Қызылқоға аудандық ауруханасында «Зиянды әрекеттердің алдын алу акциясы» өтті. Тұрғындарға насихаттау жұмыстары осы уақытқа дейін әлеуметтік желі арқылы жүргізілсе, енді санитария нормаларын қатаң сақтау арқылы жүргізіліп жатыр. Шара барысында зиянды әрекеттерден туатын аурудың салдары айтылып, дұрыс тамақтану керектігі ескертілді. Ал мамандар осындай жұмыстарды ұйымдастырудағы басты мақсаттарын атап өтті. Гүлім ҚАЙДАР, СӨСҚО медбикесі: Жалпы шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, адамдардың өз денсаулықтарының құнды көзқарастарының қалыптастыру болды. Айдана КЕҢЕСҚЫЗЫ, Қызылқоға аудандық ауруханасының дәрігері: Жалпы әдеттерден бастартатын болсақ, денсаулығымызда ақау болуына кепілдік беретін боламыз. Жалпы денсаулығымыздың сау болуы үшін осы зиянды әрекеттерден бас тартып қана қоймай, манағыдай дұрыс тамақтану арқылы, өмірімізге қозғалыстың…
Автор: Сайт әкімшілігі
Пандемияның кәсіп иелері үшін соққы болғаны анық. Бірі шығынын есептеп шырылдаса, енді бірі бел буып іске кіріскен. Бұл жерде ән-күй ойнатылып, той тойланса, ендігіде тігін машиналарының үні ғана естілмек. Карантин кезінде тасы өрге домалағандар да бар. Тойханадан тігін цехын ашқан кәсіпкердің қарамағында қазір 25 тігінші қызмет етеді. Алғашында тойхана жанындағы шағын сарайда басталған іс табыс әкеліп, халықтың сұранысына ие бола бастаған. Кейін жеке кәсіпкер Мейрамгүл Ниетқалиева карантинде қаңырап қалған мейрамхананы жалға алып, жұмысын жандандырды. Мейрамгүл ИМАНҒАЛИЕВА, жеке кәсіпкер: Карантин кезінде деп біз карантин кезіне қарамадық біз карантин бізге еш әсерін тигізбеді. Керісінше заказымыз көбейдмесе азаймады. Айына уже 100-150 тапсырыс қабылдап…
Ресей мен Қазақстан арасындағы Қараөзек бекетінде отанына оралғысы келген мигранттардың мәселесі шешімін таппай тұр. Көлікте түнегендер шекараның ашылуын тілеуде. Дегенмен көршілестерден өзбек азаматтарын өз еліне өткізу жөнінде жауап келмеген. Лажы қалмағандар жергілікті тұрғындардың жанашырлығына сүйеніп, күн көре тұрмақ. «Өзбекстан» өзбек мәдени қоғамдық бірлестігінің Астрахань облысындағы жетекшісі Баходир Аминовтың сөзінше, аумақта әлі де 130-ға жуық жеке көлік қаңтарылып тұр. Мүмкіндігі барлар ебін тауып орналасқан, ал ақшасы мен төзімі қатар таусылғандардың әлі де күтуіне тура келеді. «Қазақстанның карантин шараларын қатаң ұстанатынын білеміз, өзбек азаматтары қажет болса ковидпен ауырмағандығын дәлелдейтін сынаманы бірнеше рет тапсыруға дайын» дейді ол.
Елімізде қазанның соңғы жексенбісінде әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесі тойланады. Осы орайда Мақат ауданында сала қызметкерлеріне арналған салтанатты кеш өтті. Ең өзекті құрылымда аянбай еңбек етіп жүргендер марапатталып, сый-құрметке бөленді. Шара барысында аудан әкімі Шәкір Кейкін қызметкерлерді төл мерекемен құттықтап, ерекше белсенділігімен көзге түскендерін облыс, аудан әкімінің және облыстық, аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай-ақ, аудандық мүгедектер қоғамының төрайымы құттықтау сөз сөйлеп, қамкөңіл жандарға қол ұшын созып жүргендерге алғыс білдірді. Шәкір КЕЙКІН, Мақат ауданының әкімі: Халықтың көптеген бөлігі әлеуметтік сала бойыша, облыстық деңгейде, республикалық деңгейде көтеріліп жатыр. Әртүрлі көмектедің барлығына уақыттарыңызды тауып, уақытпен санаспай жауап беріп жатрсыздар, түсіндіріп жатрсыздар. Көпдеген…
Жылыойда онлайн дәріс беру сапасы оң нәтиже беріп келеді. Бұл жөнінде «Нұр Отан» партиясы Жылыой аудандық филиалының сайлауалды бағдарламаға бағытталған желілік кестеге сәйкес өткізген арнайы кездесуінде айтылды. Карантин қашықтан білім алуға мәжбүрледі. Дегенмен әлі күнге дейін оны игере алмай жатқандар бар. Оған себеп көп, бірі – әлеуметтік жағдайдың төмендігі. Бұл тұрғыда «Бақытты отбасы» жобасының көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға көрсеткен көмегі көп. Шынаргүл ТЕМІРБАЕВА, «Нұр Отан» партиясы Жылыой аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: Біздің желілік кесте бойынша 170 шара жоспарланып отыр. Соның алғашқысы бүгін өтуде. Онлайн жүйеде дәріс беру. Осы бағытта қалай жұмыс жасау бағыттарын көрсетіп айтып жібердік. Жалпы біздің…
Шетелден әкелінген көліктерге диагностика жасап, тексерістен өткізу 28 мың теңге тұрады. Егер бақылау барысында ақау табылса, көлігіңізді жөндетуге тура келеді. Орталық мамандарының айтуынша, армяндар көліктердің рөл ауыстыру жұмыстарына салғырт қарайтын көрінеді. Өйткені, мұнда келетін көліктердің 100 пайызы бір келгеннен тексерістен өте қоймайды. Рөлі оңнан солға ауысқан армениялық темір тұлпарлардың сары нөмірді алудағы сарсаңы бітер емес. Себебі мұндай автокөліктерде ақау көп. Бұған дейін атыраулық жүргізушілер рөлі ауыстырылған көлікке рұқсат алу үшін басқа облысқа баратын мүмкіндіктің жоғын айтып, шу шығарған еді. Дегенмен өңірде арнайы орталық ашылса да, әу баста наразы болғандардың тіркеуге асығатын түрі жоқ. Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығына содан бері…
Маңғыстаулық ақхалаттылар пандемия кезінде уәде етілген үстемақыны талап етуде. Жедел жәрдем стансасының санитарлары мен диспетчерлері осындай наразылықпен облыс әкімдігінің алдына жиналды. Айтуынша, індеттің алғашқы толқынында дерт жұқтырған оларға үстемақы төленеді деп сөз берілген. Алайда уәде сол күйі орындалмады. Зылиха ТҮЗЕЛБАЕВА, Жедел жәрдем стансасының қызметкері: — Пандемия кезінде біз артық емес, жетіскен жоқпыз. Ақтауға санитарлар жетпей, Мұнайлыдан шақыртты. Жұмыста жүріп 70 % ауырып қалды. Енді пандемия бітті деп солай жасауға болады ма? Енді келіп сокращение жасаймыз дейді, енді келіп айлығымызды төмендетеді. ол кезде жасаған жұмысыз бәрібір ақталған жоқ. Еңбегіміз төленген жоқ, бағаланған жоқ. Снежана БАЗАРҚҰЛОВА, Жедел жәрдем стансасының қызметкері: — Маған…
Енді жақынының қайтыс болғаны туралы анықтаманы ХҚКО-на бармай-ақ, үйден алуға болады. Сондай-ақ, тұрғындар EgovMobile қосымшасы арқылы өздерінің жер учаскерлеріне қатысты мәліметтерді де біле алады. Мамандандырылған ХҚКО-ға кезекке тапсырыс беруге немесе қайта брондау үшін ұялы телефоныңызда аталған қосымша болса жеткілікті. Көліктің мемлекеттік нөмірі мен тіркеу туралы куәлікке де үйде отырып қол жеткізуге болады. Мейрамгүл КЕУЕЛОВА, Атырау қалалық ХҚКО бөлім басшысы Халық кез-келген өзіне жақын жерде орналасқан ХҚКО бөлімдеріне, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО бөлімдеріне брон жасауға болады. Ол үшін арнайы тетіктерді теру арқылы өздерінің ЖСН-дерін теру арқылы, сондай-ақ өзіне ыңғайлы күн мен уақытын таңдау арқылы брон және қайта брон жасауға болады.+ 00:42 eGov…
Соңғы 9 айда Атырау облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне 10000-астам бала көмекке жүгінген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда – көп. Олардың саны оқу жылының қашықтан өтуіне байланысты күрт артқан. Балалар қауіпті індет жайлағанға дейін бос уақытын мектеп, балабақша қабырғасында өткізгендіктен мұндай жағдайлар аз болды,- дейді мамандар. Мейрамгүл БАҚТЫҒАЛИ, облыстық СӨСҚО үйлестірушісі: Балалар жарақатының профилактикасына келетін болсақ, онда ересектердің алатын орны үлкен болғандықтан, ата-аналар мен ересектердің назарына балаларды дұрыс қарауға күнделікті өмірде өткір жанғыш заттарды қолдары жетпейтін жерге алып қоюға немесе терезелерді ашық қалдырмауға және т.с.с.қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, олардың денсаулықтарына үлкен мән беруге шақырамыз. Соңғы уақытта жарақат алған баласына медициналық…
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында тағы да ауыс-түйіс. Басшылыққа бұрынғы бас дәрігер Нұрлыбек Қабдықапаровтың орынбасары Асхан Байдуәлиев келді. Ол — Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, медицина ғылымдарының кандидаты. Мансап жолын Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің урология және жедел нефрология кафедрасында ассистент болып бастаған. Сондай-ақ, Алматы облысы мен Шымкент қаласындағы емханаларда басшылық қызметті атқарды. Айта кетейік, Асхан Байдуәлиев пандемия басталғалы бері облысымыздағы үшінші бас дәрігер. Бұған дейін бұл орында Байтолла Ғазизов пен Нұрлыбек Қабдықапаров отырған еді.
