Автор: Сайт әкімшілігі

Биыл күзде Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жеті жүз жасты әскер қатарына шақыруды жоспарлап отыр. Осыған байланысты шақыруды жүргізу үшін Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары мен денсаулық сақтау басқармасы басшысының төрағалығымен әскерге шақыру және медициналық комиссиялар құрылды. Сонымен қатар, әскерге шақыру комиссиясы құрамына ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Қарулы Күштер, жергілікті соғыс ардагерлері және дін жүйесінің өкілдері кіреді. Әскерлерді дені сау және моральдық жағынан дайын жастармен толықтыру міндеті қойылды. Қазіргі уақытта Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскерге шақырылушылар мен Қарулы Күштерді тартуға қатысатын лауазымды адамдар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларына ерекше назар аударуда. Әскерге шақыру пункттерінің кіреберіс жерлерінде…

Read More

Республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мемлекеттік орган басшылары мен әкімдердің қызмет барысында ашықтығын көрсетуге мүмкіндік беретін акцияны бастады. Рейтинг қала мен ауылдық аймақтардың тұрғындарына сауалнама жүргізу арқылы жасақталады. Индер ауданында жыл басынан бері әлеуметтік инфрақұрылым бағытында біраз жұмыс атқарылды. Әлеуметтік нысандар мен саябақтар салынып, елдімекендер арасындағы және ауыл-аймақ ішіндегі тасжолдар жаңартылды. Аудан әкімі акция аясында өзінің жалақысын жариялады. Тамызға дейін айына 310 мың теңге алған ол қазір еңбекақысының екі есе өскенін айтады. Шенеуніктің қабылдауына жыл басынан бері 119 тұрғын жазылған. Олардың 105-іне кеңес беріліп, 14 тұрғынның сұрағы оң шешімін тапты. Мейірім ҚАЛАУИ, Индер ауданының әкімі: Жасыратыны жоқ, тұрғындардың жергілікті атқарушы органдарға…

Read More

Мамандар интернеттегі алаяқтықтың карантин кезеңінде етек алғанына көптеген дәлел келтіреді. Оған жұмыссыздықтың әсер еткенін айтады. Мысалы, маңғыстаулық Махаббат Нұржанқызы суреті мен телефон нөмірінің бейәдеп контентте жарияланғанын кездейсоқ білген. Арудың қандай қызмет көрсететін сұрап, қоңырау шалған бейтаныс жігіт оның жеке мәліметі желіде ашық көрсетілгенін айтыпты. Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ, жәбірленуші: Вконтакте әлеуметтік желісінде менің суреттерімді пайдаланған және абоненттік номерім жазылған бір аккаунт бар екенін бір кісі хабарлады. Содан кейін жеке суреттеріммен бірге ар-намысыма тиетін түрлі картиналардың қатар қойылғанын көрдім. Осыған орай полицияға барып арыз жаздым. Мен ол кісінің жауапкершілікке тартылуын талап етем. Заңгерлер азаматтардың цифрлық құқығына байланысты қолданылатын жаза мен айыппұлдың бар екенін…

Read More

Ақтаудағы 2 мектепке күрделі жөндеу жасалды. Бұл туралы Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Тулебаева мәлім етті. Светлана ТУЛЕБАЕВА, Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы: Атап айтсақ, 29-шағынауданда орналасқан №28 жалпы білім беретін орта мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Білім ошағы 2001 жылы қолданысқа берілген.Жөндеу жұмыстары аясында қабырғалары толығымен сырланып, еден төсеніштері жаңартылды. Мектептің қасбеттері жаңарды. Шатыр, баспалдақ ауыстырылды. 32 бейнекамера қойылды. Интернет желісі тартылып, инженерлік желілер жаңартылды. Сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 1 үлкен, 1 кіші футбол алаңына жасанды газонмен төселіп, 2 жүгіру жолы жаңа түрге енген. Баскетбол алаңы спорт жабдықтарымен толықтай жарақтандырылды. 44 интерактивті тақта, 2 компьютерлік кабинет, 1…

Read More

15 қазан күні жылыту маусымы басталады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осыған орай, қала әкімдігінің өкілдерінен, мемлекеттік және жекеменшік мекемелермен бірлесіп құрылған комиссия өз жұмысын жалғастырып жатыр. Жұмыс тобы үйлердің жылыту маусымына дайындығын және барлық пәтер иелерінің тұрғын үй заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізуде. Жұмыс тобы пәтер иелері кооперативіне ескертпелер беріп жатыр.

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабар таратты. Президентке қайта құрылған министрліктің құрылымы, басқа мемлекеттік органдардан өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы кейбір функцияларды, мемлекеттік материалдық қорды беру үдерісі, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің құрамына кірген әскери бөлімшелерді ауыстыру жұмыстары туралы баяндалды. Юрий Ильин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік қызметінің 25 жылдығы қарсаңында, аталған құрылымды қайта қалпына келтіргені үшін мекеме қызметкерлерінің атынан алғыс білдірді. Мемлекет басшысына осы жылдың 8 айындағы төтенше жағдайлардың, табиғи және техногендік апаттардың, сондай-ақ, осындай жағдайларда қаза болғандар санының азайғаны туралы да ақпарат берілді. Кездесу қорытындысы…

Read More

Атырау қаласындағы уақытша ұстау изоляторында неке қию рәсімі өтті. Екі жастың үйлену тойына жиналғандар әдеттегіден аз болса да, мерекелік торт пен неке сақина шараның шырайын келтіріп тұр. Күйеу жігіттің сөзінше, жарымен таныстығы бір жыл бұрын басталған. Темір тордың ішінде отырып жасаған ұсынысты келіншегі бірден қабыл алыпты. Оның үстіне жас отбасы алдағы уақытта жаңа адаммен толықпақшы. Қалыңдық күйеуін тосатынын жеткізсе, күйеу жігіт онымен қалай танысқанын айтып, ағынан жарылды. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, бұл түрмедегі алғашқы той емес. Себебі, үйленуге ешкім тыйым салмаған, бірақ карантинде түскен өтініштер бұрынғыдан аз. Айгүл ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, УГ157/1 бастығының орынбасары: Мекемеде мұндай шаралар жиі өтеді. Алдымен АХАЖ-ға өтініш тастау…

Read More

Атырауда еріктілерді аймақтық үйлестіру орталығы ашылды. Басты мақсат – волонтерлік брендті қалыптастырып, еріктілер қозғалысын танымал ету. Орталық – «Қазақстан Еріктілер лигасының» авторлық жобасы. Оның мүшелері «Өлкем», «Отбасым», «Қазынам», «Жігерім», «Құлыным», «Табысым», «Шабытым» және «Күш-қуатым» атты 8 бағытта жұмыс істейді. Бұдан бөлек, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен тың бастамаларға арнап грант ұсынылып отыр. Меруерт ШӘКІРОВА, «Ашық жүрек» еріктілерді үйлестіру орталығының аймақтық директоры: Біздің есігіміз көптеген жобаға ашық. Біз 300 мың теңгеге шағын гранттарды ұсынған едік. Қазір сайтымыз жұмыс жасап тұр. Әр бастамашыл топ, басқа да ұйымдар Атырау облысында жүзеге асырғысы келетін жобалары болса, бізге ұсынып, грантқа ие бола алады.…

Read More

Израиль Біріккен Араб әмірліктері және Бахрейнмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. Араб мемлекеттері ондаған жылдар бойы Израильді мойындамай келген. Осы уақытқа дейін еврей мемлекетімен тек Мысыр мен Иордания ғана дипломатиялық қарым-қатынаста болатын. Алайда соңғы жылдары Израиль мен Парсы шығанағындағы патшалықтар Иранға төтеп беру бағытында жақындаса бастады. Бұған АҚШ әкімшілігі үлкен үлес қосты. Дональд Трамптың Израиль премьер-министрі және Парсы шығанағындағы мемлекет басшыларымен қарым-қатынасы жақсы екені белгілі. Ақ үй басшысы жақын арада тағы да 5 араб мемлекеті Израильмен келісімге келетінін мәлімдеді. Қол қою салтанатына шақырылған қонақтар арасында Оман және Судан өкілдері болған. Олардың да еврей мемлекетімен арақатынасын реттеуі бек…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Президентке жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құрудың тәсілдері, оның ішінде Агенттік Ережесінің жобасы, штаттық саны мен оның жылдың соңына дейінгі қысқа мерзімде атқаратын қызметі туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды толғандырған мәселелер мен ұсыныстарды сараптап, пысықтауды, сондай-ақ, Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аталған міндеттерді іске асыруды тапсырды.

Read More