Облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына келгендер саны былтырғымен салыстырғанда едеуір төмендеген. Өткен жылы 135 бала бейімделіп шықса, биыл орталық көмегіне жүгінгендердің саны 70-ке жеткен. Мамандар мұны пандемияның пайдасы дейді. Індет енгенге дейін ата-ана қадағалауынсыз қалатындар саны басым болса, карантин талаптары күшейгелі әр қамқоршы баласының жанынан табылады. Қазір мұнда 18 жасөспірім бар. Орталық директоры көп жағдайда балалардың психологиясы бұзылып келетінін айтты. Ғалия БИЖАНОВА, Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мемлекеттік мекемесінің директоры Бала келгенде көбіне ашуланып, ренжіп, тек ата-анасына ғана емес, бүкіл қоғамға ренжіп, түңіліп келеді. Сол баламен психологтар, тәрбиешілер, педагогтар жұмыс жасайды. Тыныштандыру, көңіл-күйін қалпына келтіруге байланысты көп жұмыс атқарылады.…
Автор: Сайт әкімшілігі
Асабалар алдағы уақытта үйде немесе мейрамханада қызмет көрсетсе, айыппұл арқалайды. Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы хабарлады. Жеке тұлғалар 83 мың, ал жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендер 600 мыңға дейінгі қаражаттан қағылуы мүмкін. Жауапкершілікке асабаның өзі ғана емес, тойдың шырайын келтірген әнші-биші, оператор-фотографы да тартылады. Бүгінге дейін үш асабаның үстінен хаттама толтырылған. Жауаптылар мұндай әрекетті қасақана құқықбұзушылық дейді. Бақытбек ХАМЗА, Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Қасақана құқықбұзушылық болып табылады. Тойда қызмет көрсетуші барлық тұлға: бишілер бар, фотосуретшілер бар – олардың бәрі карантин режимін бұзғандар болып…
«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Мақат ауданында бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Өңірге бағдарлама аясында 3 жобаға қаражат бөлінген. Соның ішінде аудан орталығы – Мақат кентінің 12 көшесіне жарық орнату үшін республикалық және облыстық бюджеттен жалпы көлемі 95 млн теңге қарастырылған. Бұдан бөлек жоба аясында кентішілік автокөлік жолдарына күрделі жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары жүруде. Болатбек СӘРСЕН, Мақат ауданы әкімінің орынбасары Бірінші жобамыз – Мақат кентінде 12 шақырымдық көшені жарықтандыру жұмыстарын жүргізу. Қазір аталған жұмыстардың 80 пайызы аяқталып тұр. Енді тансформаторларды қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны да осы қараша айының соңында іске қосу жоспарланып отыр. Біраз жылдан бері күрмеуін таппаған…
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов іссапармен Исатай ауданына барып, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Құрамына 7 ауылдық округ пен 16 елдімекен кіретін, халқының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысатын Исатай ауданында 28 мыңға жуық тұрғын бар. Әкім сапарын Х.Ерғалиев ауылынан бастап, құрылысы жүріп жатқан инжерелік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың жұмысымен танысты. Қамысқала ауылдық округінің әкімі Рафиғат Тажиденованың айтуынша, ауылда жаңадан салынып жатқан 133 тұрғын үйге арналып газ, су, электр жарығы жүргізіліп, жұмыс уақытылы жасалуда. «Жайық-жарығы» ЖШС-мен жүргізіп жатқан электр желісін тарту жұмыстары біткен соң ауыл тұрғындарының баспана бойынша арыздары қанағаттандырылмақ. Сапар барысында аймақ басшысы аудан орталығында құрылысы жүріп жатқан 100…
Ақтауда ірі сауда орталықтарының бірінен шу шықты. Басшылық пен жалға алушылардың арасында түсініспеушілік туындады. Бір топ саудагер жалға алу құнымен мүлде келіспейтінін айтады. Өйткені, онда карантин уақытында жұмыс жасамаған күндер үшін ақы төлеу талап етілуде. Онсыз да қарызға белшесінен батқан саудагерлер енді не істерін білмей дал. Гүлданай АҚЖАНОВА, жалға алушы Біз басшыға барған кезде ол бізге Үкіметтен ешқандай көмек жоқтығын айтты. Сол себепті, бізге де ешқандай көмек көрсете алмайтынын айтып отыр. Бірақ біз неге тұрмаған күндерміз үшін ақша төлеуіміз керек? Менің өзімде үш бутик бар. Оған 240 мың теңге төлеймін. Гауhар ЖҮГІНІСОВА, жалға алушы Қазір киім сатып алатындар жоқтың қасы.…
Індет келгелі бері қорғаныш құралдарының жеткіліксіздігі айқын білінді. Бұл мұқтаждықтың бетін қайтаруға жергілікті зауыттардың бірі бел буған. Осыған дейін бір реттік шприц өндіріп келген цех енді медициналық бетперде шығармақ. Тауарды нарыққа жіберу үшін құжаттаманы үйлестіру ғана қалды. Өндірістің жылдық қуаты 25 миллион дананы құрайды. Дегенмен кәсіп иелері «мұнымен тынбаймыз» дейді. Нұролла ЖАНТУМИН, мекеме қызметкері Қазіргі таңда 2 жолақ жұмыс істеп жатыр. Жақын арада үшіншісі іске қосылады. Ал төртінші жолақ көршілес Ресейден келе жатыр. Біздің айлық өндірісіміз – 1 миллион 800 мың дана. Егер болашақта сұраныс болса өндірістік қуатты күшейтіп, кез келген сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар. Сұранысқа ие тауардың сапасы…
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов ел ағаларымен кездесті. Көшпелі отырыста өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, алға қойылған жоспарлары талқыланып, үлкендердің ұсынысы тыңдалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды. Жиында өнеркәсіптік әлеуетті толық пайдалану, ауыл шаруашылығын дамыту, шағын және орта кәсіпкерлік, білім мен медицина саласына қатысты азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру мәселелері көтерілді. С.Трұмов өзінің алғы сөзінде ортақ мәселелерді шешу үшін осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті. Өйткені, қоғамдық құрылыстың, экономика мен шаруашылықтың сан-саласында ұзақ жылдар елеулі еңбек етіп, бүгінгі таңда елдің тыныс-тіршілігінен қалыс қалмай, әлі де болса бойдағы күш-қуатын қоғам игілігіне жаратуды көздеген ақсақалдардың өңір дамуында алатын орыны…
Ауылдық өңірлерде қаржыгер мен заңгер тапшы. Себебі, онда баруға ешкімнің құлқы жоқ. Бұл туралы облыстың кеңейтілген кадр комиссиясы отырысында айтылды. Одан бөлек, мемлекеттік аппараттағы штат санын 10 процентке азайту жоспарланған. Алайда мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы департаментінің басшысының пікірінше, бұл шара білікті мамандарды айналып өтуі тиіс дейді. Салауат МҮКСІМОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі АОД басшысы Округ әкімдеріне штаттық кестені қайта қарап, қаржыгер және заңгер лауазымдарын нақтылауды сұраймын. Абай атамыз айтқандай, «Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел». Биыл мемлекеттік аппаратты оңтайландыру үрдісі олардың қатарын 10 пайызға қысқарту білікті және тиімді қызметкерлерді айналып өтуі тиіс. Мейлінше, тұрақты бос орындарды…
Былтыр ғана жаңа мектептің салынатынын естіп, бөркін аспанға атқан жаңаталаптықтардың қуанышы ұзаққа созылмады. Биылғы оқу жылында пайдалануға берілуі тиіс 300 орынды білім ошағының әлі іргетасы да қаланбаған. Соның кесірінен округ тұрғындары балаларын көрші ауылға, тіпті, қалаға жіберуге мәжбүр. 3 000-нан астам халқы бар жаңа ауылда мектеп, балабақша, тіпті, ойын алаңдары жоқ. Мұндағы жеке тұрғын үйлердің қарқынды құрылысын естіп, округтен қоныс тапқысы келетіндер де аз емес. Ал бұл қазірдің өзінде аяқталмаған нысанға сұраныс одан сайын артады деген сөз. Білім ұясын салатын жер белгіленіп, аумағы қоршауға алынғанымен құрылысы басталмаған. Жоба құны 2 млрд теңгені құрайды. Ал нысанның төлқұжатында жұмыстар 2019 жылдың жазында…
АҚШ-тағы президент сайлауында берілген дауыс санын есептеу басталды. Сайлауға қазіргі президент, республикашыл Дональд Трамп пен бұрынғы вице-президент, демократ Джо Байден түсті. Штаттардағы сайлау учаскелері жабылды. АР агенттігі сайлау нәтижесі белгілі деген штаттарда нақты қай үміткер жеңетінін болжай бастады. Олардың мәліметінше, Байден 9 штатта жеңіске жетсе, Трамп 7 штатта басымдыққа ие болған. Жеңімпаз сайлаудың ресми қорытындысы жарияланғаннан кейін ғана белгілі болады. Ақпарат құралдары жекелеген учаскелердегі дерек негізінде ғана болжам жасайды. Биылғы таңдауда 97 миллион адам мерзімінен бұрын дауыс берген. Көптеген бюллетень пошта арқылы жіберілгендіктен дауыс санау бірнеше күнге созылуы мүмкін. Жалпыұлттық сауалнама нәтижесінде көпшілік Байденді қолдаған. Америка халқы президент сайлауы аясында…
