Автор: Сайт әкімшілігі

20 қыркүйек күні Атыраудағы ерлерге арналған түзету калониясына дуалдың сыртқы бетінен сәлемдеме келіп түсті. Оның ішінде 4 смартфон, роутер және қуаттағыш құралдар болған. Ал қарауылдың көзіне түсіп қалған заңсыз пошташылар сол жерде ізін суытып үлгергенмен, көп ұзамай Береке ықшамауданы маңынан ұсталыпты. Марал ДҮЙСЕНБАЕВ, УГ-157/9 мекемесінің жедел бөлімінің аға жедел уәкілі: Патрульдік қызметкерлер беймәлім көлікте 23 жастағы қала тұрғыны болғанын анықтады. Құқықбұзушы қалалық полиция бөліміне жеткізіліп, тергеу барысында кінәсін толық мойындады. Оған 481-бапта көрсетілген қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру әрекеті бойынша айып тағылып, іс сотқа жолданды. Тәртіп сақшысы жазаның жеткізушіге ғана…

Read More

Пандемияның ізімен келген түрлі қиындық көпбалалы отбасылар үшін оңай соқпай отырғаны белгілі. Әсіресе, университеттерде оқитын шәкірттерге жылдық оқу ақысын төлеу ауыр тиді. Дегенмен студенттік өмірі экран алдында басталған Мейірхан – тегін білім алу мүмкіндігіне ие болған аудандағы үш жастың бірі. Өйткені, оған өзі оқитын оқу ордасының ректоры тағайындаған грант бұйырып отыр. Мейірхан ҚҰЛЖАНОВ, студент: Атыраудағы Сафи Өтебаев атындағы мұнай-газ университетіне ақылы бөліміне оқуға түстім. Осыған орай, арнайы ректордың грантын тағайындаған университеттің ректоратына, жергілікті әкімдікке алғысымды білдіремін. Мұнайлы мекен саналмаса да, жерасты байлығымен талайға танымал болған Дендердің түлегі қара алтынның қазанында қыз-қыз қайнауға бүгіннен бастап бекініп-ақ отыр.

Read More

Биыл атыраулықтар Смағұлов пен Құрманғазы алаңдарында күн суытқанша серуендеп үлгермеуі мүмкін. Себебі, бюджеттен бөлінген қаражатты үнемдеу мақсатында дайын тұрған жобалық сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты құрылыста кідіріс болған. Расында, алаңдардың қазіргі күйіне қарасақ, биыл бітетін түр байқалмайды. Алайда әкімдіктегі ағайындар абаттандыру жұмыстарын аяқтауды жыл соңына дейін жоспарлап қойған көрінеді. Бұдан бөлек, «Вокзал маңындағы» Мұқашев алаңында да қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Әкімдіктегілердің сөзіне сенсек, қала тұрғындары мен қонақтары бұл жерде қараша айынан бастап демала алады.

Read More

Атыраудағы кәсіпкерлікке байланысты ең өзекті мәселелер zoom-конференциясы арқылы талқыланды. Республика көлемінде ұйымдастырылған кездесуде Өңірлік кеңес мүшелері облыстағы қолға алынуы керек шаралардың бірқатарына тоқталды. Соның ішінде «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағындағы қызметтердің басым бағыттарына көңіл бөлінді. Ғибрат СӘРСЕНОВ, Атырау облысы Өңірлік кеңесінің мүшесі: Қазіргі таңда Арнайы экономикалық аймақ аумағында 15 қатысушы тіркелген. Соның ішіндегі «Полимер Продакшн» ЖШС-нің жобасы ғана толық игерілсе, 4 жоба – іске асырылу кезеңінде. Қалғандары табанды жобаларға тікелей тәуелді. Осыған дейін арнайы экономикалық аймаққа машина жасау мен сервистік қызмет көрсететін компанияларды қосу туралы мәселе көтерілген. Алайда бұл бастама Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Энергетика министрлігінен…

Read More

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орай ұйымның жергілікті өкілдері марапатталды. Облыстық әкімдікте өткен салтанатты рәсім өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетовтың алғы сөзімен басталды. Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі: Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық қатынастарды үйлесімді етуге құрылған болатын. Қазақстандықтардың этникалық, әлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан халық даналығы бірліктің қалыптасуына үлкен бастама болды. Іс-шара барысында Ассамблеяның аяққа тұруына атсалысқан ардагерлерге, этно-мәдени бірлестіктердің басшыларына және қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласқан азаматтарға 18 медаль табысталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы осыдан 25 жыл бұрын азаматтық және мемлекеттік институттардың өзара байланысу тиімділігін арттыру мақсатында құрылған еді. Оның құрамына Қазақстанда тұратын барлық этникалық топтардың өкілдері кіреді. Қазіргі уақытта Атырау облысында 20…

Read More

Маңғыстау облысында 2021 жылы екі бағытта ақылы жолды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы филиалының директоры Айбек Әнуарбековтың мәліметінше, келер жылдан бастап, 661 шақырым жолды ақылы ету жоспарланып отыр. Оның біріншісі Ақтау–Бейнеу бағыты болса, екінші бағыт – Доссор–Бейнеу–Ақжігіт–Өзбекстан шекарасы. Бірақ ақы төлеу ауыр жүк көліктеріне ғана міндеттеледі. Айбек ӘНУАРБЕКОВ, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы филиалының директоры: Аталған жолдарда 9 стационарлық пункт және клиенттермен жұмыс атқаруға арналған 2 орталық болады. 9 стационарлық пунктте фото, видео жүргізіліп, орталыққа жіберілетін болады. Бұдан бөлек, 2022 жылы Жетібай–Жаңаөзен бағытындағы автокөлік жолы…

Read More

Түпқараған ауданының оқушыларына пайдалануға жаңа 1 000 дана ноутбук таратылды. Бұл туралы Түпқараған аудандық білім бөлімінің басшысы Айбаршын Утесбаева мәлім етті. Түпқараған ауданы бойынша 11 білім беру ұйымында 8 776 оқушы қашықтықтан білім алуда. Білім беру процесін сапалы жүзеге асыру үшін компьютерлер мен ноутбуктер интернетке қолжетімді болуы тиіс. Бұл бағытта барлық оқушылардың мүмкіндіктеріне талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1 494 отбасының 3 873 оқушысына 1 724 компьютер құрылғысын қажет екендігі анықталды. Айбаршын УТЕСБАЕВА, Түпқараған аудандық білім бөлімінің басшысы: Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен соң, мектеп бюджеті есебінен 53 (ноутбук, смартфон) құрылғы алынып, уақытша пайдалануға берілді. Ал демеушілердің көмегімен 25 смартфон, 9 ноутбук,…

Read More

Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына бәсекелестік негізде жаңа көшбасшыларды айқындау. Осыған орай, Жылыой ауданында партияішілік сайлау аясында жергілікті проблемаларды білетін және оның шешілуіне атсалысатын белсенді азаматтар пікірсайыс өткізді. Мәдениет үйінде өткен шараға аудан әкімі Халел Жамалов қатысты. Екі раундтан тұратын жария дебаттың бірінші бөлімінде кандидаттар елдімекендердің проблемаларын шешу бойынша нақты идеялар айтса, екінші бөлімі сұрақ-жауап форматында өтті. Алыстан арбалауды құп көрмейтін жылыойлық кандидаттар пікірсайыс барысында мемлекет деңгейіндегі емес, әуелі аудан көлемінде шешілмей жүрген негізгі проблемаларға назар аударды. Нақтырақ айтсақ, мұғалімдердің мәртебесін көтеру, жұмыссыздық, инфрақұрылымды дамыту сынды әңгімелер қызу талқыға салынды.

Read More

Қыс қамсыздықты көтермейді. Қарлы мезгілдің алғашқы хабаршысы боп жететін күздің күрт суытуы желтоқсанның қалай басталатынын қазірден ұқтырғандай. Индербор кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беретін қазандықтарды талапқа сай ету жұмыстары – басты назарда. Оған жауапты пәтер иелері кооперативі қажетті жұмыстардың ойдағыдай жүріп жатқанын айтады. Бейбіт ИЛИЯСОВ, ПИК төрағасы: Индербор кенті басында көпқабатты 13 үйді жылумен қамтамасыз етеміз. Он үш үйдің ішінде 900-ге жуық пәтер бар. Қазір 2020–2021 жылу маусымына біздер толықтай дайынбыз. Барлық техникалық жұмыстар аяқталып, жылу қазандықтарының ішіне әрлеу жұмыстары жүруде. Жылу жүйелері тексерістен өткізілді. ПИК төрағасының айтуынша, тұрғындар былтырдан қалған 2 млн теңгеге жуық төлемақыны әлі қайтармай жүрген көрінеді. Ал…

Read More

Демеушілер Атырау ауруханаларына әлі қол ұшын созып жатыр. Бұл жолы өңірдегі ірі мұнай компанияларының бірі облыстың медициналық орталықтарына өкпені жасанды желдету аппаратының төртеуін алып берді. Індет іргелей енген тұста алғаш стационар ашылған ауруханалардың бірі – Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспенсерінде талай науқас жасанды желдетуге мұқтаж болған еді. Қазір мұндағы құрылғылардың қатары толығып, өкпе ауруларының барлық түрін емдейтін бөлім ашуға ынталы дәрігерлердің жұмысы жеңілдей түсті. Жаңабай САҒИЕВ, Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспенсерінің директоры: Болашақта пневмонология бөлімін ашқымыз келеді. Өзіміздің жұмыс ауқымын кеңейтіп жатырмыз. Негізінен, біз өкпе дертін емдеумен айналысқаннан кейін көптеген құрал-жабдық керек. Бүгін демеушіліктің арқасында осы аппаратқа қол…

Read More