Өткен жұмада мемлекеттік кірістер департаментінің электрондық базасындағы ақауға байланысты жеке мүлкін сата алмай жүрген тұрғынның мәселесі көтерілген еді. Еске салсақ, Бауыржан Көбеевтің дүние-мүлкіне салығын уақытында төлей алмағандығы үшін шектеу қойылған болатын. Кәсіпкер қарызын екі апта бұрын өтесе де, салық департаментіне қарасты базада оның күші жойылмады. Дегенмен мәселе көп ұзамай шешімін тапты. Ринат БӨЛЕКОВ, Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Жеке кәсіпкердің мүлкін шектеу техникалық ақаулықтарға байланысты болған еді. Қазір бұл проблема толықтай шешілді. ХҚКО-мен бірлесе отырып, салық төлеушінің мәселесі толықтай жойылды. Қазіргі таңда мемелкеттік кірістер органдарының базасы өз деңгейінде жұмыс жасап тұр. Департаменттегілер алда-жалда мұндай келеңсіздікке тап…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырау облысында жедел жәрдем шақыртуының азаюына байланысты covid-таксидың жұмысы тоқтатылды. Бұл қызмет індет өршіген тұста Атырау мен Құлсары қалаларындағы стансаларға қосымша көмек көрсету үшін іске қосылған. Олар пневмония мен коронавирустан үйде ем алып жатқандарға медициналық жәрдем көрсетті. Науқас көбейіп, қоңырау саны тәулігіне 1 300-ге дейін барғанда соның 30 процентіне қызмет еткен осы – covid-такси бригадасы. Бауыржан ТӨЛЕГЕН, Атырау облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры Қазіргі 600–700 шақыртуға өзіміздің автокөліктер үлгеріп жатыр. Онлайн консультация да беріліп жатыр. Сондықтан covid-таксилердің қажеттілігі жоқ. Әкімдіктен бөлінген жүргізушілер, еріктілер бар – барлығы көмек көрсетті. Көбіне өзіміздің қызметкерлер жүрді.
Атырау қалалық пробация қызметі «Харекет» қайырымдылық қорымен бірге өздерінің есебінде тұрған көпбалалы сотталған әйелге төрт бөлмелі үй алып берді. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. Көптен күткен баспананың кілтін облыстық пробация қызметінің бастығы Нұрлан Қаболов табыстады. Пробация қызметінің мәліметіне сәйкес 35 жастағы алты баласы бар жалғызбасты әйел ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотталған. Сондай-ақ ІІІ топ мүгедегі ретінде есепте тұр. Жарқынай БАҚТИЯРОВА, пробация қызметінің инспекторы Әр адам қателік жасайды. Бірақ жасаған қателіктеріне қарамай, біз оларға қол ұшын созуымыз керек. Осы азаматшаның кәмелетке толмаған балаларымен қиын жағдайда өмір сүріп жатқанын көріп, қайырымдылық қорларымен байланысып, «Харекет» қайырымдылық қорының еріктілерімен бірге төрт бөлмелі үй алдық. Осы игі іске қолдау…
Атырауда шетелдік және қазақстандық боксшылардың қатысуымен ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған жарыс өтті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. ⠀ 5 жекпе-жектен тұратын кәсіпқой бокс кеші Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен және «SULEIMEN Promotions» проумоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтті. Шара санитарлық нормаларға сай көрерменсіз өтіп, республикалық телеарна арқылы тікелей эфирде көрсетілді. ⠀ 22 жасар Бекзат Нұрдәулетовпен танзаниялық 28 жастағы Ибрахим Маокала арасындағы кездесу екінші раундта нокаутпен аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті бастады. Ал Данила Семенов танзаниялық қарсыласы Мусса Аджибуды төртінші раундта техникалық нокаутқа жіберді. Кештің үшінші жекпе-жегі қазақстандық Евгений Павлов пен Танзаниядан келген тәжірибелі…
Жылыойда «Теңізшевройл» компаниясының өкілдері мен қоғамдық белсенділердің қатысуымен өткен кездесуде әлеуметтік жобалар мен оларды іске асыру бағыттары қаралды. Аудан әкімдігі ұйымдастырған шараға бір ай дайындық жұмыстары жүргізілді. Басты талап – мәселелер мен басымдықтарды бірлесе анықтап, шешімін табу. Қоғамдық белсенділердің айтуынша, аймақта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оңалту жұмыстары қолға алынбаған. 80 мыңнан астам халықтың 3%-ы мүмкіндігі шектеулі жандар. Олардың қай-қайсысына да көмек керек. Ақмарал ХАЛЕЛОВА, белсенді Ауданымыз мұнайлы өлке бола тұра оңалту орталығының жетіспеушілігі байқалады. Бүгінгі күнде 2 164 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Осы жандардың баратын жері жоқ, емделетін мүмкіндік жоқ. ТШО компаниясының «Игілік» бағдарламасы арқылы оңалту орталығын салып берсе деген…
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Батыс» және Атырау облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының «Махамбет» әскери-патриоттық клубтары «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының кезең жеңімпаздары атанды. Атырау гарнизонының атынан шыққан екі команда да әртүрлі санаттарда сынға түсті. «Батыс» командасы өңірлік қолбасшылықтар және Қарулы Күштердің басқа да әскерлері командаларымен сайысса, «Махамбет» командасы басқа облыстардың қорғаныс істері жөніндегі департаментінің командаларымен күш сынасты. Екі кезеңнен тұратын конкурстың басында қатысушылар жиынның ресми сайтында орналастырылған видео-сабақтар бойынша дайындалды. Екінші кезеңде командаларға әртүрлі төтенше жағдайларға арналған ситуациялық тапсырма берілді. Атыраулық командалар «есін жоғалтып алу» және «ашық қан кету» тапсырмаларын орындап, үздік нәтижемен жеңіске жетті. Аружан ИМАНОВА, «Батыс» командасының қатысушысы…
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Күн тәртібінде елімізде «Тұрғын-үй қатынастары туралы» заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жүзеге асыру мәселелері, 9 айда жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы сөз болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының күшіне енуіне байланысты «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер енгізілді. Аталған Заңға және ережеге сәйкес, әлеуметтік инфрақұрылым нысандардарында газ қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету өкілеттіктері қала және аудан әкімдіктерінің тұрғын үй инспекциясына…
Атырау мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Мұнайлы өңірдің экологтары осылай деп дабыл қағуда. Олардың сөзінше, зауыт нормативтен тыс зиянды қалдық шығарған. Нақтырақ айтсақ, биологиялық тазалау қондырғысынан шыққан ақауға байланысты мұнай аралас су далаға жайылды. Апатты жағдайға байланысты мекеме май аралас суды арнайы полигонға жіберуге мәжбүр болыпты. Қазір техникалық ақау қалпына келтірілу үстінде. Ал табиғатқа келтірілген залал мен болған жағдайдың себебін экологтардан құрылған арнайы комиссия анықтамақ. Әлібек БЕКМҰХАМЕДОВ, Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Біз лаборатория мамандарын шұғыл түрде шақыртып, судан сынама алдық. Қазір жұмыс жүргізіліп жатыр. Нәтижесі үш күн ішінде нәтижесі белгілі болады. Экология кодексіне сәйкес, табиғат пайдаланушылар…
Әлеуметтің әлеуетін дамытуға тұсау болар көлеңкелі экономикамен күресу мақсатындағы жұмыстар ұдайы жүргізілмек. Бұл туралы осы сала өкілдерінің Индер ауданында өткізген кездесуінде айтылды. Басқосуда мемлекеттің 2020-2025 жылдарға арналған жергілікті атқарушы органдармен салық салу базасын ұлғайтуда атқаратын өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа арналған жұмыс жоспары таныстырылды. Нұрболат САРМАНОВ, Атырау облыстық МКД басқарма басшысы Негізгі себеп – салық және кеден заңдылықтарын түсіндіру. Азаматтық инститтутар мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша көптеген сұрақ қойылды. Негізгі біздің мақсат – көлеңкелі экономикамен күресу, цифрландыру бағдарламаларын енгізу. Ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Екіншіден, халықтың алтын уақытын тиімді пайдаланады. Үшіншіден, әкімшіліктендіру жүйесін жетілдіреді. Жиынға қатысқандар тарапынан мемлекеттік жоспар төңірегінде…
Өткен жексенбіде Беларусь астанасында билікке қарсы халық «Террорға қарсы марш» өткізді, деп хабарлайды Азаттық радиосы. Лукашенкоға қарсы наразылық акцияларының басталғанына 3 айға жуық уақыт болды. Қазіргі таңда елде мобильді интернет жұмысы нашарлап, метро стансалары жабылып, көшелерге құқық қорғау органдарының арнайы техникалары қойылған. Бұған дейін жүздеген адам қатысқан әйелдер акциясы да өтті. Олар президенттің орнынан кетуін талап етті. Дәл сол күні Гродно қаласындағы «Гродно Азот» мекемесінің қызметкерлері де митинг өткізді. Лукашенко күштік құрылым басшыларымен кездесіп наразылық білдіргендерге қатаң шара қолдануды тапсырған. «26 қазаннан бастап жалпыұлттық ереуіл басталады» деп ескерткен Светлана Тихановскаяның үндеуінен кейін ірі мекемелерде, зауыт-фабрикаларда, оқу орындарында сайлау нәтижесімен келіспейтіндер…
