Екінші тоқсанда 5-сынып оқушылары үшін кезекші кластар ашылмайды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырова мәлімдеді. Гүлназ ЕРБАТЫРОВА, Атырау облыстық бас санитариялық дәрігерінің орынбасары Біз ескі қаулы бойынша әрекет етеміз, оған сәйкес, екінші тоқсанда тек бастауыш сынып оқушылары ғана мектепке бара алады. Мұндай шаралар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданды. Еске салайық, республикалық ведомствоаралық комиссия бесінші сынып оқушылары үшін кезекші сыныптардың ашылуын құптаған еді. Алайда соңғы шешім әр облыстың бас санитарлық дәрігерлеріне тиесілі. Эпидемиологтар Атырау өңірінің «жасыл аймақта» тұрғанына қарамастан сақтануды жөн көріп отыр. Сондықтан ата-аналар, мұғалімдер мен шәкірттердің әрі қарай онлайн сабаққа қатысып, ендігі үмітті үшінші…
Автор: Сайт әкімшілігі
«Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» мен Адалдық алаңы жобалық кеңсесі республикалық маңызы бар Атырау–Ақтөбе тасжолындағы жұмыстардың сапасын тексерді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілінің сөзінше, бақылауды құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана жүргізбей, алдын ала қамданған абзал. Жеңісбек БАЙШЕРКЕШОВ, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілі Кемшіліктер анықталған жағдайда «Ұлттық жол активтері сапасы орталығымен» бірге мердігер компанияға тиісті нұсқау беріледі. Жалпы, жыл басынан бері бұл бағыт бойынша 42 мониторинг жұмысы жүргізілді. Оның барлығы – қалалық, ауылдық деңгейдегі жолдар. Талапқа сәйкес, әр шақырым сайын үш сынама алынып отырды. Сондай-ақ, жолдың ені 9 метр, ал материал қалыңдығы 10 см болуы шарт. Мониторинг…
Індеттің қаупі сейілмей тұр. Индер ауданында қарашада өсім байқалған. Сырқаттанғандардың үлкені 78-де болса, кішісі – екі жасар сәби. Ақмарал ҚОСЫМБАЕВА, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қараша айында Индер ауданы бойынша 10 жағдай тіркелді. Оның ішінде 9 науқаста аурудың белгілері жоқ. 1 жағдайында аурудың белгілері бар. Бірақ ол науқаc аудандық жұқпалы ауруханының бөлімшесіне оқшауланды. Сонымен қатар6 сиптомы жоқ науқастармен жақын байланыста болған барлық тұрғындар анықталды. Олардың барлығы – қазір үй карантинінде. Ал ауданға қарасты Елтай ауылдық округінде бір отбасындағы жеті адам вирус жұқтырған. Сырқаттанғандардың алтауында ауру белгілері байқалмаған, ал бір науқас Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл жағдайдан…
Маңғыстауда құс шаруашылығының қожайыны 3 миллион теңге шамасында шығынға ұшырады. Өзінің айтуынша, тоқ көзін тасымалдаушы мекеме еш ескертусіз шаруашылықты электр қуатынан ажыратып тастаған. Соның кесірінен цехтағы мыңдаған балапан қырылып қалды. Кәсіпкер бұл жағдайға қанаттылардың өлекселері айғақ болаатынын айтады. Қуандық БҰРБАСОВ, құс шаруашылығының иесі Инкубаторлық цехта, инкубатор балапандар шығып жатқанда АльянсЭнерго Снаб деген мекеме алдын ала ескертусіз тоқты айырып кетті. Екі сағаттың ішінде балапандардың жартысы шығып, жартысы шыға алмай үсіп өлді. Қазіргі уақытта 1 052 өлі балапан мен жұмыртқадан шықпай қалғандары да бар. Нақты шығын 2 500 миллион шамасында шығып тұр. Шаруа енді тірі қалған мыңдаған балапаны үшін алаңдап отыр. Олардың…
Атыраудағы апатты жағдайдағы үш жатақхананың тұрғындары жаңа пәтерге көшіріледі. Бұған дейін әкімдіктің табалдырығын тоздырып, баспана сұраған 330 отбасы жыл соңында қоныс тойын тойламақ. Әкімдіктегілердің айтуынша, биыл қала көлемінде апатты деп танылған он үйдің тұрғындары көшірілген. Олардың бесеуі – көпқабатты тұрғын үй, ал қалғаны – жатақхана. Рафхат ЖОЛДИЕВ, Атырау қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Санитарлық талаптарға сәйкес болмаған соң, Атырау қаласының әкімдігі осындай шешім қабылдады. Енді біз биыл 8 жатақхананы көшіруді жоспарлап отырмыз. Келесі жылы Береке ықшамауданынан тұрғын үйдің құрылысы біткен бойда тағы 2 жатақхананы көшіреміз. Қазір қалып тұрған 70 апатты үй бар. Оның бесеуі – жатақхана, 65-і – тұрғын үй.…
Атырауда өтіп жатқан «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында өткен аптада айыппұл төлемей жүрген жүргізушілердің 46 автокөлігі арнаулы тұраққа қойылды. Ал 23 автокөлік иесінен 392 349 теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Тұраққа қойылған көліктердің 37-сі Ресейден, бесеуі Армения елінен әкелінген. Сондай-ақ, Азаттық даңғылы бойында 10 рет жол қозғалысы ережесін бұзған ресейлік «Toyota Camry» автокөлігі тоқтатылған. 29 жастағы жүргізушісінің 194 460 теңге айыппұлы анықталып, көлігі айып тұрағына қойылды.
Бүгін «NСОС» компаниясы Маңғыстау облыстық жедел жәрдем стансасына үш жаңа автокөлікті табыстады. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлады. «Соболь» жедел жәрдем көліктері «NСОС» компаниясының демеушілігімен өтеусіз негізде берілді. Жаңа көліктер мүгедектер арбасына арналған ағытпалы зембілі бар арбаша, оттегі тетігі, су беруге арналған электрлік сорғы мен қол жуғыш, жедел шақыру батырмасы сынды барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар, көлікте сөмкелерге арналған жүк сөрелері де бар. Алдыңғы есіктегі қосымша саты арқылы автобусқа ең кішкентай жолаушылар да оңай міне алады. «NСОС» компаниясы жыл басынан бері Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына «Соболь», «NEXT» және «Бизнес» маркалы ГАЗель көліктері базасындағы сегіз жедел жәрдем көлігін табыстаған еді. Аталған…
«SCAT» әуе компаниясының ұшағы әуежайға тағы да қайта оралуға мәжбүр болды. Мұндай жағдай бір аптада екінші мәрте қайталанып отыр. Осыдан бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтанға бағыттаған әуе кемесі бір топ құсқа соғылып, Атыраудағы айлаққа қайта қонған. Оқыс оқиға жолаушылардың наразылығын тудырды. Алайда бұл жолы құс та кездеспеді, ел де дүрлікпеді. Компания өкілдерінің хабарлауынша, ұшақ ішінде кондиционер жүйесінің индикациясы іске қосылып, командир қайта оралуды жөн деп тапқан. Яғни, ұшақ қалыпты режимде қондырылды. Виктория СТАРОЖИЛОВА, «SCAT» әуе компаниясы» АҚ бөлім басшысы Атыраудан–Алматы рейсі таңертеңгі уақытқа ауыстырылып, өзге қаладан келгендер үшін барлық жағдай жасалды. Борт штатты режимде қондырылды. Жолаушының бәрі Алматыға жеткізілді. Айта кетейік,…
Оқу жылының екінші тоқсанында әзірге еш өзгеріс байқалмайды. Ата-аналар мен ұстаздар қанша күтсе де, алғашқы күні 5-сынып оқушылары үшін кезекші сынып ашылмады. Еске салсақ, республикалық ведомствоаралық комиссия 5-сынып оқушыларының білім алуын мектеп қабырғасында өткізгенін мақұлдаған еді. Әйтсе де, соңғы шешімді өңірдің бас санитарына қалдырды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпіздігін бақылау департаменті Атырау облысындағы эпидемологиялық ахуалдың тұрақтылығына қарамастан шәкірттердің қашықтықтан тәлім алатынын хабарлады. Ал білім басқармасындағылардың сөзінше, мәселе әлі де талқы үстінде. Нақты жауап сәл кешірек беріледі дейді олар. Шенеуніктердің шешімді неліктен кешіктіріп жатқаны белгісіз, дегенмен шәкірттер дәстүрлі форматқа көшсе, шамамен 5 мыңдай 5-сынып оқушысы мектеп партасына қайта отырады.
Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының 10 елі, сондай-ақ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Аустралия және Жаңа Зеландия аймақтық экономикалық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Осылайша, әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағы құрылды. Бұл келісімді Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш те қолдады. Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы Көпжақты әрекет дәл қай жерде керек екендігін білсек, жақсы нәтиже береді. Мен сіздердің көшбасшылық қасиеттеріңізге сеніп, біздің ортақ үйімізді қорғау үшін дұрыс шешім қабылдап, нақты шара қолданады деп үміттенемін. Құрылған еркін сауда аймағында шамамен 2 млрд 200 млндай адам тұрады. Ішкі жалпы өнім көлемі 28 трлн долларға бағаланып отыр. Бұл әлемдік жалпы ішкі өнімнің…
