Дәл қазір Маңғыстау облысында Армениядан әкелінген 2070 көлік ресми тіркеуден өтті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жалпы, облыс тұрғындарының атына 3950 көлік тіркелген. Олардың 915-іне қайта тіркеуден өту қажеттілігі жоқ. Полиция департаментіндегілердің айтуынша, көптеген жүргізуші мемлекеттің тағы да жеңілдік жасауын күткендей тіркеуге асығатын емес. Бірақ осыған дейін Үкімет тарапынан берілген жеңілдік енді қайталанбайды. Яғни, жүргізушілер Армениядан сатып алған көліктерін 1-қыркүйекке дейін ресми тіркеп үлгеру керек. Қазіргі уақытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер тіркеу мерзімі өтіп кетсе, белгіленген заңға сәйкес әкімшілік жаза тағайындалмақ. Бір ескерерлігі, рөлі сол жағында орналасқан көліктер ғана тіркеуге тұра алады. Ол үшін жүргізуші 11…
Автор: Сайт әкімшілігі
Кәсіпкерлерге карантиннің жеңілдетілуіне байланысты infokazakhstan.kz сайтына тіркелу міндеттелді. Өтініштің қабылдануы кәсіпорынның санитария талаптарына сай екенін білдіреді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің сөзінше, жаңа платформа бизнесті карантин құрсауынан кезең-кезеңімен алып шықпақ. Еркінбек ҚАРАКЕШОВ, облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы: – Онда екі түрі бар: хабарлама арқылы және тексеріспен. Хабарлама арқылы шағын дүкен, сұлулық салондары сияқты кәсіп иелері тіркеле алады. Яғни, өзінің электронды үкіметке арналған кілтін пайдаланады және оларға автоматты түрде рұқсат етіледі. Ал ірі сауда орындары бірінші бізге сұраныс жібереді. Сосын арнайы комиссия тексеріп, содан кейін олар жұмысын бастай алады. InfoKazakhstan сайты арқылы санитария нормаларының сәйкестік актісін алу қажет. Ол үшін: Электронды қолтаңба…
Самокат мінудің сәнге айналғаны соншалық, балақайлар экологиялық таза көліктің қарапайым түрін тепсе, ересектерге электронды самокат ыңғайлырақ. Диляра Ұспанова жақын арада жаңасын сатып алыпты. Бұл – тапсырыс жеткізудегі таптырмас көмек. Әу баста велосипедпен жүрген ол ең қолайлы нұсқа осы деп шешіпті. Диляра ҰСПАНОВА, қала тұрғыны: – 2 күн велосипедпен жеткізіп жүрдім. Кейін самокат аламын деп шештім. Өйткені, велосипедте отырғанда арқамдағы жүк қозғалып, кедергі келтіреді. Ал самокатпен жүргенде сен отырмайсың ғой. Бір орында тұрған соң, бәрі қалыпты болады. Сарапшылар самокатты таңдағанда оның сапасына аса мән беру керек дейді. Өндірушінің атауы, танымалдылығына мән берген жөн. Сапасына да көңіл бөлген дұрыс. Есенжан ҒИЛМАНОВ, самокат сатушы:…
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі Асқар Мәминді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Үкімет басшысы Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады. Президентке тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, күзгі жиын-терін жұмыстарын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына дайындық жөнінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, кездесуде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету мәселелері сөз болды. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.
Бейнеу ауданындық ауруханасындағы жұқпалы ауруларға арналған бөлімнен коронавирус жұқтырған соңғы адам жазылып шықты. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабар таратты. Осыған дейін ауданда 384 науқас тіркелсе, оның 203-і симптомсыз болған. Олардың барлығы сол жерде ем қабылдаған. Ауру жұқтырғандардың бәрі толық жазылып шыққан соң, қазір орталықтағы 150 орын қысқартылып, қаупісіздік мақсатында 30 орын ғана қалдырылған. Берік АБДУЛЛАЕВ, аудандық аурухананың бас дәрігері: – Бүгін соңғы науқасты шығарып салдық. Науқастарға жәрдем беру үшін күні бойы жұмыс жасадық. Басында қиын болғанмен, кейін оны да жеңіп шықтық. Бізде тәжірибелі дәрігерлер көп, мен солардың барлығына алғыс білдіремін. Бас дәрігердің айтуынша, 60-ты еңсерген соңғы науқас 6-тамыз…
Қазақстан ең бақытты елдердің ішінде 50-орынға тұрақтады. Мұндай мәлімет әлемнің 150-ден астам елін қамтитын бақыт деңгейі рейтингінде көрсетілген. Өткен жылы біздің мемлекет 60-шы орында болған еді. Қазір Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения тұрғындарына қарағанда бақытты екенбіз. Әсіресе, ауылдық жердегілердің төрт құбыласы тең көрінеді. Қала тұрғындары да өздерін бақытты сезінетінін айтты. Рейтингте тұрғындардың азаматтық бостандықтарынан бастап, отбасындағы тұрақтылықтарына дейін есептеліпті. Біреу үшін бақыт – қауіпсіздік пен болашағына деген сенімділік болса, енді біреулер үшін – жайлы жұмыс, жақындарының амандығы. Ал Атырау тұрғындары шын бақыт – бала мен оның денінің саулығында деп жауап берді.
Кеше АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Ажал алқабы» ұлттық паркінде көптен бергі ең жоғары температура тіркелді. Жергілікті мамандардың айтуынша, ыстық 54,4 градусқа дейін жоғарылаған. «Ажал алқабында» ауа температурасының көтерілуі жиі байқалады. Кей мәліметтерге сүйенсек, 1913 жылы 56,7°C-ге дейін көтерілген. Бірақ ғалымдар оның қате болу мүмкін екенін айтады. 2013 жылы «Ажал алқабында» 53,9°C тіркелген. Сондай-ақ, 1922 жылы Ливияда сынап бағанасы жер бетінде бұрын-соңды болмаған 58 градусты көрсетті деген алып-қашпа әңгіме шықты. Кейін оны зерттеген мамандар көрсеткіштің қате екенін дәлелдеп шықты. Әзірге жер бетінде ресми түрде тіркелген ең жоғары ауа температурасы 55°C болған. Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымның мәліметінше, ол 1931 жылы Тунис мемлекетінің Кебили уәләятында…
Атыраудағы Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектеп 2017 жылы толықтай жөндеуден өткен. Оған бюджеттен 280 млн теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Бірақ биыл наурызда ғимараттың қабырғасы желге төтеп бере алмай, қирап қалған. Облыстық прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде, мемлекетке 25 миллион теңге шығын келгені белгілі болды. Ал мердігер мекеменің кепілдік мерзімі өткен жылдың қазанында аяқталған. Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ, Атырау облысы прокурорының орынбасары: – Барлық құрылыс компаниялары мемлекеттік сатып алуға қатысар алдында өз мүмкіншіліктерін толық анықтамай тұрып құжаттарын тапсырады. Соның нәтижесінде, қаншама кемістіктер, келеңсіз жағдайлар туындайды?! Ақыр соңында мемлекеттік тапсырма сапасыз орындалады. Прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта жинақталған құжаттар ҚР ҚК 189-бабына сәйкес тергеп тексеру жұмыстарын…
Маңғыстау облысының Қарақия аудандық сотында азамат Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Сотта анықталғандай, Д. есімді азамат 6-наурыз күні Маңғыстау аудандық сотының қаулысына сәйкес көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, өзіне тиесілі «Volkswagen Golf-5» маркалы автокөлігін масаң күйде басқарып жүрген кезде полиция қызметкерлеріне ұсталған. Қарақия аудандық сотының үкімімен Д. ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) кінәлі деп танылып, ол өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Самал ықшамауданындағы 1 млрд теңгеге салынған өрт депосы бір жылдан бері пайдаланылмай тұр. Прокурорлардың сөзінше, өткен жылдың тамызында Құрылыс басқармасы қабылдап алған нысандағы жұмыстар жобалық-сметалық құжатқа сай жүргізілмепті. Қажетті құрал-жабдықтар жеткізілмеген, ал су, жылу, электр желілері пайдалануға келмейді. Осы себепті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті нысанды қабылдаудан бас тартқан. Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ, Атырау облысы прокурорының орынбасары: – Атырау қаласындағы өрт депосы іске қосылмаған және Атырау облысы бойынша ТЖД оны өзінің кірісіне алмай жатыр. Себебі, жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес жұмыстар толығымен аяқталмаған. Осы деректер бойынша прокуратура органымен жинақталған құжаттар ҚР ҚК 189 бабына сәйкес іс қозғалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жіберілген.
