13 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген атыраулыққа 500 мың теңге айыппұл салынды. 57 жастағы әйел 1998 жылы Ресей азаматына тұрмысқа шығып, сол жаққа қоныс аударған. 2007 жылы көршілес елдің азаматтығын қабылдаған ол бұл жөнінде елшілікке немесе ішкі істер органдарына хабарламады. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін ҚР азаматының жеке куәлігін тапсырмай, ел аумағына бірнеше рет келіп, Ресей Федерациясының паспортымен шыққаны анықталды. Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Құрманғазы аудандық полиция бөлімі азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Автор: Сайт әкімшілігі
Студенттер қалаған әдебиетті оқып және оны ұстаздарымен талдауға мүмкіндік алды. Сафи Өтебаев атындағы АтМГУ қабырғасынан кітапқұмар жастардың басын біріктіретін «Зейін» оқырмандар клубы ашылды. Университет ректоры мұндай бастаманың тек жақсылыққа жетелейтініне сенімді. Гүлзада ШАКУЛИКОВА, С.Өтебаев атындағы АтМГУ ректоры Ата-анам менің кітап оқуға деген махаббатымды оятты. Бұдан артық қандай тәрбие керек?! Бұл бастама біздің профессорлық құрамның ниетімен қолға алынды. Біздің қазіргі жетістігіміз кітап оқығанымыздың арқасы деп сенімді түрде айта аламын. Сондықтан жастар оқуды, тануды және өмірді сүюді кітап арқылы сезінсе дейміз. Қазір клуб 50 шақты оқырманды жинап үлгерген. Жауаптылардың сөзіне сенсек, жоспар бойынша маңызды әрі қызықты 10 кітаптың тізімі жасақталған. Студенттерге бір…
Ақтауда әлеуметтік осал топтағы отбасылар жергілікті билік берген баспананы жекешелендіруді талап етуде. Жиналғандар – қаңтарда Жаңаөзеннен қоныс тепкендер. Әкімдік олардың жағдайын жақсартып, жұмыспен қамту мақсатында орталыққа көшіріп әкелген еді. Су жаңа баспана да берілді. Бірақ жаңа пәтерлер жекешелендіруге келмейтін болып шықты. Тұрғындар осыған наразы. Олар баспананың жеке бастарына тіркелмейтіні былай тұрсын, газсыз қалып, жұмыссыз жүргендеріне де билікті кінәлайды. Онда мүмкіндігі шектелген жандар үшін де кіріп-шығуға жағдай жасалмаған. Аталған үйлер шаһардың жаңа шағынауданында орналасқандықтан, жақын маңда не мектеп, не балабақша жоқ. Сол себепті, балалар шалғайдағы нысандарға қатынауға мәжбүр. Ал әкімдіктегілер мектеп пен балабақшаның алдағы екі жылда салынатындығын айтып отыр. Халықты жұмыспен…
Палестинаның ең танымал саясаткерлерінің бірі Саиб Эрикат 67-ге таяған шағында өмірмен қоштасты. Ол Израильмен бас келіссөз жүргізушісі және Палестина басшысы Махмуд Аббастың ең жақын серіктесі болды. Дипломаттың өліміне коронавирустың асқынуы себеп болған. Эрикат 9 қазан күні вирус жұқтырғанын хабарлаған еді. Бірнеше күн үйінен ем алып, кейін жағдайы нашарлап Иерусалимдегі Израиль Хадаса ауруханасына жеткізілген. Ол қауіпті топтағы адамдар қатарында болған. Бұған дейін ол инфаркт алған және өкпе трансплантациясын жасатқан. Саиб Эрикат Палестинаның азаттығын қолдайтын ФАТХ қозғалысының мүшесі және басшысы Ясир Арафаттың сенімді өкілі болды. 2004 жылы Арафат қайтыс болғаннан кейін оның мұрагері Махмуд Аббастың көмекшісі болып сайланды. Өткен айда да Эрикаттың…
Virgin компаниясы Hyperloop вакуумдық пойызын алғашқы жолаушылармен сынақтан өткізді. Экспериментке компания қызметкерлері Джош Гигель мен Сара Лучиан қатысты. Олар мінген пойыз жылдамдығы сағатына 160 км-ге дейін жетіп 500 метрлік құбыр бөлігімен өтті. Жолаушылар оны ұшақтың биікке көтерілу жылдамдығымен салыстырды. Сара Лучиан, компания қызметкері Бұл алғашқы сынағымыз болды. Оның көлемі біздің есебімізге қарағанда сәл кішірек болған. Джош екеумізде әңгімелесуге және кабинада қозғалуға мүмкіндік болды. Қазіргі жасап жатқан дизайнымыз бойынша пойызыдң соңғы нұсқасының сыйымдылығы 28 жолаушыға арналады. Олар еш кедергісіз тұрып, еркін қозғала алатын болады. Бір сөзбен айтқанда, жолаушы үшін барлық жағдай жасалады. Virgin Hyperloop коммерциялық вакуумдық пойызын 2021 жылы іске қосуды…
Сәбиді тоңазытқышта өлтірді деп айыпталған бас дәрігерге қатысты істе жаңа дерек пайда болды. Айыпталушы Қуаныш Нысанбаевтың қорғаушысы сараптамаға жіберілген шақалақтың денесі басқа нәрестемен ауысып кету мүмкін дегенді жеткізді. Адвокаттың айтуынша, Қарағандыға сараптама үшін жіберілген 3 материал Тұрымбетова, Айтмұратова және Молдағалиевалардың нәрестелері болған. Сондай-ақ, ол осы істе 652-нші материал жоқ екенін айтты. Негізі, ол Тұрымбетованың шақалағына байланысты қорытынды шыққан кезде дайын болуы тиіс. Бұл жерде зерттеу нысанының нөмірі мен қорытындының сәйкес келуі де маңызды. Қорғаушы келтірген дәлелдерді айыпталушы Қуаныш Нысанбаев тағы бір күдікті жайттармен толықтырды. Қуаныш НЫСАНБАЕВ, айыпталушы 19 қарашада Қарағанды облысының эксперттері келген кезде видео жазылды. Бірақ кейін кетіріп тастаған.…
Бірнеше күн бұрын іске қосылған Беларусь атом электр стансасы электр энергиясын өндіруді тоқтатты, деп хабарлайды Азаттық радиосы. Оған стансадағы трансформаторлардың жарылуы себеп болған. Ақау толығымен жойылып, қашан іске қосылатыны туралы нақты жауап жоқ. Стансаны ресейлік «Росатом» бөлімшесі саналатын «Атомстройэкспорт» компаниясы салған. Оған жұмсалған қаржының тең жартысын Мәскеу төлеген. Жоба 2022 жылы толық аяқталады деп жоспарланған. Десе де, станса 7 қараша күні ресми түрде ашылды. Оған қатысқан Александр Лукашенко жобаның іске қосылуы Беларусь үшін тарихи сәт деген болатын. Ол мемлекеттің ядролық державаға айналатынын да атап өтті. Алайда Литва АЭС-тың жұмысына қарсылық білдіріп отыр. Себебі, Островец ауданы Литваға жақын жерде орналасқан және…
27 жылда «Теңізшевройл» компаниясынан мемлекетке бөлінген қаражат 150 млрд. доллардан асқан. Бұған олардың жергілікті жұмысшыларға берген жалақысы, отандық өндірушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып алуға кеткен шығын, салықтар мен роялти кіреді. Бұдан бөлек, 300 млн. доллар инфраструктураны дамытуға жұмсалды. Өткен жылдың өзінде компания республикалық бюджетке 10 млрд. доллардан астам қаржы құйған. Бұл туралы «Теңізшевройл» мен NCOC-дағы қазақстандық қамтуға арналған облыстық мәслихаттың сессиясында айтылды. Бүгінде компаниядағы жергілікті жұмысшылардың саны едәуір өскен. Қыркүйектен бастап мекеме қызметкерлерді Теңізге қайта әкеле бастады. Қазір онда 26 мың адам еңбек етеді, олардың 70 пайызы – атыраулықтар. 1996 жылдан бастап қазақстандық қызметкерлердің саны 20-дан 86 процентке дейін өсті.…
Жылыойда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 102 адам қайтарымсыз қаржыға ие болды. Солардың бірі – Жұлдыз Есенболатова. Ол Құлсарыдағы орталық ықшамаудандардың бірінен жалға пәтер алып, арнайы массаж кабинетін жасақтап, жанұялық кәсібін ашты. Қарапайым халыққа қол жетімді бағада қызмет көрсететін келіншек мемлекет қолдауына дән риза. Жоба аясында 550 мың теңге көлемінде қаржылай көмекке қол жеткізген шағын бизнес иелерінің аяқ алысы жаман емес. Мұндай қолдау түрі жұмыссыздарға, көпбалалы отбасыларға және ІІІ топтың мүгедектеріне беріледі. Қайрат ОМАРОВ, Жылыой ауданы жұмыспен қамту орталығының басшысы Ауданға қарасты 102 адамға 56 млн. көлемінде қайтарымсыз грант беріп отырмыз. Қазіргі таңда осы грант алушылар…
Ақтауда 300-ге жуық жуық үлескерді алдаған «Тастемір–ЛТД» құрылыс компаниясының басшылығы қолға түсті. Алаяқтығы үшін қамауға алынған мердігерлер бұған дейін арзан жарнамамен салымшыларды қызықтырып, қаражатын алып келген. Бірі сегіз жүз мыңдап салса, тағы бірі 15 миллион теңгеге дейін қолма-қол санап берген. Компания белгіленген мерзімде баспана кілтін тапсыру былай тұрсын, тіпті, құрылысы аяқталмаған бір пәтерді бірнеше адамға сатқан. Одан қалды, құрылыс нормаларын бұзып, әкімдіктен еш рұқсат алмағаны анықталды. Қазір мекеме басшылығының үстінен іс қозғалып, тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде. Әйгерім ИБАТУЛЛАЕВА, Маңғыстау облысы ПД бөлім басшысының міндетін атқарушы «Тастемір–ЛТД» басшысы ҚР Қылмыстық Кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі…
