Автор: Сайт әкімшілігі

Ақтауға Еуро-5 талаптарына сай су жаңа 18 автобустың алғашқы легі келді. Соңғы үлгідегі дизелдік  қоғамдық көліктер Қостанайда құрастырылған. Жалпы құны 720 млн теңгеден асады. Сыйымдылығы – 70 жолаушы. Сондай-ақ,  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орын мен көтергіш пандус та қарастырылған. Заманға лайықты көлік қауіпсіздік, бейнебақылау, ақпараттандыру жүйелерімен толықтай қамтылған. Жол ақысын валидатор арқылы төлеуге болады. Бұл көліктер әзірге қала ішінде үш бағытта қатынамақ. Алдағы жылдары қала  автопаркін түгелдей жаңарту жоспарланған. Абзал МЕҢДІБАЕВ, «Каспий» ӘК АҚ басқарма төрағасы Бір автобустың құны – 40 миллион теңге шамасында. Әрі қарай 7 процентпен 7 жылға лизинг берілген. Осы арқылы біз автобустарымыздың бірінші легін жаңартып жатырмыз.…

Read More

Атырауда күзгі әскерге шақырылғандардың алғашқы легі Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Жас сарбаздарды жіберу Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жанындағы жинақтау пунктінде өтті. Бастапқы уақытта шақырылатындардың негізігі бөлігі Жамбыл облысындағы Отар гарнизонында қызмет етпек. Жасұлан САТЫБАЛДИЕВ, Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Біздің облыста әскерге шақыру жұмыстары қызу жүріп жатыр. ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерін жасақтау жоспары толықтай орындалды. Ендігі кезекте Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерін жасақтауды бастадық, бүгінгі күні 50 адам әскери бөлімге жіберіліп, тағы да 50 азамат аттанғалы жатыр. Отан қорғауға аттанғандардың денсаулығы – алғашқы орында. Оларды әскери бөлімдерге жөнелтпей тұрып, міндетті түрде ПТР әдісімен COVID-19-ға…

Read More

Атырауда науқас балалар үшін жеміс ағаштары отырғызылды. Облыстық балалар ауруханасында өткен шараға «Достық үйі – қоғамдық келісім» орталығының азаматтары белсене қатысты. Ғимарат маңына жеміс-жидек пен климатқа сәйкес келетін 60 тал орын тепті. Ұйымдастырудың басы-қасында жүрген Людмила Ли жастардың осындай игі іске атсалысқанына қуанулы. Людмила ЛИ, «Тхоньиль-Атырау» корей этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бұл – аурухана маңында ұйымдастырған алғашқы шарамыз емес. Осыған дейін балаларды қорғау мерекесінде де науқас жандарға қуаныш сыйладық. Ал бүгін жеміс ағашын егіп, аурухана аймағында серуендейтін мүмкіндік сыйлағымыз келеді. Бір қуаныштысы, шараға тек мәдени орталықтың ғана емес, басқа орталықтың жас буыны белсене қатысуда. Енді көктемде аурухана маңынан алма, алмұрт,…

Read More

Молдовада президент сайлауы аяқталып, учаскелердегі бюллетеньдердің 90 пайыздан астамы саналды. Нәтижесінде, 33,01 пайыз дауыс жинаған қазіргі басшы Игорь Додон мен 35,61 пайызға ие болған оппозициялық еуропалық іс-қимыл және ынтымақтастық партиясының лидері Майя Санду алға шықты. Бұл – Орталық сайлау комиссиясының жариялаған қорытындысы. Майя Санду өз сөзінде «сыбайлас жемқорлықпен күресетін, сол жолда жүргендерді жауапқа тартатын елге, бәрімізге қалыпты өмір сүруге мүмкіндік беретін ортақ болашағымыз үшін дауыс бердім» деді. Оның тарапынан келген бақылаушылар дауыс беру кезінде құқықбұзушылықтардың болғанын және қарсы тараптың пара бергенін айтты. Соған қатысты іс-қимыл және ынтымақтастық партиясының заңгерлері Молдованың бас прокуратурасына 300-ге жуық іс жолдаған. Ресейшіл Игорь Додон да…

Read More

Маңғыстау ауданы Тұщықұдық пен Шебір арасын жалғайтын автожолдың құрылысы аяқталды. Енді Маңғыстау ауданының тұрғындары еш қиындықсыз, жаңа жолмен қатынайтын болады. Тұщықұдық–Шебір аралығындағы 13 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмыстары 2017 жылы басталған еді. Жоба бойынша тасжолға цементті топырақ жайылып, оның үстіне қорғаныш қабаты төселді. Жол жөндеудің жауапкершілігін алған мердігер мекеме кезінде кеткен олқылықтардың орнын толтырып, өз қаражаты есебінен 13 шақырым жолды асфальттап, жұмыстарын толық орындады. Өңірде соңғы үш жылда 368,3 шақырым автомобиль жолы салынып, 306,6 шақырымы қайта жаңғыртылды. Жалпы, Маңғыстау облысындағы барлық 2 948 км жолдың 1 020 шақырымы республикалық маңызға ие. Тамыз айында ұзындығы 97 шақырым болатын өңірдің туристік әлеуетін…

Read More

Мұнайлы өңірдегі медициналық қызметкерлерге тағы да тарту жасалды. Бұл жолы демеушілер облыстағы жедел-жәрдем стансасына 12 «УАЗ» автокөлігін сыйлады. Компания елдегі аумалы-төкпелі ахуалды тұрақтандыруда үлес қосу мақсатында біреуі 12 мың АҚШ доллары тұратын темір тұлпармен қолдау көрсетуді жөн көрген. Демеушілердің сөзінше, облысқа жасалған әлеуметтік көмек бұл ғана емес. Қайыргелді ҚАБЫЛДИН, «Каспий құбыр Консорциумы-К» АҚ бас директорының орынбасары Әлеуметтік жағдайды көтеру үшін облысқа 3 миллион доллардан астам қаржы бөлдік. Кез келген маусымда, тіпті жолсыз жерлерде де көмек көрсете алатын нағыз ауылға керек машина деп есептейміз. Сондықтан осы жобаны қолға алдық. Қазір өңірде 50-ден астам жедел-жәрдем көлігі бар. 20 шақтысының тозығы жеткен. Ал…

Read More

Жаңаөзендегі көпбейінді аурухананың жанынан ПТР зертхана ашылды. Мұнда енді тәулігіне 200-ге дейін тест сынамасын тапсыруға мүмкіндік бар. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық денсаулық сақтау саласының үйлестірушісі Сәнім Танаева мәлім етті. Оның айтуынша, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті мұнай мекемесінен 89 миллион теңге бөлінген. Бұдан бөлек, ПТР зертханасына 4 мың адамға арналған коронавирусты тексеретін реактивтер келді. Алматы қаласынан әкелінген медициналық жабдықтардың монтаждау жұмыстары 26 қазанда басталды. Сәнім ТАНАЕВА, Жаңаөзен қалалық денсаулық сақтау саласының үйлестірушісі Мұнда білікті мамандар жұмыс істейді. Бұл зертхананың ерекшелігі, тек коронавирусқа қарсы тест жасалмайды, өзге де анализді талдамалар, лабораториялық зерттеулер жүргізіледі. Сондай-ақ, көпбейінді аурханаға 45 оттегі түтігі тартылды.…

Read More

7 қараша күні маңғыстаулық Naiza Fighting Championship промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен турнир өтеді, деп хабарлайды МаңғыстауМедиа. Кәсіпқой аралас жекпе-жек кешін жергілікті телеарна тікелей эфирден көрсетеді. Басталу уақыты – 20:30 (жергілікті уақытпен). Ақтау қаласында NFC 25 турнирінде 11 жекпе–жек өткізіледі. Октогонға шығатын спортшылар төмендегідей: Жеңіл салмақ (61,2 келі): Дәулет Нұрғожа–Дастан Амангелді Жартылай ауыр салмақ (93 келі): Думан Балмұханов–Карим Рузбакиев Жартылай орта салмақ (77 келі): Медет Дильманов–Сағындық Мұқанов Жеңіл салмақ (70 келі): Имран Мадедов–Ерасыл Уәлиев Жартылай жеңіл салмақ (66 келі): Самат Жағрапов–Асхат Әкімов Аса жеңіл салмақ (56 келі): Азат Максум–Альберт Ахмаев Жартылай жеңіл салмақ (66 келі): Кутман уулу Жетимиш (Қырғызстан)–Асет Анарбаев…

Read More

Жеке кәсіпкердің қарамағында қызмет ететін жүкті әйелдерге міндетті зейнетақы төлемі аударылмаса да, бала босанудан кейінгі өтемақылар беріледі. Еске салсақ, карантинге байланысты кейбір микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 1-сәуірден бастап 1-қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан жіберілетін міндетті төлемдер мен салық өтеуден босатылған еді. Бұл бизнесмендерге жасалған қолдау болғанымен, кей жұмысшылардың түсініспеушілікке тап болғаны рас. Әсіресе, декреттік демалысқа кетем деп жүргендер алдағы жәрдемақыларының төмендеп кететініне алаңдаулы. Алайда уайымдауға негіз жоқ. Себебі, олардың төлемақысы сәуір айына дейін аударылған салыққа байланысты есептелмек. Ол үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының көмегіне жүгінген шарт. Жұмыс беруші қол астындағы маманға міндетті зейнетақы жарнасының қорға түспегені туралы анықтаманы…

Read More

«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жемқорлыққа тұсау салудың жаңа нұсқасын ойлап тапты. Осы мақсатта Шаймардан Сариев атындағы көркем сурет және қолданбалы сәндік өнер музейімен бірге арнайы шара ұйымдастырылды. Көркем суретке толы көрменің өтетіндігі әлеуметтік желіде алдын ала жарияланғанымен, оқушылар мен студенттерден басқа ешкім қызығушылық танытпады. Жемқорлық фактілері мемлекеттік қызметшілер арасынан жиі орын алса да, олардың бірде бірі мұнда төбе көрсетпеді. «Сыбайлас жемқорлық – біз үшін емес» тақырыбында өткен сурет көрмесінде «Балық басынан шіриді», «Жемқорлықсыз қоғам», «Ақша, ақша және ақша» мазмұнындағы шығармалар қойылды. Залға көркем суреттің 30 данасы қойылған. Шараны ұйымдастыруға белгілі суретшілер мен мектеп оқушылары атсалысты.

Read More