Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған достық эстафетасы Құрманғазы ауданынан Индерге жеткізілді. Еске салсақ, облыстық Қоғамдық келісім кеңесі қолға алған бастама Жылыой, Мақат, Қызылқоға аудандарында жүзеге асырылды. Нұржан ЕРМҰХАНОВ, Атырау облысы ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Атырау облысының әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы биыл ақпан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орай, «Достық» эстафетасын Жылой ауданына жолдаған еді. Бұл шара осы 25 жылдың ішінде елдегі болып жатқан көптеген игі істердің, еліміздің ауызбірлігінің, ынтымағының достық қарым-қатынасының белгісі деп білеміз. Құрманғазылық меймандар алдымен аудан орталығындағы тарихи ескерткіштерді аралап, жергілікті қылқалам шеберлерінің еңбектерімен танысты. Санитария талаптары қатаң сақталған шараға 50 шақты өзге ұлт…
Автор: Сайт әкімшілігі
Румынияның Пьятра-Нямц қаласындағы коронавирус жұқтырған науқастары бар ауруханадан өрт шығып салдарынан 10 адам қаза тапқан. Тағы 10 науқас жарақат алып, күйік шалған. Жетеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Олардың қатарында науқастарды оттан құтқаруға тырысқан кезекші дәрігер де бар. Бүгінде Румыния ауруханаларында қатты күйік шалғандарды емдеуге мүмкіндік болмағандықтан, ауыр жағдайдағы науқастар Брюссельдегі Астрид патшайымының әскери ауруханасына жеткізілді. Қалғаны Румынияның Яссы қаласында ем қабылдайды. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, от қысқа тұйықталудан туындаған болуы мүмкін. Қазіргі таңда өрт сөндіріліп, Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.
Атырау облысында жыл басынан бері браконьерлікке қатысты 2 200 жағдай анықталды. Заңсыз балық аулағандардан тәркіленген 21 тоннадан астам өнімнің 300 келісі – бекіретұқымдастар. Құқықбұзушыларға жалпы көлемі 23 млн. теңгеден аса айыппұл салынып, бүгінге дейін оның 19 млн.-ы өндірілді. Сондай-ақ, 3 800-ден астам қармақ, ау және 280 көлік құралы алынған. Ал қылмыстық іс тек 16 жағдайға қатысты қозғалды. Рүстем ҚОРҚЫТОВ, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық нспекциясы бөлімнің бас маманы 235 материал әкімшілік сотқа жолданды. Құқыққорғау органдарымен бірлесіп, 66 заңбұзушылық анықталды. Инспекцияның материалдары бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды. Оның үстіне, балық ресурстарына келтірілген зияны үшін 4,6 млн теңге сомасына…
Атырауда Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары арнайы акция аясында жұрттың қалтасындағы шылымды жеміс-жидекке алмастыруды өтінді. Көпшілік ерекше ұсынысты қуана қабыл алды. Темекіні қорабымен қия салғандар да, талдап бергендер де кездесті. Ең қызығы, тұрғындардың көбі шылым шекпейтін болып шықты. Сауалнамаға қатысқандардың 80 проценті жаман әдетпен әуестенбейтінін айтты. Ләззат ӨТЕБАЕВА, облыстық СӨСҚО үйлестірушісі Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, темекіге тәуелділікті төмендету және халықты шылымның зиянымен толықтай хабардар ету. Темекіден бас тарту көптеген аурудың алдын алуға және қаупін төмендетуге, адам өмірінің сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Акция көптің көңілінен шықты. Ал шара барысында жиналған темекі түгелдей жойылды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Үкіметі мен құқық қорғау органдарына қорықшылардың құқықтарын күшейту және браконьерлерге жазаны күшейту мен қылмыстық әрекеттерін тоқтату туралы заңнаманы қайта қарауды тапсырғалы бірнеше қылмыстың беті ашылды. Бұған Қарағанды және Ақмола аумағындағы «Охотаоопром» инспекторларының браконьерлердің қолынан қаза тапқаны себеп болды. Президенттің тапсырмасын орындау барысында ҰҚК департаменті елдің батыс өңірінде ақбөкендерді атып, олардың мүйізін сатқан Атырау облысының тұрғындарын тергеуге алды. Нәтижесінде, ҚР ҰҚК-нің жедел тергеу тобы броконьерлердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде 6 294 дана ақбөкен мүйізін тәркіледі. Бұл 3 147 ерекше жануардың өлтірілгенін білдіреді. Орман және жануарлар дүниесі инспекциясы мамандарының есептеулері бойынша қылмыстық топтың заңсыз әрекеттері мемлекетке кем дегенде 5…
Мысыр археологтары үш мың жылға жуық уақыт сақталған 100-ден астам саркофаг, жерлеу орындары мен ондаған мүсін тапты. Ғалымдар тереңдігі шамамен 12 метр болатын 3 жерлеу құдығын ашқан. Жәдігерлер жақсы сақталған. Көптеген саркофагта мумия да болған. Мамандар бұл жерде ағаштан саркофаг жасап шығаратын үлкен шеберхана болған деп болжап отыр. Егер ол нақтыланса, египтология тарихындағы ең ірі және құнды жәдігерлер қатарына кіруі мүмкін. Археологтар бірнеше ай бойы пирамидадан оңтүстікке қарай 16 шақырым жерде орналасқан Саккараның үлкен қорымында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол маңда Ежелгі Египеттің астанасы болған Мемфис бар. Ғалымдардың айтуынша, әзірге Саккарадан табылады деген жәдігерлердің 1 пайызы ғана қазылған.
Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде темір тордағылардың қолынан шыққан бұйымдардың көрмесі өтті. Сайыс түрінде ұйымдастырылған көрмеде 20 шебердің 60 шақты жұмысы қойылған: картиналар, газеттен жасалған құмыралар, былғары мен ағаштан жасалған бұйымдар, тоқылған ойыншықтар. Туындылардың бір бөлігі «Шаңырақ» балалар ауылына, тағы бір бөлігі қарттар үйіне жіберілді. Жұмыстарды бағалауға департамент қызметкерлері мен ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері қатысты. Альбина ИСАХАТОВА, Атырау облыстық ҚАЖД бөлімнің бас маманы Бұйымдарға көз салсаңыз, көбіне табиғат, өкініш, бостандық тақырыптарында екенін аңғару қиын емес. Психологиялық тұрғыдан қарасақ, бұл кісілердің негізгі мақсаты – үйлеріне, балаларына жету. Барлық картинада бостандыққа деген арман ап-анық көрсетген. Көрме қорытындысы бойынша, Ермекбаева мен Набидуллаев…
Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың мәліметінше, Атырау облысында онкологиялық ауруға шалдыққандар саны – 4 100-ден астам. Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі Оның үш мыңнан астамы емдеуден өтті. Ауруға қарсы күрес ұймдастыру бағытында қазір рентген аппараттары, цифрлық момографтар, КТ және МРТ-аппараттары бір жүйеге қосылды. Бұл жүйе онкологиялық ауруды ерте сатыда анықтап, науқасты дер уақытында емдеуге мүкіндік береді.
Атырау облысында жыл басынан бері 615 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Махамбет Досмұхамбетов айтты. Сондай-ақ, ол 5 204 орынға арналған 10 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Апатты бір мектептің орнына жаңа білім ордасы салынған. Жылдың соңына дейін тағы 4 мектептің құрылысы аяқталып, 5 нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Облыс әкімінің айтуынша, үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер проблемасы кезең-кезеңімен шешілмекші. Биыл Атырау облысында 15 балабақшаның құрылысы басталған. Оның ішінде 9 балабақша мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында салынып жатса, төртеуі қазірдің өзінде пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ол өңірде студенттерге арналған жатақхана, мәдениет үйі, демалыс аймағы, спорттық…
Атырау өңірін көгалдандыру жұмыстарына келесі жылдан бастап ірі мұнай-газ компаниялары кірісетін болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіне барған Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты. Ол ірі мұнай-газ компанияларымен орман қоры мен елдімекендердің жерін қоса алғанда 6 мың гектар жерге көгалдандыру және көшет отырғызу жұмыстарын жүргізуге келісім жасасқанын жеткізді. Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі Көгалдандыру жұмыстары 3 жылдан 10 жылға дейін деп отырмыз. Ол барлық аудандарда жүргізіледі. Бұл жыл сайын 100 мыңға дейін көшет отырғызуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, біз экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, өңірдің экологиялық өзекті проблемаларын шешу жөніндегі жол картасын әзірледік.
