тұрсын, өмір сүруге қажетті жағдай жасалмаған. Тұрғындардың сөзінше, жан-жақта жүргізілген жол құрылысы бұл араға келгенде құдды көзін жұмып өткендей. Сондай-ақ, жергілікті халық елеусіз қалудың екінші азабын жарықсыз көшеден тартып отыр. Жауын-шашынды күні шам орнатылмаған көшемен жаяу жүрдім дегенше жүйкем жұқарды дей беріңіз. Бақыт ШАМ, қала тұрғыны Тасжол керек-ақ, жауынды күні тіптен жүре алмаймыз. Балшыққа батамыз да жатамыз. Жарығы жоқ көшеде кішкентай балалармен сүрініп-қабынып жүргеніміз – жүрген. Қалада тұрамыз деуге мүлде келмейді. Тіпті, өмірдің ләззатын сезіну қиын. Жоспар бойынша өткел бойындағы үйлер су, жарық, газ, жолмен…
Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша облыстың білім сапасы көңіл қуантпайды. Жыл сайынғы PISA,ҰБТ, ОЖСБ сияқты сынақтардан ең төменгі нәтижені атыраулық оқушылар көрсетуде. Дегенмен сапаға көшу керектігін түсінген басшылық дербес білім беру ұйымдары және ресейлік орталықпен бірге жол картасын дайындап жатқанын айтады. Мамандар алдағы 3 жыл бойы жүргізілетін жобаның бастапқы жұмысына тоқталып өтті. Айдана ШИЛІБЕКОВА, НЗМ педагогикалық өлшеулер орталығының директоры: 16 мектепті таңдап, сол 16 мектепкпен зерттеу жүргізуді көріп отырмыз. Яғни 16 мектеп анықталғаннан кейін ол мектептің инфрастурктурасы,құрамы жанағы педагогтер құрамы , содан кейін барып оқушылардың олқылықтарын анықтайтын жұмыс толыққанды жан-жақты болып тұрады. Содан кейін барып 16 мектептің 4 және 8-…
Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын орталықтағы бір бүлдіршіннің анасы мекемедегі қызметкердің баласын ұрғаны туралы шағымданған еді. Тіпті, істің байыбына бармастан ата-аналарға арналған чатта түймедейді түйедей етіп көрсеткен. Ал қызметкер ойын барысында сәбидің бетіне доп тигенін айтады. «Жұмсақ тіндердің жарақаттануы» деген диагноз қойған жеке емхананың шешімінен кейін баланың ата-анасы күмәнін арттырған. Дегенмен кейін сот-медициналық сараптама тағайындалып, баланың денсаулығына зақым келмегені анықталды. Нәтижесінде, жеке емхананың қорытындысы біржақты деп саналып, жарамсыз деп танылған. Өмірләззат ӨТЕБАЕВА, дамыту орталығының директоры: 13-қазанда, яғни сейсенбі күні сараптама қорытындысы шықты. Өзіміз күткендей, қызметкердің кінәсіз екені анықталып отыр. Жалпы, қай-қай әрекетіміздің де дұрыс екеніне сенімдіміз.
Электр болған. Сапасы сын көтермейтін мұндайлардың қалада 300-дейі бар көрінеді. Көше шамдарын орнату жұмыстары былтыр жүргізілгенмен, бір жыл өтпей жатып бағандар қақ айырылу қаупінде тұр. Тұрғындар олардың бір күні үйіне немесе аулада ойнап жүрген балаларының үстіне құлап кетуінен қорқады. Әкімдіктегілердің айтуынша, мердігер мекеме әу баста-ақ ескісін орнатқан. Кепілдік мерзімі 2 жыл болғандықтан, оларға хат жолданып, сот арқылы жаңасы қондырылатын болды. Енді бұл жұмыстар жыл соңына дейін атқарылуы тиіс. Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА, Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ол ақаулықтарға сәйкес мердігер мекеме Атырау көлік компаниясына тиісінше хаттар жолданды. Қазіргі таңда аталған компания барлық көшелердегі өздерінің тарапынан кеткен кемшіліктерді түзетуге кепілдік беріп отыр.…
Мұнай бағасы 40 долларға дейін құлады. Осының кесірінен Қазақстандағы ірі мұнай-газ компанияларының бюджеті 30-40 пайызға дейін қысқарған. Нәтижесінде, көптеген жобалар кейінге қалдырылып, жергілікті шағын және орта бизнеске кері әсерін тигізді. Ал бұл жағдай халық арасында жұмыссыздықты өршітіп, жаһандық экономиканың ауылдағы ағайынмен де тікелей байланысты екенін көрсетті. Мамандар мұндай кезде мұнайға ғана сеніп қалмай, өндірістің басқа да саласын алға жылжыту керектігін айтады. Дегенмен ол үшін Үкімет тарапынан жағдай жасалу қажет. СНХ324: Асылбек ЖӘКИЕВ, «Атамекен» ҚР ҰКП-ның ресми өкілі 04:22 Біздер қазір локализация дейміз ғой. Жергілікті өндірісті көтеру. ++ 5:05 Қазақстанда ондай қатты стимул жоқ. Біріншіден жергілікті өкімет өндірушіге стимул беруі…
Мақаттық велошабандоздар 7 күнде 800 шақырымды бағындырды. Ауданнан бағыт алған «ВелоМақат» клубының төрт велосипедшісі Мақат-Бейнеу-Үстірт-Сайтөс-Шетпе-Жыңғылды-Таушық-Ақтау бағытында жүріп өтіп, велоклубтың рекордын жаңартты. Данияр ҚАЗАҚБАЕВ, велошабандоз Мақаттан шыққаннан жеті күнде Ақтауда болдық. Жолда қызықты жерлерге соқтық. Бейнеуде Бекет атаның мешітіне соқтық. Отпантауға соқтық. Одан бергірек әдемі жерлерді көрдік. Шетпе жақтарда әдемі жерлер бар. Қиыншылықтар болады. Аяққа да ауыр болады. Жел ең басты қиыншылық. Сосын Маңғыстау жақта қырлар көп шығатын солар қиын болды. Дөңгелектер жарылды. Бірақ ол қатты қиын қиыншылық емес, ауыстыра қоямыз. Аудандағы велосипедшілер клубы 2014 жылы құрылды. Негізін қалаушылардың бірі Абзал Аманчиев алғашқыда екі аяқты көлікті жұмысқа қатынау үшін таңдаған. Топ…
