Автор: Сайт әкімшілігі

Тәуелсіз экологтар мен қоғам белсенділері Маңғыстауда орын тепкен Бозжыра шатқалына шетелдік инвестолардың қонақ үй салуына  қарсылық білдірді. Болашақта ол аумаққа туристер көптеп жиналса, сан түрлі құс пен жануарға қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан жобаны жүзеге асырмас бұрын қоғамдық  талқылауға салып, бүге-шүгесіне дейін зерттеу керектігін айтады. Әділбек  ҚОЗЫБАҚОВ, тәуелсіз эколог Бозжыра маңында ғана кездесетін аң-құстарымыз бар. Олардың ішінде қызыл кітапқа бірнешесі енген. Соларға ешқандай зиян тигізбейтіндей жоба жасалып, құзырлы органдар бақылауды күшейту керек. Қазірдің өзінде сол жаққа джип турлармен адамдар барып, табиғатқа кері әсерін тигізіп жатыр. Бозжыра аумағы ұзақ мерзімге жалға беріледі. Бірақ әкімдіктегілер нақты қанша жылға екенін ашып айтпады. Өңірде алғашқы…

Read More

Биыл жазда Маңғыстауға келген туристердің саны артқан. Барлығы дерлік – қазақстандықтар. Мұның бірінші себебі пандемия болса, екіншісі нарықта пайда болған лоукостердің әсерінен туындады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Fly Arystan» әуе компаниясының баспасөз хатшысы Ләззат Набиева мәлім етті. Оның айтуынша, халық әуе билеттерін теміржол билетінің құнымен бірдей бағаға сатып ала бастады. Осылайша, 21 маусымнан бастап еліміздің тұңғыш отандық лоукостері – «FlyArystan» әуе компаниясы Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе мен Орал қалаларынан Ақтауға дейін әуе билеттерін 4999 теңгеден бастап сата бастады. Аталған лоукостер соңғы 4-5 ай ішінде Каспий өңірінің 140 мыңдай жолаушысына өз қызметін ұсынды. Келешекте бағыттардың…

Read More

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери инженерлері жаңа оқу кезеңіне дайындық аясында оқу-жаттығу алаңдарын жарылғыш заттардан тазартты. Іске жұмылдырылған инженерлік-саперлік бөлімшелер жеке қорғану құралдарымен, жарты метр тереңдіктегі жарылғыш заттарды табуға арналған мина детекторларымен, байланыс құралдары және жарылыс қаупі бар заттарды тасымалдауға арналған көліктермен қамтамасыз етілген. Аталған аумақтардың жалпы ауданы 48 мың гектардан асады. Олар – Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстарында орналасқан «Оймаша», «Бейнеу», «Есет батыр» және «Қаработан» полигондары. Нұржан САПАРБЕКОВ, 41433 әскери бөлімі инженерлік қызметінің бастығы Негізгі мақсат – жеке құраммен жаттығу сабақтары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жарылмаған оқ-дәрілерді, істен шыққан жарылғыш заттарды жою. Қауіпсіздік мақсатында барлық жарылғыш зат бірден электрлік…

Read More

1 қарашадағы есеп бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 983 кәсіпорнында 27,7 мың жұмыскер алдында 3,5 млрд. теңге жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми парақшасында хабарланды. Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 657 нұсқама беріліп, 88,7 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 3,4 млрд. теңге төленді. Жалпы жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,4 мың тексеру жүргізді. ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 5,4 мыңнан астам фактісі анықталып, 157,7 млн. теңге сомаға айыппұл…

Read More

Әзербайжан, Ресей және Армения Таулы Қарабахтағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келісімге келді. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян өзінің фейсбук парақшасында жариялады. Ол өз жазбасында «Құрметті отандастар, бауырлар мен әпке-қарындастар! Өзіме де, бәрімізге де ауыр тиетін шешімге келдік. Ресей және Әзірбайжан президенттерімен қақтығысты тоқтату жөніндегі келісімге қол қойдым. Өзімізді жеңілдік деп есептемейміз, керісінше бұл қадам біздің ұлт ретінде бірігуіміздің және қайта өрлеуіміздің бастамасы ғана. Отанын қорғау жолында өмірін қиған жандардың алдында басымды иемін. Біз соңына дейін күрестік және жеңеміз» деп жазған. Атысты тоқтату туралы шешімге келгендерін Ресей президенті Владимир Путин де растады. Оның айтуынша, келісімге қол қойылған сәттен бастап екі…

Read More

Атырауда заңсыз ойын бизнесі тоқтар емес. Жыл басынан бері экономикалық тергеу департаменті 6 жағдайға тосқауыл қойған. Ішінде жасырын казино да бар. Әйтсе де, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда екі есе аз. Өңірде қаржы пирамидасының ісі өрге жүзіп тұр. Оның аясында төрт құқықбұзушылық тіркелген. Қаһарман ЖӘРДЕМОВ, Атырау облысы экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Олар оқыған, сауатты, әлеуметтік желіні қолданады. Сол арқылы адамдарды сендіреді, жарнаманы жақсы жасайды. Сол себепті, неше түрлі айлаға барып, адамдарды қармағына оңай түсіреді. Облыстық экономикалық тергеу департаменті былтыр 89 қылмысты ашса, биылғы 10 айда 80-не тосқауыл қойған. Жалпы, тергеу жұмыстарының  нәтижесінде мемлекеттік қазынаға 2019 жылдан бері 2,8 млрд. теңге…

Read More

Акисино ханзада ресми түрде Жапонияның империялық тағының мұрагері деп жарияланды. Салтанатты рәсім жексенбі күні өтті. Тақ мұрагерін жариялау сәуір айында өтуі тиіс еді. Бірақ пандемияға байланысты кейінге қалдырылған. Бүгін де шара небары 15 минутқа созылды. Хризантемалық тақтың мұрагері жаңа император – Нарухитоның інісі. Әлемдегі монархиялық дәстүр бойынша таққа тек ер адам отыру керек. Нарухитоның ұлы болмағандықтан тақ мұрагері ретінде інісін таңдапты. Туғанда Фумихито есімін алған 54 жастағы ханзада әзірге тақтың жалғыз мұрагері болып отыр. Ол империялық отбасы дәстүрден қорықпай қазіргі шындыққа бой үйретіп, бейімделу керек деген пікір білдіріп елге танылған.

Read More

Мемлекеттік мекемелердегі ту мен елтаңбаға жасалатын күтім көңіл көншітпей тұр. Мұндай кем-кетікті мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия өңірдегі алты ауданда жүргізген мониторингілеу барысында анықтады. Олардың берген мәліметтеріне сүйенсек, кемшіліктер тексерілген 221 мекеменің 74-інде байқалған. Енді бұл ескертулердің нәтижесінде мекеме басшылығы рәміздерді жаңасына ауыстыруы тиіс. Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында қалада мемлекеттік рәміздің маңызын түсіндіретін орталықтар ашылды. Оны әдістемелік оқулықтармен толықтыру үшін Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жариялаған. Ал бұл жауапкершілікті «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қоры мойнына алып отыр.

Read More

Ит төбелестірген маңғыстаулық азамат жауапкершілікке тартылды. Айыпты – Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Қазан айында әлеуметтік желіні шарлаған ит-төбелес жануарлар құқығына бей-жай қарамайтын көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Кінәлі бейнекөріністің үш жыл бұрын түсірілгенін айтып ақталмақ болғанмен, полицейлер видеоның жақында ғана таспаланғанын анықтады. Осылайша, азамат карантин режимін сақтамағаны үшін және жануарларды асырау, серуендету талаптарын орындамауы себепті жауапкершілікке тартылды. Айгерім ИБАТУЛЛАЕВА, Маңғыстау облысы ПД  бөлімінің бастығы 17 қазанның азамат Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылында бар танысын шақырып, ит таластырған. Келесі күні видеоны әлеуметтік желіге жүктеген. Қазір ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, оның үстінен ҚР ӘК-нің 425, 408 баптары бойынша іс қозғалды.

Read More

АҚШ-тағы басты саяси дода өз мәресіне жетті. Американың 46-шы президенті болып 77 жастағы демократ Джо Байден сайланды. Ол шамамен 74 млн.-нан астам халықтың дауысына ие болды. Ал жеңіліп, күреске тоймаған Дональд Трамп сайлау қорытындысын мойындамай, бюллетень санау кезінде заңбұзушылықтар болды деген дау шығарды. Дональд ТРАМП, АҚШ-тың 45-президенті Нәтижелер бұрмаланды. Бұл – АҚШ халқын алдау. Шындығына келгенде, біз жеңіске жеттік. Сайлауға қатысты оқиғалар заңмен тексерілуі тиіс. Біз Жоғарғы сотқа жүгінеміз. Ал жаңа президент болса өзінің таза әрі адал жеңіске жеткеніне сенімді. Биылғы сайлауға 15 млрд долларға жуық қаражат жұмсалған. Бұл ел тарихындағы ең қымбас саяси шара болып отыр. Оған қоса, пандемияға…

Read More