Электр болған. Сапасы сын көтермейтін мұндайлардың қалада 300-дейі бар көрінеді. Көше шамдарын орнату жұмыстары былтыр жүргізілгенмен, бір жыл өтпей жатып бағандар қақ айырылу қаупінде тұр. Тұрғындар олардың бір күні үйіне немесе аулада ойнап жүрген балаларының үстіне құлап кетуінен қорқады. Әкімдіктегілердің айтуынша, мердігер мекеме әу баста-ақ ескісін орнатқан. Кепілдік мерзімі 2 жыл болғандықтан, оларға хат жолданып, сот арқылы жаңасы қондырылатын болды. Енді бұл жұмыстар жыл соңына дейін атқарылуы тиіс.
Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА, Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы
Ол ақаулықтарға сәйкес мердігер мекеме Атырау көлік компаниясына тиісінше хаттар жолданды. Қазіргі таңда аталған компания барлық көшелердегі өздерінің тарапынан кеткен кемшіліктерді түзетуге кепілдік беріп отыр. Алдағы уақытта мердігер мекеменің есебінен түзетілетін болады.