Автор: Сайт әкімшілігі

Карантин талаптары күшейтілгенімен нәтиже көз қуантарлықтай емес.  Шаһарда тек демалыс күндері жүргізілген рейд барысында 13 тәртіп бұзушылық тіркелді.  Ал 7 қоғамдық тамақтану орны түннің бір уағында да жұмысын тоқтатпаған.  Соңғы кездері  қаланың түнгі өмірі жабық есіктердің ар жағында жалғасып жатыр.  Айтқандай-ақ, Тұрғындар қалашығындағы шағын кинотеартлардың бірі көрерменге лық толық болды.  Сондай-ақ, бас дәрігердің қаулысына  құлақ аспайтын  тойшыл қауым 5 тойдың екеуін үйде, қалғанын мейрамханада дүркіретіп өткізген. Мобильдік топ бұқараға түсіндіру жұмыстарын жүргізе бермек. Айта кетейік, жаңа қаулыға сәйкес, шектеулер жағдай бір қалыпқа түскенше сақталмақ.

Read More

Жем өзені жыл өткен сайын тартылып барады. Бәрінен бұрын кәсібі тіршілік нәріне байланған шаруалар бір кездері толқыны тулап, арнасынан тасып жататын өзен жойылып кете ме деп қорқады. Алатау Шарғабаев мал шаруашылығымен 25 жыл айналысқан. Үкіметтен несие алып, төрт түлігін көбейткен. Алайда оның маңдай тері ақталмауы мүмкін. Алатау ШАРҒАБАЕВ, Жылыой ауданының тұрғыны Су тапшылығы. Шабынды жеріме су шықпай қалды. Шөп шабатын жерім жоқ, жайылым жері де жоқ. Сол себептен тоқтатып тастадым. Бұлақ көздері тазаланбай жатыр. Бұлақ көздері бітеліп жатыр. Ашылу керек. Бұлақ көздері осы жерден 70-80 км жерден басталады тауға қарай. Сол бітеліп жатыр. Жұмыс жасамай жатыр. Жемнің мүшкіл күйге түсуіне…

Read More

19 қазан – құтқарушылар күні. Осыдан 25 жыл бұрын құрылған Төтенше жағдайлар комитетінің ресми мерекесіне орай атыраулық мамандар авариялық-құтқару құралдарын жұртшылыққа таныстырды. Тұрғындар өрт сөндіру техникалары мен іздеу дрондарын өз көзімен тамашалады. Сондай-ақ, судан құтқару операциясы көрсетіліп, департаменттің белгиялық Гром және Абрек атты қос иті көпшілік алдында түрлі жаттығу жасады. Омар БЕРЖАНОВ, начальник ДЧС Атырауской области Здесь находятся 17 единиц техники, пожарных, основных спасательных, автолестниц. Также автомашины кинологической службы, скорой медицинской помощи. Другие более 20-ти машин стоят на боевом дежуртсве. Наши работники несмотря на субботу-воскресенье, праздничные дни они 7 дней в неделю 24 часа в сутки на дежурстве. Хочу поздравить…

Read More

Маңғыстау облысында  жалпы саны 54 науқас ем қабылдап жатыр. Тең жартысы  пневмония диагнозымен Ақтаудағы көпбейінді провизорлық стационарға түскен.  Халі ауыр төрт адам жансақтау бөлімінде. Науқастардың  жағдайы тыныс алу жетіспеушілігі мен ілеспе аурулардың  қозуынан  нашарлаған,- дейді аурухана басшысы. Емделушілер түгелдей дәрігерлердің жіті бақылауында. Амантай ДОСЖАНОВ, Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры Қазіргі таңда тыныс алу апараттары бойынша тапшылық жоқ. Толық қамтылған. 20 төсектің бәрінде бір-бір апараттан тұр. Одан тыс науқас саны көбейі жатқана 16 койка реанимациоонный бар. Ол жатқта да апараттар толық. Арнаның түсірілім тобы облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен  бірлесіп, мониторинг барысында індеттің екінші толқынына қаншалықты дайын екендігіне көз жүгіртті. Мұндағы науқастар үшін…

Read More

Жыл басынан бері облыста құжаты жоқ 60 шақты адам тіркелген. Еске салайық, олқылықты жою мақсатында қыркүйекте «Кеңес кезеңінен бері құжаттандырылмаған немесе ешқандай құжаты жоқ азаматтарға арналған түсіндірме жұмыстары» акциясы  басталған еді. Науқан келесі жылдың 1 мамырына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында тұрғындарға заңгерлер тарапынан тегін кеңес беріліп, рәсімделу жолдары түсіндіріледі. Денис ДЖИВАГА, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы директорының орынбасары: Көбі ірі көлемдегі айыппұлдан қорқады. Егер олардың құжаты жоқ болса, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының заңгерлеріне жүгіне алады.  Біздің қызметкерлер толықтай тегін негізде қызмет көрсетеді.  Ал өзге елдің азаматы болса, елшілікпен байланысқа шығамыз.…

Read More

Вирусты гепатиттің алдын алыңыз. Осы бағытта салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері Исатай аудандық орталық ауруханасында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын өткізді. Мамандардың айтуынша, вирусты гепатит кезінде бауыр зақымдалып, зат алмасу процессі бұзылады. Сондықтан спортпен шұғылданып, тазалықты басты назарға алған жөн,- дейді олар. Анара СҮЛЕЙМЕНОВА, Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының медбикесі: Вирусты гипатит ауруының созылмалы түрі қатерлі бауыр ісігіне апарып соқтыруы мүмкін. Сондықтан өз денсаулықтарыңызды өздеріңіз күтіп, дұрыс тиімді тамақтанып салауатты өмір салтын ұстаныңыздар. Қандайма аурудың алдын алу үшін уақытылы екпелеріңізді алып, скрингтік тексерістерден өтіп тұруыңызды сұраймыз. Дертке балалар шалдықса, жиі шаршап, тәбеті төмендеп, дене қызуы көтеріледі. Сондай-ақ, бауыр тұсы…

Read More

Мемлекеттік «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы Индербор кентінің өзінде 7 800 түп көшет отырғызылып, жазғы су желілері тартылған. Сондай-ақ, экологиялық апаттардың алдын алу мақсатында басқа да ауылдарға көңіл бөлініп, қажетті шаралар қабылдануда. Мысалы, өлкедегі  ірі елдімекен Есбол ауылдық округінің басшылары жергілікті орман шаруашылығы мекемесімен бірлесіп осы күзде 1 300 түп тал егуді жоспарлап отыр. Ғабит САПАРОВ, Есбол ауылының тұрғыны: Бүгінгі мынау «Жасыл – желек» акциясы бойынша Есбол селосында  жасыл көшет отырғызу науқанында қызмет істеп жатырмыз. Бүгінгі күнде Жамбыл мектебінен  15 адамнан  жасыл көшет отырғызып жатырмыз. Бұл енді жас ұрпаққа болашаққа  көшет егіп қалдырып жатқан жағдайымыз бар. Дегенмен төрт түлік…

Read More

Облыстағы құтқару жасағының материалдық-техникалық базасы жеткіліксіз. Мерзімі өткен машиналар мен құрал-саймандардың орны уақытында алмастырылғанымен, әлі де аздық етіп тұр. Оған дәлел – соңғы уақыттағы қызыл жалынның дер кезінде ауыздықталмауы. Әйтесе де, құтқарушылар жыл басынан бері 1500 мәрте төтенше жағдаймен бетпе-бет келіп, 140-қа жуық адамды ажалдан аман алып қалған. Омар БЕРЖАНОВ, Атырау облысы ТЖД бастығы: База жеткілікті. Бірақта қазіргі кезде 100 пайыз жеткілікті деп айта алмаймын. Өйткені әрбір техника, құрал-сайман, қайықтар бәрі жылма-жыл өзінің 15-20 жылдан кейін мерзімін пайдалану мерзімі өткеннен кейін біз есептен шығарамыз. Қазір Исатай ауданында өрт сөндіру бөлімі салынып жатыр. Алдағы уақытта Индер мен Қызылқоғаны да қамту жоспарланған.…

Read More

Мұнайшы стадионының маңында  ұйымдастырылған дәстүрлі жәрмеңкеге 30-дан астам жергілікті өндірушілер мен  шаруа қожалықтары қатысты. Онда сүт, көкөніс, ет, балық т.б  өнімдері тұтынушыларға нарық бағасынан 15 пайызға арзанға сатылды. Ал таң атқалы қыз-қыз қайнаған сауданың қақ ортасында жүрген Бердіғали Мұхамедов 2 сағаттың ішінде 800 келі өнімін өткізіп үлгергенін айтады. Жәрмеңкедегі бағаның халыққа салмақ салмайтынын байқадық. Оған босай бастаған сөрелер мен кезек күткен көпшілік дәлел. Мұндай шараның жиі өтіп тұруы саудагерге мен сатып алушыға қатар тиімді дейді тұрғындар.

Read More

Түрмедегі «Сергек» бейнекамерасы кезекті қылмыстың ашылуына септігін тигізді. 15 қазан күні кешкі сағат 7 шамасында белгісіз біреулер Атыраудағы ерлер колониясына таяу келіп, қоршау сыртынан дорбаға салынған үш ұялы телефонды ішке лақтырған. Видеодан «ВАЗ-21-14» көлігімен келген 3 азаматты анық байқауға болады. Мекеме қызметкерлерінің жедел қимылдап, полицияға хабар беруінің арқасында «сәлемшілердің» әрекеті сәтсіз аяқталды. Полиэтилен пакеттің ішінде байланысқа қажетті құралдар болған. Колония басшысының айтуынша, оларға қатысты қатаң шаралар қолға алынбақ. Думан ТӘЖЕНОВ, УГ 157-9 мекемесінің бастығы: Атырау қалалық полиция басқармасының көмегімен «Сергек» бейнекамералары арқылы көліктің ізін кесіп, үш азаматтың кім екені бір-екі сағаттың ішінде анықталды. Олардың үстінен ҚР Әкімшілік Кодексінің 481-бабына сәйкес…

Read More