Атырау облысында құстардың жаппай қырылу дерегі тіркелді. Жауапты адамдардың айтуынша, «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватында 80 шамалы қанатты өлген. Қос бағлан құсы Нұр-Сұлтан қаласына зерттеуге жіберілді. Ал қалғандары өртеліп, жерге көмілуде. Облыстық экология департаментінің мамандары резерват бойындағы өзен суы мен жердің және ауаның сынамасын алған. Қорытындысы жақын күндері шығуы тиіс. Асхат ҚАРАБАЛИЕВ, «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты басшысының орынбасары 4 қарашадан бастап қазірге дейін 74 бағлан құсы мен 7 шағаланың өлімі анықталды. Екеуін астанаға зерттеуге жіберді. Зерттеуге судың, ауаның сынамасы алынған. Сараптамалары әлі шыққан жоқ. Қазіргі уақытта «Ақ Жайық» резерватында басқа аң-құстың өлімі тіркелмеді.
Автор: Сайт әкімшілігі
Соңғы кездері елімізде ажырасу мақсатында сотқа жүгінетіндер көбейген. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты түрлі деңгейдегі әкімдіктер жанынан отбасылық даулардың алдын алуды реттеуді тапсырған еді. Индер ауданында некені бұзуға ниеттенгендер мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған ерлі-зайыптыларға профилактикалық және психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Отбасылық кеңес» құру жөніндегі арнайы меморандумға қол қойылды. Аудан әкімдігі жанынан құрылған кеңес қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселені түбегейлі шешуді көздейді. Оның құрамына аймақтың зиялы қауым өкілдері мен белсенді ардагерлер, медиаторлар енгізілген. Жанат ХАБАРОВ, Индер аудандық сотының төрағасы Ерлі-зайыптылар арасындағы неке бұзу ісі – ел ішіндегі өзекті мәселелердің бірі. Азаматтық қоғам өкілдерімен қоғам белсенділеріне яғни қорғаншылық және қамқоршылық органдары,…
Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Таулы Қарабахтан 11 шақырым жерде орналасқан стратегиялық маңызы бар Шуша қаласын бақылауға алғанын мәлімдеді. Алайда Армения Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство сайтында Таулы Қарабах астанасына зымыранмен шабуыл жасалғандығы туралы хабарлама да жарияланған. Әзербайжандықтар Әлиевтің сөзіне сеніп, жаппай көшеге шығып жеңістерін тойлай бастады. Илхам ӘЛИЕВ, Әзербайжан президенті Шуша – біздің қала. Қарабах та біздікі. Әзірбайжан халқын осы жеңісімен құттықтаймын. Армения біздің талабымызға көнбесе, біз соңына дейін барамыз. Оның айтуынша, 27 қыркүйектен бері Әзербайжан 200-ге тарта елдімекенді өздеріне қайтарған. Ал Армения Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Арцрун Ованнисян Фейсбук парақшасында «Шушидегі шайқастар жалғасуда. Біздің жеңісімізге сеніңіз және…
Жылыой аудандық «Атамұра» мұражайында белгілі журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қаржау Оразбаев пен мемлекеттік қызмет саласының ардагері Қайырғали Ермекұлына арналған «Біздің елдің жігіттері – ұлы мұхит кемесі» кеші өтті. Қарымды қаламгер Қаржау Жағалбайұлы мен Жылыой аудандық мәслихатының негізін қалаған Қайырғали Ермекұлы бір жылда дүние есігін ашты. Бірі туған жерінің қасиеті мен киесін төгілте жырласа, енді бірі – ел мүддесі үшін елеулі еңбек сіңірген мемлекеттік қызметкер. Мұражай төрінде арнайы бұрыш жасақталып, қос тұлғаның көзі тірісінде қолданған бұйымдары мен кітаптары, тағы да басқа тұтынған дүниелері қойылды. Ал кеш тізгінін ұстаған белгілі ақын Бүркіт Базарбаевтың өмірден мезгілсіз озған ағалары жайында айтары таусылар…
Іс-шара барысында айыппұл төлемей жүрген 192 көлік иесінің 14 млн теңге көлеміндегі төленбеген айыппұлы анықталып, автокөліктері айып тұрағына қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Патрульдік полиция қызметкерлері тек қана бір тәулік ішінде айыппұл төлемей жүрген сегіз автокөлікті анықтап, арнайы тұраққа қойды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері Атырау қаласы С.Датұлы көшесінде ресейлік нөмірмен жүрген Audi a6 автокөлігін тоқтатып, құжаттарын тексеру барысында көлік иесінің 500 040 теңге көлеміндегі айыппұлын төлемей жүргенін анықтап, автокөлік айып тұрағына жеткізілді. Бұдан басқа айыппұл төлемей жүрген 192 көлік иесінің 14 млн теңге көлеміндегі төленбеген айыппұлдары анықталып, автокөліктері айып тұрағына қойылды. Айыппұлды уақтылы төлемеген 153 автокөліктің 135-і – ресейлік нөмірмен…
«Эта» тропикалық дауылы Кубаға жетті. Табиғи апат аралдың орталығында орналасқан Камагуэй провинциясына жақындаған. Желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырымға жетеді. Бұған дейін Орталық Американың 6 елі «Эта» дауылынан зардап шеккен. Ондаған адам қаза тауып, жүзден астамы хабар-ошарсыз кеткен. Тұрғындар әлі күнге дейін су тасқынының салдарымен күресіп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Жапа шеккендердің нақты саны белгісіз. Себебі, бірнеше ауыл көшкін астында қалып, тағы бірқатарында байланыс үзілген. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олар үшін билік уақытша орналасу пункттерін ұйымдастыруда. Орталық Америкада көтеріліп басылған дауылдың екпіні әлсірей бастаған болатын. БІрақ теңізге жеткеннен кейін қайта күшейген. Метеорологтардың болжауынша, дауыл үлкен күшпен Флоридаға дейін жетуі мүмкін.
ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысына келді. Ол іс сапары барысында «CASPI Bitum» БК» ЖШС битум өндіру зауытының жұмысымен танысты. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлады. «Қаражанбас» кен орнынан мұнай алып отырған «CASPI Bitum» БК» ЖШС битум өндіру зауыты 2019 жылға дейін 1 590 тонна жол битумын өндірген. Нұрлан Ноғаев жол битумын өндірушілердің жұмысын жақсарту үшін Энергетика министрлігі қабылдап жатқан шаралар туралы айтты. Нұрлан НОҒАЕВ, ҚР Энергетика министрі Мемлекеттік сатып алулардың кешігуіне байланысты жол салушылар көктем мен жаз айларында битумды жаппай сатып ала бастайды. Сол арқылы битумға деген сұраныс артты. Бұл өз кезегінде бағасы сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастармен…
Ел «пандемия» деп дүрбелеңге түскенде дер кезінде ресми ақпарат таратып, керек кезде сабырға, кейде тәртіпке шақырған БАҚ өкілдерінің еңбегін бағаламау мүмкін емес. Өзгелер карантинде қамалып қалғанда өз денсаулығын құрбан ете отырып қызмет қылғандардың бірі – осы журналистер. Бақытгүл ХАМЕНОВА, Атырау облысы әкімінің орынбасары Халықты үрейге бөлеген індеттен сақтандыруда облысымызда бұл бағытта жасалып жатқан ауқымды жұмыстарды және орын алған түйіткілді мәселелерді талдап жазуда БАҚ өкілдері де ерекше көзге түсті. Көптеген журналист осы індетпен күресте емдеу мекемелеріне аяқтай барып, күндіз түні мігірсіз атқарылып жатқан жанкешті шараларды көзбен көріп, оқиға орнынан тікелей репортаж жасағанына куәміз. Қауіпті індет облысқа енген бойда шапшаңдық танытып, елді…
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Гусман 7-шағынаудан бойынша абаттандыру жұмыстарының атқарылу барысын тексерді. Бүгінде аталған шағынауданда 2 балалар ойын алаңының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған бесеуінің құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. Ал 3 спорт алаңының 2-уі аяқталып, біреуінің құрылысы үшін бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, жоспарланған 12 813 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолының 7 500 және 33 600 шаршы метр автокөлік жолының 25 000-ында жөндеу жұмыстары аяқталды. Серік Гусман абаттандыруға жауапты тиісті мердігер мекеме өкіліне шағынаудандағы тұрғындар үшін атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы және уақытылы жүргізілуін тапсырды.
Мақат аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Ш.Кейкиннің қатысуымен «Алтын» және «күміс» алқа иегерлерін марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Бұл туралы аудандық әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлады. Шара барысында Шәкір Кейкинұлы, қай елде, қай мекенде өмір сүрсе де, ортақ мақсат жолында балалардың бақыты, шат күлкісі, қуанышқа толы тұрмысы үшін күресетін әрі дүниені жаңартушы ұлы тұлға – Ана екендігін айта келіп, көпбалалы аналарды құттықтады. Сондай-ақ, оларға өз қолымен «Алтын» және «күміс» алқа табыстады. Салтанатты шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. Онда халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері «Шаттық» би тобы, К.Төлебаева және Р.Әлиева сынды әншілердің орындауындағы халық әндері көпшіліктің қошаметіне ие болды. Ал «Тұран»…
