АҚШ-тың Аляска штатында бюллетеньдердің басым бөлігі саналғаннан кейін Дональд Трамптың көп дауысқа ие болғаны хабарланды. Оның Аляскада жеңіске жететінін сарапшылар алдын ала болжаған еді. Бұл штаттағы жеңісті қосқанда Трамп сайлаушылар алқасының 217 дауысын жинады. Бірақ қарсыласы Джо Байденнен айтарлықтай артта келеді. Қазіргі таңда демократ Байденде 279 дауыс бар. Бұл көрсеткіш президент ретінде сайлануға қажетті межеден асады. Аризона мен Джорджия штатында да дауыс санау әлі аяқталған жоқ. Ал нәтиже әлі белгілі бола қоймаған Солтүстік Каролинада Трамп жеңіске жақындап келеді. Президент сайлауының ресми қорытындысы әлі шықпағанымен, жергілікті ақпарат құралдары Байденнің жеңіске жеткенін жарыса жазуда. Көптеген ел басшылары да жаңа президентті құттықтап үлгерді.…
Автор: Сайт әкімшілігі
Мақатта облыстық мәслихаттың партиялық тізіміне ұсынылған кандидаттар пікірсайыс арқылы анықталды. Бұл «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс 32-ші конференциясында жүзеге асты. Филиал төрағасы, аудан әкімі Шәкір Кейкиннің төрағалығымен өткен жиынға аймақтағы партия мүшелерінен 50 делегат қатысты. Пікрсайыс екі кезең бойынша жүргізіліп, төрт үміткер сайлауалды бағдарламаларының негізгі тезистерін таныстырды. Кейін делегаттар арнайы дайындалған дауыс беру орындарында өз таңдауларын жасады. Дауыс беру қортындысы бойынша облыстық мәслихаттың партиялық тізіміне ұсынылатын кандидаттар тізіміне екі үміткер ілікті. «Nur Otan» партиясы Мақат аудандық филиалының сектор меңгерушісі Гүлшат Ерғалиеваның айтуынша, пікірсайыстың қорытындысында Сәлімжан Нақпаев 44, Айбол Долдашев 15, Абзал-Сенбі Самаликов 36, Әділбек Идиятов 30 дауыс жинаған.…
Маңғыстаудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жергілікті бизнесмендермен жалпы құны 1 трлн теңгеден асатын 19 келісім жасасты. Бұл кәсіпкерлерді әкімшіліктің заңсыз қысымынан қорғайды. Әкімшілік кедергілерден шаршағандардың бірі – Данияр Тұрғынов. Екі жыл бұрын құс шаруашылығын дамытуды қолға алған ол агенттікпен шартқа отырған соң ғана қорқыныш пен күдіктің қою бұлты сейілгенін айтады. Данияр ТҰРҒЫНОВ, кәсіпкер Бизнесті дамыту жолында кедергіге көп ұшырадым. Қолға алған жобаны жүзеге асыруда әкімшілік қиындықтар туындады. Өзім құс шаруашылығымен айналысамын. Қазір осы аумақта сағатына 10 тонна комбикорм шығаратын зауыт салып жатырмын. Агенттікпен келісім-шартқа отырдым. Енді ісім оңтайлы болады деген ойдамын. Кәсіпкерлікті заңсыз әкімшілік қысым мен кедергілерден қорғау – басты…
Қант диабеті – қазіргі замандағы өзекті мәселердің бірі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары осы бір дерттің алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Алуа СЫРАЛИЕВА, СӨСҚО атқарушы директоры Қазіргі онкүндік аясында кез келген адам өзі тіркелген емханаға барып қанындағы қант құрамын ақысыз негізде біле алады. Қант диабетінің алдын алмаса, өзге де аурулар туындау мүмкін. Ал дертке шалдықпас үшін, біріншіден, тәтті тағамды азайтып, ішімік секілді зиянды өнімдерді тұтынудан сақ болып, қозғалыс жағын белсендету керек. Яғни, салауатты өмір салтын ұстанған абзал. Еркінқала дәрігерлік амбулаториясына тіркелген 14 мың адамның 200-і қант диабетімен ауырады, оның төртеуі – бала. Елдімекен тұрғындары аурухана есебінде тұрған…
Маңғыстаудағы Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылындағы ең өзекті әрі негізгі мәселенің бірі – жер асты суының пайда болуы. Көктем, қыс мезгілдерінде жер асты суының деңгейі көтеріліп, тұрғын үйлерге қауіп төндіруі қиындық тудырып отыр. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды. Осы мәселенің алдын-алу мақсатында Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Алматы қаласындағы арнайы ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен бірлесіп геологиялық барлау, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, жерасты суларының пайда болуы «Кіші Оймаша» көлінің әсерінен және елдімекен аумағында 8 бұлақ көзінің бар екені анықталған. Қазіргі уақытта тұрғын үй алабтарынан шығатын жер асты суларын арнайы су сору құрылғыларының көмегімен…
Ақтаудағы Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Ерболат Аманқос пен 3-сынып оқушысы Жанболат Аманқос күзгі демалыста Түркияда өткен ХІІ халықаралық пәндік олимпиададан жүлделі оралды. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлайды. Ерболат математика, физика, дүниежүзі тарихы пәндері бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, 3-орын алды. Ал Жанболат математика пәнінен 2-орын және қоршаған орта пәні бойынша 3-орынды қанжығасына байлады. Мектеп әкімшілігі ағайынды оқушының ата-анасына алғыс білдіріп, жеңісімен құттықтады. Сонымен қатар оқушының ата-анасы өз кезегінде С. Бималиева, С. Болотова, Ж. Карджауова, О. Костылева, Ж. Идаев, Н. Менгали есімді мұғалімдерге алғыс айтты. Ал білім бәсінде сынға түскен оқушылардың өзі мұғалімдердің еңбегі мен қолдауының арқасында жоғары нәтиже көрсеткенін айтып…
Ел назарындағы праймериздің аяқталуына аз қалды. Қалалық «Nur Otan» партиясы өткізген кезектен тыс 38-конференцияда қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейде жүрген көп сауалын ортаға салды. Күн тәртібіндегі басты мәселе – қалалық партияға тізімді бекіту мен облыстық партияға 15 үміткерді ұсыну. Бейбіт МЫРЗАҒАЛИЕВ, «Nur Otan» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Бізде партияның 31 бастауыш ұйымынан сайланып келген 80 делегат өз таңдауларын жасайды. Праймериздің екінші кезеңі – конференциялар өткізу. Үшінші кезеңде облыстық конференцияға делегаттар сайлаймыз. Тағы да пікірсайыстар өтіп, кандидаттар анықталатын болады. Кандидаттарға дауыс беру электронды түрде жабық кабиналарда өтті. Кейін жоғары дауыс жинағандардың есімі аталып, өзге де мәселелер қаралды.
Атыраудан Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшақ апатты жағдайда Атырауға кері қайтты. SCAT әуе компаниясының көлігі портқа он екі минуттан кейін қайта қонды. 115 жолаушысы бар әуе кемесінің бір топ құсқа соғылуы төтенше жағдайға ұрындырған. Әлібек АЙТАНОВ, жолаушы Бір мезетте түтін шықты, турбинадан ұшқын көрінді. Сосын ұшақ шайқала бастады. Әуе кемесінің ішінде нағыз дүрбелең басталды, жолаушыларды тыныштандыру оңай болмады. Бар дұғамызды тілеп, жалбарындық. Жерге әрең қондық. Барар жері болмаған жолаушыларға уақытын әуежайда өткізуге тура келді. Жатын орынды айтпағанда оларды ауыз су мен ыстық тамақпен қамтамасыз етудің өзі түннің бір уағына дейін мүмкін болмады. Куәгерлердің сөзіне сенсек, компания қызметкерлері төтенше жағдайға мүлдем дайын…
Мақаттық белсенді жастар аудан әкімі Шәкір Кейкин және облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұхановпен кездесті. Жиналыс бейресми, еркін форматтағы пікіралмасу алаңы ретінде ұйымдастырылды. Олар өздерінің өмір тәжірибесі арқылы жастарға жігер беріп, өңірдің өскелең ұрпағын белсенді болуға шақырды. Жастар да өздерін толғандырып жүрген сауалдарын аудан басшысына жолдап, ұсыныстарымен бөлісті. Сондай-ақ, жастар саясатын дамыту үшін еркін тақырыпта ой таластырып, тұшымды пікірлер айтылды. Көтерілген мәселелерді аудан басшысы өз назарына алатындығын айтып, қолдау болатынын жеткізді. Кездесуде індет өршіген тұста өз еркімен қайырымдылыққа бет бұрған 11 еріктіге облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы атынан арнайы алғыс хат табысталды. Мұнайлы өлкеде 14 пен 29 жас аралығында…
Женевадағы аукционға қызғылт алмаз қойылды. Бұл асыл тасты 3 жыл бұрын «Алроса» компаниясы тапқан. Бұған дейінгі табылған қызғылт гауһартастың ең үлкен массасы шамамен 4 карат болатын. Михаил Фокиннің «Раушан көрінісі» балетінің атауын алған бұл асыл тастың массасы 27 каратқа жуықтаған. Бірақ ол екіге бөлінгеннен кейін салмағы да азайған. Зергерлік бұйымдар департаментінің директоры Бенуа Репелленнің айтуынша, «Раушан көрінісінің» бағасы 23 пен 38 миллион доллар аралығында болуы мүмкін. Яғни, әр карат шамамен 1 жарым миллионға бағаланады.
