Сафи Өтебаев атындағы Атырау және мұнай газ университетінде Қазақстанның алғашқы мұнай министрі Равиль Шырдабаевқа арналған кеш өтті. Мұнда мұнайшының өмірбаянынан сыр шерткен кітаптың тұсауы кесіліп, замандастары жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, қара алтынға кіндігі байланған әулеттің атынан үш студентке 50 мың теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалды. Кеш барысында кітаптың мазмұны ортаға салынып, майталман мұнайшының өнегелі өмір жолына шолу жасалды. Аталған шарадан әсерлі қайтқан университет ректоры бұл кітаптың студенттерге берер білімі мол дейді. Гүлзада ШАКУЛИКОВА, С.Өтебаев атындағы АтМГУ ректоры: Біз жастардың патриот боп тәрбиеленуіне көп көңіл бөлеміз. Бұл еңбекте Равиль Шырдабаевтың өмірбаяны ғана суреттелмейді, Ембі мен күллі қазақ мұнайының алғашқы кезеңі әдемі көрініс…
Автор: Сайт әкімшілігі
Статистикаға сүйенсек, осыған дейін Жылыойда коронавирус дертін 1 078 адам жұқтырған. Дегенмен соңғы бір апта көлемінде аудандағы эпидемиялогиялық жағдай тұрақталып, аурудың жаңа белгілері байқалмаған. Ал 18 қыркүйек күні инфекциялық бөлімдегі соңғы екі науқас толық жазылып, үйіне жіберілді. Нұрбек ҮКІБАЕВ, Жылыой аудандық емхананың бас дәрігері: Күні бүгін эпидемиялогиялық жағдай тұрақталып, инфекциялық бөлімінен соңғы екі пациент үйіне шығарылды. Олар – Жылыой ауданының 1941 және 1953 жылғы екі азаматы. Енді ауру біржола жойылып кеткенше медецина қызмекткерлері қадағалауды одан әрі жалғастырады. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта аудандағы 40 орындық инфекциялық аурухана мен 60 орындық провизорлық орталықта қажетті қорғаныш киімдері мен дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры бар…
«ТеңізШевройл» компаниясының «Игілік» бағдарламасы арқылы әрқайсысы 1 млрд 128 млн. теңгеге салынған 290 орындық қос балабақша 2018 жылдың тамыз айында пайдалануға берілген еді. Әу баста құрылысқа тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы болса, оны қабылдап алған «Орлан» ЖШС мердігер компаниясы толық дайын болысымен, балабақшаларды қала әкімдігінің меншігіне өткізіпті. Алайда екі жыл өтпей жатып, егіздей болған балабақшалардың қабырғасынан жарық байқалып, едені отырып кеткен. Айсұлу ҚАРИЕВА, «Өркен-2» балабақша меңгерушісі: Осы жылдың көктем айларында жерасты суының көтерілуі мен жауын-шашындарға байланысты ғимараттың қабырғаларында жарық пайда бола бастады. Одан кейін еденнің ойылып түсуі байқалды. Қабырғалар еденнен ажыратыла бастады. Соған өзіміз зерттеу жүргізіп көрдік. Зерттеу жұмысының нәтижесінде,…
Атырауда балық аулау кооперативтері балықшылардың талабымен келісетін болды. Осыған дейін балықтың бір келісін 250 теңгеден 150 теңгеге дейін төмендеткен кооперативтердің шешіміне байланысты балықшылар екі аптадан бері жұмысқа шығудан бас тартқан еді. Жұмысшылардың сөзінше, екінші тарап белгілеген бұрынғы баға кіріс түгіл, жанармай, ау секілді түрлі қажеттіліктерге кететін шығындарды да өтемейді. Осы мәселеге орай өткен аптада ұйымдастырылған кездесулердің бірінде жергілікті билік балықшылардың басына орнаған қиындықты шешуге берген уәдесін көпке созбай орындады. Қорытындысында, демалыс күндері коопреативтер әуелгі бағаны қайтарып тынды. Ұзақбай БАЙЗУЛЛИН, Дамбы ауылдық округінің әкімі: Бұл жағдай балықшылардың наразылығын туғызды. Яғни, балықшылар шығындарды өтей алмайтын жағдайға жетті. Сол себепті, біз балықшылар мен…
Индерде жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында салынған спорттық ғимараттарды жаңғырту жұмыстары қолға алынуда. Аудан орталығындағы 2013 жылы пайдалануға берілген спорт кешені түрлі дауылдың салдарынан күрделі жөндеуге сұранып тұрған еді. Осыған дейін мектеп қызметкерлерінің күшімен жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары жүргізілгенмен, таңдай қағарлық өзгеріс болмады. Енді биыл қазынадан қомақты қаржы бөлініп, ғимараттың шатыры ауыстырылып қана қоймай, жаттығу бөлмелері де жаңартылып жатыр. Ал кеңес үкіметінен қалған қираудың аз-ақ алдындағы жылу орталығын жергілікті спортшылар өз күштерімен қалыпқа келтіріп, жаттығу залына айналдырғанмен, көне ғимарат көңілден шыға қоймады. Осы мәселеге байланысты спортшылардың аудан басшылығына әлеуметтік желі арқылы жеткізген базынасы қолдау тауып, дайындық бөлмелері аз…
Ақтауда Дүниежүзілік тазалық күнін атап өтті. Облыс бойынша тазалау жұмыстарына 1 250 ерікті қатысты. Оның ішінде 580 мемлекеттік қызметкер, 430 волонтёр және тағы басқалар. Жиналған қоқыс болса 115 тоннадан асып түсті. Оның ішінде шыны (15 тонна), пластик (42), резеңке (24), қағаз (27), сонымен қатар, 7 тонна металл өңдеуге жіберілді. Маңғыстау облысының экология департаменті мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Кіші оймашы» аумағын тазалауға шыққан тазалықшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етті. Дүйсен ҚҰСБЕКОВ, Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы: Біз тазалыққа бет алған миллиондаған адамдардың қатарындамыз. Осы акцияға қатыса отырып, өз қолымызбен өзгерістер жасай…
Атырау облысында күзгі әскерге шақыру басталды. Жоспар бойынша өңірден 640 жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ. Қазірдің өзінде 30-дан аса ер-азамат қарулы күштердің қатарын толықтырып үлгерген. Коронавирус қаупіне байланысты сарбаздардың саулығы алдын ала тексеріліп, әскери дайындықты бастамас бұрын екі апта карантинге жатқызылады. Олардың індеттен аман екеніне көз жеткен соң ғана сапқа тұруға рұқсат етіледі дейді маман. Айдос АМАНҒАЛИЕВ, қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысың орынбасары: Әскерге іріктеу жұмыстары азаматтың денсаулығына, дене дайындығына, психологиялық жағдайына байланысты өтеді. Сондай-ақ, алған біліміне қарай іріктеу жұмыстарын жүргіземіз. Күзгі әскери қызметке шақыру кезінде барлық талаптар қатаң сақталып, медициналық пост ұйымдастырылған. Жалпы, әскерге баратын азаматтар 3 күн…
Биыл облыстық бюджеттен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру үшін 776 миллион 850 мың теңге бөлінді. Қаражаттың тең жартысы «Идеал» сауда желісіне бір жылға серіктестікпен берілсе, қалған бөлігінің қайда жұмсалатыны алдағы уақытта белгілі болмақ. Сондай-ақ, сауда орындарын 605 тонна көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін шаруа қожалықтарымен келісім жасалған. Мейрамбек АУХАДИЕВ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: «Идеал» маркет серіктестігімен әлеуметтік маңызы бар тауаларды шекті бағадан төмен ұстау негізінде келісім-шарт жасақталған болатын. Бұл жұмыс «Идеал» ЖШС-ның облыстағы 36 сауда нүктесі арқылы жүзеге асып отыр. Бағаны негізсіз өсіру жіті қадағаланып отыр. Маманның айтуынша, қолға алынған жұмыстарға қарамастан құнын өсірген азық-түлік те жоқ…
Маңғыстауда дельтаплан құлап, ер адам қолын сындырды. Оқыс оқиға Қарақия ауданындағы Шопан ата жолында болған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ведомствоның хабарлауынша, Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты дағдарыс жағдайларының басқармасына моторсыз ұшатын аппараттың құлағаны жайлы хабарлама келіп түскен. Бекболат ӘБДІҚАДІРОВ, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары: Дельтаплан құлап, зардап шеккен 1988 жылғы азаматқа көмек көрсету үшін оқиға орнына құрамында 5 адам бар құтқарушылар тобы барды. Екі қолы сынған азамматтың өз күшімен әрекет етуі мүмкін болмаған. Сол жерде зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, альпинисттік жарақтардың көмегімен жардан түсіріліп, ауруханаға жеткізілді.
Енді әртістер фонограммамен ән айтатынын алдын ала ескертуі қажет. Мұндай ұсыныс Мәжіліс депутаттарының отырысында мәдениет мәселелері бойынша заңнамалық актілерді қайта қарау кезінде айтылды. Танымал әнші, Нұрмұхан Жантөрин атындағы атындағы облыстық филармонияның бас режиссеры Ақмарал Мәшімова жаңа заңды қабылдамас бұрын іс-шаралардың өткізілу орны мен техникалық жағдайды есепке алу керегін айтады. Оның сөзінше, кей концерттерде сыртқы факторлар мен техникалық кедергілердің кесірінен жанды дауыста ән айту қиындық туғызады. Ақмарал МӘШІМОВА, Атырау облыстық Н.Жантөрин атындағы филармонияның бас режиссері: Жұрт тойға шығатын әншілер қырып ақша табады деп ойлайды. Бірақ азға қанағат етіп жүрген филармонияның да әншілерін ұмытпаған жөн. Олар жасанды дауыспен ән айтпайды. Заң күшіне…
