ПТР тестің құны енді ғана арзанданды. Адам бойында қауіпті вирустың бар-жоғын екі күнде анықтап беретін сынаманы 8025 теңгеге тапсыруға болады. Бұл мүмкіндік тек «Ұлттық сараптама орталығының» Атырау облысының филиалдарында қолданылады. Осыған дейін аталған қызмет құны 11500 теңге тұрған. Ал өңірдегі өзге жеке клиникалардағы бағасы 9000 теңгеден басталып, 17000 теңгеге дейін жетеді. Тіпті, пандемияның белең алған тұсында жеке зертханалардағы тестілеудің бағасы шарықтап, 20000 теңгеге дейін барған еді. Сынақтан сабақ алған денсаулық сақтау министрлігі екінші толқынға дайындық туралы мәлімдемесінде сынама құнының 22 процентке арзандатылатынын айтқан еді. Уәде орындалды.
Автор: Сайт әкімшілігі
Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі. Осындай тақырыпта Мақат ауданында кең көлемдегі ықпалдастық кездесу өтті. Шараға арнайы келген облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары көлеңкелі экономикаға тосқауыл қою және өңірлердегі төртінші деңгейлі бюджетті дамыту мәселелерін талқылады. Басқосуда Елбасы тапсырмасына сәйкес, алдағы бесжылдықта көлеңкелі экономиканы қысқарту қажеттігі сөз етілді. Осыған орай елімізде 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралардың бекітілгенін, мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды қазынашылық демеуді енгізу, заңнаманы жетілдіру және қолма-қол ақысыз төлемдер инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстардың жүріп жатқандығы айтылды. Мақат ауданында жыл басынан бері көрсетілген 11 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрінің 99%-ы электронды түрде жүзеге асқан. Сондай-ақ, мың жарымға жуық салық төлеуші тіркелген болса,…
Дендер топырағынан түлеп ұшқан, қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың мұрасын келер ұрпаққа насихаттау мақсатында Табылдытану жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, БҚО Сырым ауданы әкімдігі мен білім беру бөлімі «Жас туристер» стансасының ұйымдастыруымен ақын құрметіне аймақтық байқау ұйымдастырды. Онлайн бәйгеде индерлік өнерпаз оза шауып, бас жүлдені ақын ескерткішінің алдында иемденді. Бейбіт БАТЫРШИН, «Жас туристер» стансасының директоры: — Бұл сайысқа Маңғыстау облысынан, Атырау облысынан және Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан 22 қатынасушы осы байқауға қатысты. Нәтижесінде Табылды Досымовтың жерлесі Алтынбек Айболатұлы бас жүлдені жеңіп алды. Бұл шара жалғасын тауып жалпы Қазақстан өңірлерінде насихатталса екен деп ойлаймын. Жас өнерпаздар Табылдының талайды тамсандырған әндерін…
Атырауда екі қолға бір күрек таппағандардың саны екі есе артқан. Қалалық жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері 13 мыңнан астам адам жүгініпті. Олардың 3200-і ғана шаhар аумағындағы шағын және орта кәсіптерден орнын тапқан. Мамандар пандемия кезінде тіркелушілердің күрт көбеюінің бір себебі – жәрдемақы дейді. Нариман СӘЛІМОВ, Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары: Жалпы мына жүгінушілер санының артуы пандемияға байланысты , екінші кезекте жұмыстан қысқартылған немесе жұмыстан босатылған азаматтарға төленетін жәрдемақыға байланысты өсіп отыр. Жалпы осы 2020 жылы пандемияға дейін яғни наурыз айына дейін жұмыспен қамту орталығына 200 адам жолықса бүгінгі күнге 13000 адамға жетіп отыр. Яғни пандемиядан кейінгі аралықта…
Жалпы аумағы 120 гектар болатын егіс алқабында қартоп, жуа, қызылша, сәбіз, орамжапырақ секілді бірнеше көкөніс түрі өсірілген. Қазір 6 мың тонна егін өнімі жиналды. Оның 17 тоннасы картоп, әрқайсысы 50 тоннадан сәбіз бен қызылша, сондай-ақ, 70 тонна жуа бар. Мұнда 35 адам жұмыспен қамтылған. Шаруа қожалығы күн сайын облыс орталығына 30 тонна көкөніс пен бақша өнімін жөнелтеді. Ал оларды сату қаладағы 3 сауда нүктесі арқылы жүзеге асуда. Мұнда фермадан әкелінген сапалы һәм жаңа өнімдер нарықтан әлдеқайда арзан бағада сатылып жатыр. Ақтұрлан ЕРМАНОВ, «Дастан» шаруа қожалығының атқарушы директоры: Осыдан 15-16 жыл бұрын бір-ақ дақылмен бастасақ, бүгінде көкөністің 12 түрінен өндіріп…
Облыс тұрғындарына құлаққағыс. Қазанның аяғына қарай күн күрт суытуы мүмкін,- дейді синоптиктер. Аймақтағы желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшеймек. Сондай-ақ, орташа ауа температурасы +5-ке дейін төмендейді. Ауа райындағы өзгеріс бұл ғана емес. Түнгі уақыттағы термометр көрсеткіші минус үшке дейін бармақ. Қазан айының соңғы апталарында біздің аймақтың ауа-райына солтүстік-батыстан соғатын циклон әсер етпек. Сондай-ақ, жаңбыр күтіледі. Түнгі ауа-температурасы 2 мен 7 градус аралығында болғанымен,өңірдің солтүстігінде 3 градусқа дейінгі аяз күтіледі.
Ақтауда балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері үкіметтен жеңілдікпен берілетін баспанадан қағылдық деп шағымдануда. Олардың пәтер әлегімен жүргеніне 12 жылдың жүзі болыпты. Айтуынша, қалалық әкімдіктегі үй кезегіне 2008 жылы тіркелген. Алайда баспана кілті әлі күнге дейін бұйырмапты. Ал мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алудың өзі қиын дейді. Қазір олар уақытша бейімдеу орталығын паналап отыр. Бірақ бір күні осы жерден де қуып шыға ма деген үрейдің мазалайтыны рас. Райымбек БЕКТҰРОВ, Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі Үйге очередке тіркеле алмай жүрмін детдомнан шыққалы.Өзімде ешқандай мүлік не мұраға қалған ақша жоқ. Қайта-қайта барып шаршадым. Түсінбейсің неге екенін. Кезекке тұра алмай жүрмін. Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері осы жылы …
Бекіре тұқымдастарды теміржол арқылы тасымалдайтындардың қатары азаймай тұр. Мамандар қазанның ортасында басталған рейдтік шарада осындай 8 жағдайды анықтаған. Мұндай заңсыздыққа барғандарың үстінен қылмыстық іс қозғалады. Тойқожа АЗБЕРГЕНОВ, Атырау станциясы ЖПБ ӘП бөлімшесінің бастығы міндетін атқарушы: Азаматтарға ескертеріміз алдағы уақытта жедел-профилактикалық іс-шара кезінде Бұл жылына 2 рет өткізілетін іс-шара. Алыс жолға шыққан кездеріңізде өздеріңізбен бірге заңға қайшы іс-шара қызыл балық, қара уылдырық алып шықпауыңызды өтінем. Соттың шешімімен көп мөлшерде айыппұл салынады. Айта кетейік, айыппұлдың көлемі шамамен 500 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Мұнайлы өлкенің қызыл балығы көбінде Атырау-Алматы, Атырау-Астана бағытында қатынайтын жолаушылардан тәркіленіп жатады.
Өзі мың құбылған қаулыға тағы да өзгеріс енгізілді. 26-қазаннан бастап кинотеатрлардың жұмысы жанданады. Кинозалдар күшейтілген санитария талаптарын сақтай отырып, демалыссыз қызмет көрсетпек. Ал келушілерге бетперде тағып отыру міндеттеледі. Сондай-ақ, залдың сыйымдылығын 30 проценттен асыруға болмайды. Тағы бір жаңалық — сауда ойын-сауық орталықтары мен жабық базарлар сенбі күні кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді. Бірақ жексенбі және мереке күндері бұрынғыша жабық күйінде қала бермек.
«Нұр Отанның» Атырау облысындағы бас ғимаратында партияішілік сайлаудың алғашқы кезеңі қорытындыланды. Қарашада басталатын келесі іріктеу алғашқы кезеңдегідей үміткерлер арасындағы пікірсайыс түрінде өтпек. Мұнайлы өңірде партия мүшелерінің 94 проценті дауыс берген. Бұл – республика бойынша ең жоғары көрсеткіш,- дейді нұротандықтар. Нұрлыбек ОЖАЕВ, «Nur Otan» партиясы АОФ төрағасының бірінші орынбасары: Соңғы этаптарын қайта жаңғырту кезеңдерін өткізіп жатырмыз. Оның ішінде праймериздің 2-3 кезеңдері осы қараша айының басында өткіземіз деп жоспарлап жатырмыз. Екінші кезенің негізін қалайтын Атырау қалалық коонференциясы. Сондай-ақ аудандық 7 коонференция. Брифингте «Біргеміз» қоғамдық қорының халықтың әлеуметтік осал тобына беретін жәрдемақысы да талқыға түсті. Ел күткен елу мың теңге жеті санат бойынша…
