Маңғыстау өңіріндегі өзекті мәселелердің бірі – ауыз су. Осы мәселені шешу бойынша жоспар әзірленді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов мәлімдеді. Жаз мезгілінде 30 мың текше метрге дейін су тапшылығы сезіледі. Әсіресе, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы ауданы, Ақтау қаласы және оған жақын орналасқан елді мекендер зардап шегеді. Серікбай ТРҰМОВ, Маңғыстау облысының әкімі Алдағы жылдары Кендірлі демалыс аймағында 50 мың текше метрлік, Құрық елді мекенінде және Форт-Шевченко қаласында 5 мың текше метрлік, Ақтау қаласында 24 мың текше метрлік су тұщыту зауыттарын салу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттар, техникалық негіздемелер әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, Каспий су…
Автор: Сайт әкімшілігі
Атыраулық үш азамат психикаға әсер ететін препараттарды сатқан. 16–20 қараша аралығында өткен «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесінде нашақорлар арасында сұранысқа ие 240 дана «Трамадол» мен 18 «Тропикамид» дәрісі тәркіленген. Сонымен қатар, аталған дәрмектерді қолданатын мекемелерге де тексеру жүргізілген. Шара барысында төрт әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, оған қатысы бар тұлғаларды, соның ішінде бір медицина қызметкерін жауапкершілікке тарту үшін жинақталған құжаттар Атырау облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды. Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Атырау облысында 30-дан астам денсаулық сақтау нысаны және өз қызметтерінде психотроптық заттар мен прекусорларды қолданатын 20-дан астам емдеу мекемесі бар. 3 емдеу-профилактикалық…
Францияның экс-президентінің сайлау алды компаниясын Ливия елінің қаржыландыруына қатысты сыбайлас жемқорлық ісі Париждегі сотта қаралмақ. Айыпталушылар орындығында – экс-президент Николя Саркози, оның адвокаты Тьери Эрцог пен кассациялық сатының бұрынғы судьясы Жильбер АЗибер. Николя Саркози 2014 жылдың басында өзінің адвокаты арқылы кассациялық сот мүшесінен миллиардер Лилиан Бетанкурдың сенімін асыра пайдаланғаны туралы іске қатысты құпия ақпараттарға қол жеткізбек болған. Сот процессі 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Үш сотталушының бірі 74 жастағы Тьери Эрцогтың коронавирус жұқтырды деген күдікке байланысты тыңдалым уақытша тоқтатылуы мүмкін. Егер Саркозидың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екені дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, миллион еуроға дейін айыппұл төлейді.
Атырауда ұн бағасы былтырғымен салыстырғанда 30 процентке қымбаттаған. Қарқынды өсім еліміздің бірқатар аймағында байқалады. Күні кеше көршілес Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік нанның құны 15 теңгеге артқан. Атырау облысында бөлке нан мен қара нанның бағасы 150-160 теңгеге жетті. Ал ақ бидайдан пісірілген нанның құны әзірге бірқалыпты. Сарапшылардың сөзінше, ұн бағасын нарық реттейді. Гүлмира ІСІМБАЕВА, сарапшы Наурызда бидайға сұраныс артты. Бұл әрине әлемдік сұраныстың артуына да байланысты. Сондай-ақ, сәуір айында бидай экспортына қойылған шектеулердің болғанын айта кеткен жөн. Бұл – бидайға деген ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін жасалған амал. Бірақ маусым айында бұл шектеу алынып, бидай бағасы сәл де болсын арзандады. Дегенмен айтарлықтай…
Аустралияның солтүстік-батыс бөлігіндегі Брум қаласына жақын маңдағы жағалауда адамға акула шабуылдаған. Жыртқыш ер адамның қолын жұлып алып, аяғына да зақым келтірген. Оқиға куәгерлері зардап шеккен азаматты жағаға шығарып, жедел жәрдем шақыртқан. Бірақ ер адам дәрігерлерге жеткенге дейін көз жұмды. Қазіргі таңда жағажайды жауып, ол жерге күзет қойылды. «Бұл – жантүршігерлік жағдай. Оқиғаны өз көзімен көрген адамдар кері әсер алуы мүмкін. Тіпті көрмеген біздің де ойымыздан кетер емес», деді Батыс Аустралия штатының премьері. Бұл ең қауіпті саналатын жағалауда соңғы 2 ай ішінде болған екінші жағдай көрінеді. Биыл акулалардың адамдарға шабуылы салдарынан 8 адам мерт болған.
Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры ғимаратының алдына қойылған ескерткіштердің ашылу рәсімі өтті. Композиция театр және кино актерлері – Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов, Сабира Майқанова мен Хадиша Бөкееваға арналған. Ашылу салтанатына өзге зиялы қауым өкілдерімен бірге театр және кино актері, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов қатысты. Салтанатты шараны құттықтау сөзімен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақтыгүл Хаменова ашса, композициялық ескерткіштің шымылдығын Асанәлі Әшімов пен ақын, Махамбет және Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтардың лауреаты Светқали Нұржан ашты.
Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлімі 2-тармағында қарастырылған қылмысты жасады деген күдікпен Атырау қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Айыпталушы Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелген серіктестікте басқару функциясын жүзеге асыра отырып, алаяқтық жолмен 24,6 млн. теңге сомасында бюджеттік ақша қаражатын жымқырған. Бұл қаражат «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Атырау қаласының аумағында көппәтерлі тұрғын үй құрылысына бөлінген. Қазір тергеу шаралары жалғасып жатыр.
«Атырау барыстары» баскетбол командасы Қазақстан Кубогінің қола жүлдегері атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қаңтар айынан бастап ерлер арасындағы 7 команда Қазақстан кубогын сарапқа салды. Іріктеу қаңтар-ақпан айларында өтіп, ақтық сындар 17–19 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде қорытындыланды. Турнир қорытындысы бойынша атыраулық команда қола жүлдеге ие болды. Олар үшінші орын үшін ойында ақтаулық «Каспий» командасын 74–58 есебімен ұтты. Турнир қорытындысы бойынша, «Атырау барыстары» сапындағы Владимир Иванов «үздік ойыншы» атанды.
Ерекше білім мен медициналық көмекті қажет ететін балалар саны жыл санап артуда. Ал олардың денсаулығын оңалтып, қажеттілігіне қарай тәлім беретін мамандар тағы тапшы. Атырау облысында 2000 жылы ашылған балалар денсаулығын оңалту орталығы – балаларды дамыту және кешенді емдеу қызметін жүргізетін жалғыз орталық. Биыл аталған мекеменің ашылғанына 20 жыл толып отыр. Осыған орай, орталықта сала мамандары бас қосты. Жиында өткен жылдары атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Кездесуде орталық ардагерлері бейнежазба арқылы тілектерін жолдап, білім алушылардың ата-аналары алғыс білдірді. Сондай-ақ, мамандардың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жинағының тұсауы кесілді. Анар КАЮПОВА, Атырау облыстық білім беру басқармасының бас маманы Қазір облысымызда 6 443 бала болса, солардың бәрі…
Жыл басынан бері облыстық пробация қызметінің есебінде тұрған 166 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Бостандыққа шыққан бойда қоғамға бейімделіп, өз орнын тапқандар да бар. Жұмысқа орналастырылғандар сырттай бақылауда болып, оларға толықтай аяққа тұрғанша құқықтық көмек көрсетіледі. Пробация бөлімшесі бастығының сөзінше, жылына бірнеше мәрте бос жұмыс орындар жәрмеңкелері де өткізіліп тұрады. Нұрлан ҚАБДОЛОВ, Атырау облысы бойынша ҚАЖД бөлімше бастығы Жылда тоқсан сайын «Нұр Отан » партиясының залында, Атырау мемлекеттік университетінің спорт залында жәрмеңке өткізіледі. Мекемелер шақырылып, сотталғандардың бәрі өздерінң түйіндемелерін тапсырып жатады. Жұмысқа орналасқан азаматтар бар. Әлде де оларға әлеуметтік құқық көмек көрсетеміз.
