Жедел-жәрдем көліктерін дезинфекциялау жұмыстары жеделдетілді. Бұрын санитария талаптарын орындау үшін әр шақыртудан кейін стансаға бару қажет болатын. Ендігіде көліктер науқасты апарған емханада залалсыздандырылады. Осылайша, ақхалаттылардың уақыты едәуір үнемделмек. Бауыржан ТӨЛЕГЕН, облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры Автокөліктердің өз уақытында дезинфекциялау қиынға соққан еді. Қазір дезинфекциялау жұмыстары ауруханаларда жүргізіледі. Себебі, біз бұған дейінгі автокөліктерді дезинфекциялағанда 30-40 минут жоғалтатын едік. Ал қазір бар болғаны 7–10 минут жұмсаймыз. Расында да шұғыл көмек көрсететін жандардың уақыты шектеулі. Оларды алаңдатқан тағы бір жайт көп ұзамай шешімін таппақ. Алдағы уақытта жедел-жәрдем қызметкерлері үшін орталықтандырылған жаңа ғимарат салынады. Қазіргі нысан ескі, аумағы тар, әрі қойылған талаптарға сәйкес келмейтін көрінеді.…
Автор: Сайт әкімшілігі
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Гүлмира Мұратқызы Қалмұратова тағайындалды. Гүлмира Мұратқызы 1969 жылы туған. «Тарих, қоғам тану және мемлекеттік пәнінің мұғалімі» және «заңгер, мемлекеттік қызмет саласының маманы» мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын 1986 жылы Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. 1995–1998 жылдары Жаңаөзен қалалық әкімшілігінде бас маман-заңгер болды. 1998–2003 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары, 2003–2007 жылдар аралығында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2007–2017 жылдар аралығында Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, кейін Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болды. 2017–2019…
Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы салынған екпеден кейін 60-қа жуық адам көз жұмған. Үкімет соған қарамастан иммунизацияны тоқтатпау туралы шешім қабылдаған. Денсаулық сақтау министрлігі науқастардың өліміне вакцинаның себеп болғанын жоққа шығарып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, қайтыс болғандардың дені егде жастағы адамдар көрінеді. Министр халықты вакцинадан қорықпауға шақырып, өзі де екпе қабылдапты. Тегін вакцинация жыл соңына дейін жалғаспақ. Оңтүстік Кореядағы 19 миллион халықтың 56 проценті екпе жасатқан. Ал Тэгу қаласының алдын алу шаралары жөніндегі басқарма басшысы Мин Пок Ки тұмауға қарсы вакцинаны тек денсаулығы жақсы адамдарға ғана алуды ұсынды.
Биылғы тоғыз айда жергілікті қазынаға түскен салық көлемі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға, нақтырақ айтсақ, 45 млрд. теңгеге артқан. Жалпы, 2020 жылға берілген жоспар да пандемия кезінде ШОБ субьектілеріне берілген жеңілдіктерге қарамастан артығымен орындалды. Ол – 280 млрд. теңге. Мамандар бұған облыста жаңа жұмыс орындарының ашылуы, сондай-ақ, құрылыс саласының қарқын алуы себеп санайды.
Пандемия білім сапасына кері әсерін тигізуде. Ата-аналар осылай деп дабыл қағып жатыр. Әсіресе, қашықтан оқып жатқандардың жағдайы мәз емес. Оған себеп те жетерлік. Ауылдардағы интернет желісінің баяулығы мен техника жетіспеушілігі жығылғанға жұдырық болып тұр. Жергілікті органдардың бұл мәселені реттейміз деп жүргеніне жарты жылдан астам уақыт өтті. Алайда мына қарқынмен ол күнге қашан жетеріміз белгісіз. Дәл қазір мұғалімдерге де оңай соқпай тұрғаны рас. Тапсырманы арнайы платформа арқылы орындатып, бейнебайланыстан көз ашпай кеткен ұстаздардың жұмысы бұрынғыдан да күрделене түсті. Өңірдегі қашықтан оқыту жүйесінде «Білім лэнд» пен «Дарын онлайн» платформалары қоланылуда. Облыстың бас ұстазының сөзінше, оқу жоспары оқушылармен келісе отырып жүзеге асырылады. Сатқан…
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданындағы «Алтын бесік» жекеменшік балабақшасының бірнеше қызметкері 2017 жылдан бері тиісті еңбекақысын ала алмай жүр. Көп жыл өтсе де, жұмысшылардың қолына көк тиын бұйырмапты. Ал бөбекжайды жалға алғандар түрлі сылтау айтып, жауапкершіліктен қаша берген. Қызметкерлердің айтуынша, үш жылдан бері бір адамның алуы тиіс ақшасы жарты миллионға жеткен. Ал мұндай 13 қызметші бар. Бөбекжай үш жыл бұрын 60 бүлдіршінмен ашылып, кейін саны 95-ке жеткен. Алайда кәсіпкер 20 жұмысшысы бар ұжымды тығырыққа тіреп, балабақшаны жауып тастаған. Ғимаратты жалға берушіні де тақырға отырғызған. Алмагүл БАЙМҰХАМЕДОВА, жалға беруші 2020 жылға дейін маған 6 млн 800 мың теңге қарыз. Жұмыс істеуге 5…
«Нұр Отанның» Атырау облыстық филиалында праймеризге қатысып, жоғары дауысқа ие болған жас буын өкілдері қаланың белсенділерімен кездесті. Қатысушылар алдағы бесжылдықта жүзеге асуы тиіс «Жастар – Отанға» жобасына өз ұсыныстарын тастап, алғашқы кезеңдегі кей уәделердің орындалмау себебін талқыға салды. «Басымдықты болашақ ұрпақтың қамсыз дамуына беру керек» деген кей қатысушылар өз ісіне қазірден білек сыбанып кірісіп кеткен. Азамат АСЫЛБЕКОВ, қатысушы Жобада жастардың әлеуметтік жағдайын қарастыру, оларды жұмыспен, тұрғын үймен қамту, сонымен қатар, дәрігерлердің мәртебесін көтеру сияқты нәрселерді толық қамтуға тырысады. Жоба бойынша алдағы бесжылдықта білім беру жүйесіне де үлкен мән береміз деп ойлаймыз. Партиялықтар аталған жобаның алғашқы кезеңінде берілген уәделердің 90 пайызы…
Индерде психикалық және сөйлеу қабілеті тежелген, аутизмі бар, сал дертіне шалдыққан балаларды қолдау мақсатында арнайы сынып ашылды. Мұндағы мақсат – ерекше жаралған балалардың елмен бірге білім алуына жағдай жасау. Әзірге бір классқа 10 бүлдіршінге дейін қабылдайтын мүмкіндік бар. Арайлым НҰҒМАНОВА, «Инклюзия Болашақ Атырау» ҚБ төрағасы Атырау қаласында бірнеше мектепте дәл осындай инклюзивті қолдау сыныптарын аштық. Ерекше балалардың қалыпты дені сау балалардың қатарында білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында. Яғни, қатарынан қалған балалалар дені сау қалыпты балалармен бірдей деңгейде білім алады. Әр баланың әрекетіне, даму деңгейіне байланысты жеке-жеке бағдарлама жасалады. Яғни, баланы қоғамға қосу – басты мақсат. Ұйымдастырушылар бұның ең алдымен мүмкіндігі…
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Расул Медетов пен арнайы мониторингтік топ мүшелері Маңғыстауда жол төсемдерінің сапасын тексерді. Жылжымалы зертхананы қолдану арқылы сынама алынып, үлгілер арнайы сараптамаға жіберіледі. Соның нәтижесіне байланысты салынып жатқан жолдардың сапасы анықталмақ. Сондай-ақ, Антикор орталығында жол салатын мердігелермен кездесу өткізілді. Кей компания өкілдерінің сөзінше, тапсырыс берушілер ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстарының жобасын жөнді ұсынбайды. Әмірбек ТӨЛЕГЕНОВ, мердігер Жол салу кезінде түрлі қиындық кездеседі. Асфальт төсеу жұмыстарына алдын ала дайындалатын жоба қалай-солай жасақталып, мердігер компанияға беріледі. Біз қолда бар құжаттарға сай іске кірісеміз. Керекті материалдар мен жасалуы тиіс жұмыстар жобада көрсетілмегендіктен, амалсыз өте шығамыз. Айналып келгенде, мердігерлер кінәлі болып…
Қазақстанда өткен тәулікте 268 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. Оның ішінде төртеуі – Атырау облысынан. Сондай-ақ, өткен тәулікте өңірде 4 адам аталған инфекциядан емделіп шықты. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 111 100-ге жетсе, оның 106 059-ы ауырудан жазылып шықты. Соңғы тәулікте Маңғыстау облысынан коронавирус жұқтырған науқас тіркелмеді.
