Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары облыс орталығында орналасқан ескерткіштерді насихаттауға арналған акцияны бастады. Оған ескерткіштің не үшін тұрғызылғанын және оның атауын білмейтін жастар себеп болған. Мектеп шаңырақтары аймақтағы ескерткіштер туралы деректерді жинақтап, танымдық бейнероликтер циклін әзірлеу үстінде. Алғашқы болып оқу орынның «Фариза» шаңырағы қазақ поэзиясының падишасы, белгілі ақын және мемлекет қайраткері Фариза Оңғарсынованың ескерткішінен бастады. Оқушылар фото және бейнетаспа арқылы Фариза ақынның ескерткіші туралы деректерді ұсынады. Мұнда балалар мүсіннің архитектуралық және композициялық кескіні жөнінде, оны жасап шығарған авторлар мен монументтің мазмұны туралы мағлұматтарды ұсынады. Бейнероликтер мектептің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларға жүктелмек.
Автор: Сайт әкімшілігі
АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының сайтына хакерлер шабуыл жасады. Олар сайтта «Халық Дональд Трамптың күн сайын тарататын өтірік жаңалықтарынан мезі болды. Әлемнің шындықты білетін кезі келді» деген жазба қалдырған. Штаб өкілдерінің айтуынша, жеке ақпараттар серверде сақталмағандықтан шабуыл жасаушылар ол мәліметтерді аша алмаған. Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде. Сайт жұмысы да қалпына келтірілген. Президент сайлауы қарсаңында мемлекеттік мекемелердің сайтына кибершабуыл жасау тым жиілеп кетті. Жақында федералды тергеу бюросы хакерлік әрекеттің біріне Ресей билігін қолдаушылардың қатысы бар деген мәлімдеме жасаған еді. Алайда Мәскеу мұндай айыпты жоққа шығарды.
Индер ауданының Есбол ауылында жеке серіктестіктің ұйытқысымен салынған 100 орындық спорттық сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Кәсіпкер игі істер легін тоқтатпайтынын жеткізді. Бұл кешенде спортпен шұғылдануға ниетті адамға барлық жағдай қарастырылған. Үстел теннисімен қоса, қазақша және еркін күрес, бокспен айналысуға болады. Шахматпен шұғылданып, тоғызқұмалақ ойнайтын да мүмкіндік бар. Шаршы алаңда шымыр болу үшін спортшылар жаттығуын ереже мен кестеге сай жүргізуде.
Орталық Еуропа елдері коронавирус пандемиясының екінші толқыны басталуына байланысты жаңа шектеулер енгізді. Словения тұрғындарына тұрғылықты жерден кетуге тыйым салынды. Сондай-ақ, жоспарлы медициналық көмек көрсету қызметі екі аптаға тоқтады. Сенбіден бастап мейрамханалар, сұлулық салондары мен азық-түлік сатпайтын дүкендер жабылып, мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Чехияда бір апта ішінде 15 мың адамда коронавирус жұқтырған. Билік шекараны жауып, шетелдіктерге ел аумағына кіруге тыйым салды. Жергілікті тұрғындардың аса қажеттілік болмаса көшеге шығуына рұқсат жоқ. Бүгіннен бастап Чехияда сағат кешкі 9-дан таңғы 5-ке дейін комендаттық сағат енгізілді. Словакия елі коронавирусты анықтау мақсатында жалпыұлттық тестілеу өткізбек. Елдегі 5 жарым миллион адамның бәрі сынама тапсыруға ниетті. Бұған дейін…
Қазақстанда балаларға арналған бірыңғай тарифі бар SIM-карта енгізілмек. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына берген Асқар Мәмин айтты. Асқар МӘМИН, ҚР Премьер-министрі: Қазіргі уақытта кибербуллингке қарсы іс-шаралар 2020–2023 жылдарға арналған балалар құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицид мәселесін шешу жөніндегі жол картасын іске асыру аясында жүзеге асырылуда. Бірыңғай тарифі бар SIM-карта енгізуді қолға алған Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму, Ішкі істер министрліктері, жергілікті атқарушы органдар бұл жобаның жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің профилактикасы, азаматтардың цифрлық беделін қорғау, әлеуметтік желі мен интернеттегі мониторинг және тосқауыл қою, сондай-ақ, қолайсыз контенттен балаларды қорғау үшін тиімділігін айтады.
Облыстың шалғай аудандарындағы тұрғындарға ПТР тестілеу жүргізетін мүмкіндік туды. Жылжымалы зертхана Атыраудағы обаға қарсы күрес стансасына табысталды. «Аса қауіпті инфекцияларды ұлттық зерттеу орталығы» филиалы мамандарының айтуынша, бұл – халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде таптырмас көмек. Жылжымалы зертхана жол талғамайтын КамАЗ автокөлігіне орналсқан. Оның бір уақытта 260 адамнан сынама алатын мүмкіндігі бар. Мамандардың сөзіне сенсек, тест тапсыру құны арнайы ауруханаларға арзанырақ болады. Осыған дейін мұндай автозертхана Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысындағы обаға қарсы күрес стансаларына тапсырылған еді.
Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың жеке заттары мен Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа тіккен жауынгерлік тудың көшірмесі Атырау гарнизонына жетті. Оған қоса, төсбелгілер мен медальдар және әскери формалар қамтылған жылжымалы мұражай көпшілікке жол тартты. ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің моральдық-психологиялық ахуалын зерттеу мақсатында кездесу ұйымдастырды. Дәулет ҚАДІРОВ, көрмеге жауапты маман Аталған көрме Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Осыған дейін Шымкент, Арыс гарнизонында болдық. Бұл көрменің негізгі мақсаты – жауынгерлердің бойында отансүйгіштік сезімдерін арттыру. Сондай-ақ, аталардың ерліктерін ұлықтау, құрмет ету және жауыынгерлерімізге сол батырларымыздың ерлігін үлгі тұтуға шақыру. Жұмыс тобының…
Жылыойда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы жоқ. Осы және өзге де мәселелер жөнінде аудан белсенділері, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер қатысқан фасилитациялық сессиядада айтылды. Аудандағы 80 мыңнан астам халықтың 3 проценті – мүмкіндігі шектеулі жандар. Бірақ оларға көрсетіліп жатқан қолдау аса байқалмайды. Аймақта экология мәселесі өзекті. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы ауадай қажет дейді, – дейді белсенділер. Ақмарал ХАЛЕЛОВА, белсенді Ауданымыз мұнайлы өлке бола тұра оңалту орталығының жетіспеушілігі байқалады. Бүгінгі күнде 2 164 мүмкіндігі шектеулі жан бар. ТШО компаниясының «Игілік» бағдарламасы арқылы оңалту орталығын салып берсе деген ұсыныс бергіміз келіп отыр. Жиынға қатысушылар ең маңызды әлеуметтік бес…
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозерді қабылдады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты. Екіжақты кездесуде қауіпсіздік пен мұнай секторындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Елші Маңғыстау облысының туристік және бизнес әлеуетіне жоғары баға беріп, АҚШ дипломатиялық миссиясы қолдаған жобалардың оң нәтижелеріне ризашылығын білдірді. Уильям МОЗЕР, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Өте керемет, ерекше әсер алдым. Менің ойымша, сіздерде туризм бағыты бойынша үлкен әлеует бар. Шынында да тартымды, таңғажайып жерлер бар екен. Америкаға көптеген туристер Еуропадан осындай табиғи сұлулықты көру үшін келеді.…
Мешіттерде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілді. Карантиндік шектеулердегі соңғы өзгерістерге байланысты бес парыздың бірін 2 қарашадан бастап ұжыммен орындауға болады. Алайда жұма намазы оқылмайды. Санитария талаптарына сәйкес, мешіттің 30 проценті ғана толуы тиіс, залдағы адам саны да 100 адамнан аспауы шарт. Сондай-ақ, Алла үйіне келгендерге бетперде тағып, екі метр арақашықтық сақтау міндеттелді. Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ, Атырау облысының бас имамы Тек жұма намазынан басқасының барлығына рұқсат бар. Яғни, неке қиылуы, құранның оқылуы және де жамағатпен намаздың өтелуі сияқты мешітте атқарылатын шараларға санитарлық тәртіпті сақтай отыра өткізуге рұқсат етілді.
