Нұрсаядағы жылу жүйесі қалыпқа келтірілді. Қарашаның 17-сінен 18-іне қараған түні ықшамаудандағы көпқабатты жеті тұрғын үй жылусыз қалған еді. Аумақта тұрғын үйлерге қызмет көрсетуші компания мен «Атырау жылу электр орталығының» мамандары, сондай-ақ, 5 арнаулы техника қызмет көрсетті.
Бірнеше сағатта көпқабатты үш үйге жылу беріліп, сәл кешірек қалған тұрғын үйлер де қамтамасыз етілді.
Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА, Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы
Бүгін таңертеңгілік көпқабатты үйлердің желілерінде ақау анықталды. Ақауды жою үшін ТКШ бөлімі қызметкерлері, коммуналдық қызмет көрсету мекемелері, ПИК, жылу жүйелері қызметкерлері жұмылдырылды. Бірнеше сағаттың ішінде ақау қалыпқа келтірілді. Қазіргі кезде жылудан ажыратылған 4 үй қалыпты жағдайда жылу алып отыр.