Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Беларусь билігін халықаралық стандартқа сай қайта сайлау өткізуге шақырды. Бұл туралы Венада өткен тұрақты кеңестің жабық отырысында айтылды. Ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы тапсырған есепте Беларусьте 9 тамыз күні өткен президент сайлауының нәтижесін жою туралы ұсыныс болған. Сондай-ақ, сайлау процесі кезінде биліктің заңнаманы бұзғанына назар аударылып, адам құқығын таптау фактілерін бойынша айыптады. Бұл баяндама АҚШ, Франция, Ұлыбритания және т.б. 17 мемлекеттің өтініші бойынша әзірленген. Құжатта 700-ге жуық айғақ-дәлел келтірілген. Ал Минск болса, аталған құжатты дайындауға қатысудан бас тартқан. Еске салсақ, 9 тамыз күні болған президент сайлауынан кейін Минск пен елдің өзге қалаларында наразылық акциялары басталған еді.…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындарды онлайн форматта қабылдады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Аймақ басшысының кезекті қабылдауына жазылғандар әр түрлі әлеуметтік мәселеге қатысты өтініштерін айтты. Оның ішінде алдыңғы кезекте тұрғын үй мәселесі мен жалақысы жоғары жұмыспен қамтуға көмек сұрады. Азаматтардың өтінішін тыңдаған аймақ басшысы көтерілген мәселелерді заң шеңберінде шешу жолдары қарастырылатынын және әр өтініштің жеке өз бақылауында болатынын жеткізді. Онлайн қабылдауға қатысқан лаузым иелеріне де өтініштерге қатысты тиісті тапсырмалар берілді.
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ақауға кінәлілер жазаға тартылады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары Данияр Тиесовтің Атырау мұнай өңдеу зауытына арнайы сапары барысында жиналыс өтіп, онда биологиялық тазарту құрылыстарында орын алған оқиға қарастырылды. Атап айтқанда, қазіргі кезде мұнай өнімдерінің бекітілген нормадан шекті рұқсат етілген шығарындыларының жоғары мөлшері анықталмағаны жөнінде есеп берілді. Бұдан бөлек, оқиға себептері мен жүргізілген тексерудің нәтижелері ескеріліп, табиғатты қорғау бойынша іс-шаралар жоспары қайта пысықталды. Оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияның тексеру нәтижелері бойынша АМӨЗ-дің жауапты тұлғаларын жазаға тарту туралы шешім қабылданатын болады. Данияр…
Дания билігі коронавирустың мутацияға ұшырауынан қауіптеніп, елдегі күзендерден құтылу туралы шешім қабылдады. Олар 17 млн қаракүзеннің көзін жоятын болды. Мұндай ақпаратты елдің премьер-министрі Метте Фредериксен мәлімдеді. Оның айтуынша, сүтқоректілерге жұққан коронавирус мутацияланып, артынша адамдарға тараған. Денсаулық органдарының мәліметінше Солтүстік Ютландияның 12 тұрғынынан анықталған коронаиврустың өзгеріске ұшыраған түрі вирусқа қарсы дайындалып жатқан вакцинаның күшін әлсіретіп, антиденелерді жоятын көрінеді. Жалпы, Дания – қаракүзен терісін өндіруші ірі мемлекеттердің бірі. Елде осы жануар түрін өсіретін мыңнан астам шаруашылық бар. Коронавирус инфекциясының күзендерге жұқтыру жағдайы 200-ден астам фермада тіркелген. Қазірдің өзінде олардың үштен бірі жануарлардан толық тазарған. Сондай-ақ, бұл шаруашылықпен айналысатын кәсіпкерлерге өтемақы төленеді.
2019 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-да алғаш рет «Мұнайшылар демалысы» бағдарламасы іске қосылды. Компанияға қарасты өндірістік құрылымдық бөлімшелердегі жатақханаларда жатып, ауысымдық әдіспен еңбек ететін мұнайшылардың жұмыстан кейінгі демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ондағы спорт бұйымдары, музыкалық аспаптар толығымен жаңартылды. Мұнда кітап бұрыштары ұйымдастырылып, мұнайшылардың жұмыстан кейінгі демалыс уақыттарында кітап оқумен, спортпен айналысуларына барлық жағдайлар жасалған.
Мемлекеттік орындарда кәсіппен айналысатын ШОБ өкілдері жалға алу құнын төлеуден жыл соңына дейін босатылды. Ондай рұқсатты алу үшін gosreestr.kz порталындағы негізгі жалдау шартына ЭЦҚ арқылы қосымша келісімге қол қойылуы керек. Жаңашылдық мемлекетке тиесілі орындардан бөлек квазимемлекеттік секторлардан жалға алып отырғандарға да қатысты. Мұндай жеңілдік бұған дейін маусымның соңына дейін деп бекітілген-ді. Сондықтан одан кейінгі айларда төлем жасағандардың қаражаты келесі жылдың есебіне тіркелмек. Бұдан бөлек кәсіп иелерінің несиелеріне де жеңілдік қарастырылған. Абдолла ИДРЕСОВ, Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасының басшысы Көптеген проблемалық мәселелер келді. Мемлекет тарапынан антикризистік қолдау шаралары іске асты. ТЖ кезіндегі және локдаун кезіндегі қиындыққа тап болған, зардап шеккен кәсіпкерлік субьектінің…
Атыраудағы жаяу жүргіншілер жолағы көзге ілінбейді. Қала тұрғындары мен көлік жүргізушілерінің жанайқайы осы жерде тоғысады. Көпшілік белгілер бірнеше жауыннан кейін өшіп қала ма деп алаңдайды. Жұрттың сөзінше, жол бойына жағылатын сырдың сапасы сын көтермейді, апаттты жағдайдың жиі орын алуына да осы ақ-сары жолақтар кінәлі. Шахизада АБДУЛЛАЕВА, қала тұрғыны Қалай болса, солай сызылған. Жолдан өтпек болған кезде көлік тізгіндегендер ұялы телофонға кіріп алып бізді байқамай қалып жатады. Әсіресе, 14-ші, 12-ші маршруттар. Кесірінен қайғылы оқиғаларға тап болады. Ал әкімдіктегілер жолақтардың уақтылы жаңартылып тұратынын айтады. Тұрғындар аңсаған мінсіз жол белгілерінің жыл басынан бері 35 мың шаршы метрі қалыпқа келтірілді. Оның үштен біріне ғана…
Қараша жылы ауа райымен қуантады дейді синоптиктер. Алайда айдың басында облыста күн құбылмалы болып, тұман түседі. Желдің күшеюі секундына 20 метрге жетіп, өңірдегі циклонның әсерінен жаңбыр жауады. Алдағы күндері орташа ауа температурасы 8 градус цельсийді құраса, түнде сынап бағасы минус 3-ке дейін түседі. Ал шамамен он тәуліктен соң термометр көрсеткіші 20 градусқа дейін жоғарылап, қайтадан күн жылынады. Мейіргүл ҒИЛАЖЕВА, инженер-синоптик Айдың басында облыстағы күн райына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Сол себепті, күн бір жылынып, бір суиды. Алайда екінші және үшінші декадада ауа райы тұрақталып, қазіргі қалпына келеді деп болжап отырмыз.
Әскерде бір жыл қызметін өтеген 70 сарбаз отбасы-ошақ қасына қайтты. Осыған орай «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімінде жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтті. Жиында сөз алған офицерлер мен бөлім сарбаздары, сондай-ақ, Қарулы Күштердің ардагерлері оларға мықты денсаулық пен отбасыларының амандығын тіледі. Әскери қызметшілер жыл бойы жауынгерлік қызметтің қыр-сырын меңгерді. Нақтырақ айтқанда, күнделікті дайындықтар, арнайы оқу-жаттығулар мен кешенді тексерулерге қатысу арқылы шыңдалды. Қызметтен босатылып жатқандар арасында келісімшартқа сәйкес әскери қызметті жалғастырам деп шешкендер де бар. Борис ДЕМИН, қатардағы жауынгер Әскерде мерзімді қызметтің сарбаздарына жақсы қарады, әрқайсысымыздың «жауынгер досымыз» болды. Офицерлер мен сержанттар әрдайым көмектесіп, оқытып тұрды. Әскерде үлгілі тәртіп көрсеткен, даярлықтарда…
Атырау әйелдер колониясы тексерушілердің оң бағасын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау облысы бойынша ҚАЖД қарасты УГ-157/11 (әйелдер колониясы) мекемесін Ұлттық алдын алу тетігінің мүшелері тексерді. Комиссия мекеменің медициналық бөлігі мен асханасын аралап, сотталған әйелдерге дайындалатын тағамның сапасын тексерді. Сондай-ақ Ұлттық алдын алу тетігінің мүшелері сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, сұрақтарына жауап берді. – Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері мекеме қызметіне оң бағасын берді. Әйелдер колониясы барлық дезинфекциялық және гигиеналық құралдармен толық қамтамасыз етілген, – дейді мекеме бастығының орынбасары Медет Аджикулов
