Автор: Сайт әкімшілігі

Атырауда күні кеше жұмысы қайта жанданған кинотеатрлардың билет құны шарықтап тұр. Тұрғындар өзге қалалармен салыстырғанда екі есе жоғары бағаға шағым айтуда. Мәселен, қазір прокатқа шыққан отандық туындыны басқа облыстардың тұрғындары 1500 теңгеге көре алса, атыраулықтар 3000 төлеп тамашалайды. Мұнайлы өңір студенттеріне билеттер 1800, балаларға 1500 теңгеден саудалануда. Араға жеті ай салып көреременін қабылдаған кинозалдың өкілі себебін түсіндіруден бас тартты. Жалпы, пандемияға дейін де шаһардағы билет құны өзге өңірлермен салыстырғанда қымбат болған.

Read More

ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының экс-басшысы Серік Айдарбеков Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Серік Айдарбеков осыған дейін түрлі компанияларда жоғары лауазымда жұмыс істеп, Үкімет пен Президент Әкімшілігінде қызмет атқарған. Кезінде Бергей Рысқалиевтың орынбасары болған шенеунік әкімдікке қайта оралды. 2012 жылы Атырау қаласының басшысы болып та жұмыс істеген. Ол ағылшын және итальян тілдерін жетік біледі. Экономист, тау-кен инженері, мұнайшы мамандықтарын меңгерген жаңа орынбасарға облыс әкімі жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқаруға сенім білдірді.

Read More

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторында аштық жариялады. Оған ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің тергеу изоляторынан Бішкектегі №1 тергеу изоляторына ауыстырылуы себеп болған. Бұл туралы оның адвокаты Замир Жоошев мәлімдеді. Оның айтуынша, Атамбаевты жертөледе ұстап отырған көрінеді. Ал жаңа ауысқан изоляторда бұрын өлім жазасына кесілгендер отыратын болған. Соңғы жылда онда жазасын өтеушілер болмаған және жылу жүйесі де енді ғана қосылған. Жоошев Атамбаевтың денсаулығы нашар, өкпесі қабынғанын және жүрегінің де сырқаты барын жеткізді. Ал ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет өкілдері мұндай шешімді Бішкек қалалық соты қабылдады деп отыр. Экс-президент Бішкекте бүлік ұйымдастырды деген күдікпен 10 қазанда ұсталған болатын. Кейін оны…

Read More

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған эстафета Жылыой ауданынан мұнайлы Мақат өңіріне табысталды. Байтақ қазақ жерінде келісім мен жалпы ұлттық тұтастықтың дара жолына бастаған Ассамблеясының құрылғанына биыл ширек ғасыр толды. Осы атаулы датаға орай жыл басында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мерекелік эстафетаны Жылыой ауданына жолдаған болатын. Дегенмен елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты жоспарланған шараны өткізуге тосқауыл қойылды. Бүгінде облыс аумағында жарияланған карантиннің жеңілдеуіне байланысты Жылыой ауданы әкімі бастаған делегация апта басында Мақат ауданына табан тіреді. Кеш барысында орыс, башқұрт, ұйғыр, украин, өзбек, татар ұлттарының ұлттық тағамдары және қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Мінберде сөз бастаған аудан әкімі Шәкір Кейкін құттықтау сөз…

Read More

Атыраудағы № 4 қалалық емханада дене температурасын автоматты түрде өлшейтін тепловизор іске қосылды. Кіреберіске орнатылған құрылғы медициналық масканың дұрыс тағылуын да бақылайды. Олай болмаған жағдайда дабыл қағылып, дауыстық хабарлама арқылы ескерту жасалады. Майра МҰСАҒАЛИЕВА, емхана тіркеушісі Құрылғы емханаға келгендерді қабылдау уақыты мен деректерді анықтау дәлдігін едәуір жылдамдатуға септігін тигізеді. Жаңа жабдық әр келушіні сканерлейді. Дене қызуы жоғары болса, компьютер мониторында қызыл белгі пайда болып, дабыл қағылады. Осылайша, науқастар жедел түрде оқшауланады. Жоба пилоттық режимде және толықтай демеушілік қаражатқа жүзеге асырылады. Жаңа жабдықтар бірнеше ай бойы сынақтан өтеді. Тиімділігі расталса, құрылғылар облыстағы өзге де ауруханаларға орнатылмақ.

Read More

Ақтауда былтыр қолданысқа берілген көпқабатты тұрғын үйде көгілдір отын  жоқ. Газ құбыры бір жыл бұрын тартылғанымен, пәтерлерге әлі қосылмаған. Одан бері көп айдың жүзі  өтсе де, мәселе әлі шешілмеді. Мердігерлер жыл соңына дейін газ қосылады дегенімен, уәде сол күйі орындалмай тұр. Валя МАХУРИНА, зейнеткер Осы пәтердің кілті қолыма  тигенде қуанышымда шек болмады. Бірақ мердігер компания басшылығы 1 жылға жуық газ болмайды деп ескертті. Өйткені, бұл бес қабатты үйдің 70 пайызы тұрғындармен толуы керек деп айтты. Олай болмаған жағдайда газ берілмейді деді. Бұйырса, осы жылдың соңына дейін қосатын шығар. Ол үшін біз әкімдікке хат жолдауымыз қажет екен. Тұрғындар электр пешін пайдалануға…

Read More

Су тек полюстердегі көлеңкеде ғана емес, айдың күн сәулесі түскен жағында да бар боп шықты. Бұл туралы NASA америкалық аэроғарыш агенттігі хабарлады. Жаңалық Айды стратосфералық обсерваторияны пайдалана отырып зерттеу кезінде анықталған. Су молекулалары аспан денесінің оңтүстік бөлігіндегі Клавий кратерінен табылды. Осылайша, агенттікке айдың даму бағдарламасына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін теория расталды. Айда судың болуы бірқатар мәселенің шешімін жеңілдетуі мүмкін. Оны отын жасауда пайдалану туралы ұсыныс та болған. Алайда NASA астрофизика департаментінің директоры Пол Хертцтың айтуынша, жер серігінен қандай мөлшерде су табуға болатыны және оны пайдалану мүмкіндігі әзір белгісіз.

Read More

Осыдан бір ай бұрын ірі көлемде пара алды деген күдікпен тергеу изоляторына қамалған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев өңір басшысына өзін лауазымынан босату жөнінде арыз жазды. Күдіктінің бұл хатын заңгер Игор Вранчев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Дегенмен Нұрлан Таубаев өзінің бұл шешімін кінәсін мойындау деп қабылдамауды сұрайды.  Сондай-ақ, хатта «жазықсыздығымды дәлелдеймін, өйткені, мені кінәлайтындай іске бармадым дейді. Осы әрекетімнің бірден-бір себебі – үстімнен іс қаралып жатқан кезде бұл қызметті атқара алмаймын» делінген.

Read More

Оқушылар екінші тоқсанда дәстүрлі оқу жүйесіне көшеді. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мәмин қауіпті індеттің таралуына жол бермеу мақсатында құрылған ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлімдеді. Негізгі талап – барлық мектепке 300 оқушыға дейін келуге рұқсат етілмек. Санитариялық-дезинфекциялық режим бойынша бетперде тағу мен әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы міндетті. Сондай-ақ, ата-аналардың өтініші бойынша енді кезекші сыныптарға 5-ші, ал халықаралық мектептерде 7-сыныптың шәкірттері бара алады. Жуырда оқушылардың күзгі демалысы басталады. Бұған дейін тек бір жұма болып келген күзгі каникул ұзартылған еді. Енді оқушылар келесі айдың бесі мен 14-і аралығында сабақтан босатылмақ.

Read More

Атырауда Қазақ кеңестік автономиясы құрылуының 100 жылдығына орай ұлттың тұңғыш математигі, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері «Алаш» партиясының негізін қалаушылардың бірі – Әлімхан Ермековтың өмірбаянына арналған кітаптың тұсауы кесілді. Шара қонақтары алаштың ақырғы ақиығы атанған арыстың тозбас туындыларын еске алды. Тарихшы Жанна Қыдыралина  қазақ халқының саяси сауаттылығын арттырған тұлғаның өмір жолымен танысу тарихи сәттермен тоғыстырады дейді. Жанна ҚЫДЫРАЛИНА, тарихшы Әлімхан Ермековтің есімі халықтың есінде тарихи сәттермен сақталған.  Сондай-ақ, ол – көпқырлы жан. Тек кеңес кезіндегі қазақ партиясының құрылуына емес, мәдениетіне де мол үлес қосты. Жазықсыздан жала жабылып, қуғын-сүргінде жүрсе де, ұлттық кескін-келбетін жоғалтпаған алаш ардақтысы келешек ұрпақтың есінде мәңгі қалмақ.

Read More