Атырауда электронды қызметтерді ұсынатын орталық ашылды. Мұннан кез келген құжатқа 15 минутта қол жеткізуге болады. Электронды үкімет порталынан қызметтердің 90 процентін онлайн алуға болады. Алайда жұрт бұл жүйеге жиі жүгіне бермейді. Одан бөлек, ХҚКО-ғы кезекке астана уақытымен тіркелу де ыңғайсыздық туғызып жатады. Ал электронды қызмет көрсету орталығындағы қызметтер әлдеқайда ыңғайлы. Сотталмағандығы жөніндегі анықтаманы айтпағанда, басқаның барлығы 15 минутта-ақ шешіледі. Ал алтын уақытты үнемдеу үшін қызметкерлер құжатты поштаңызға жіберуге дайын. Азиза АМАНҒАЛИЕВА, орталық қызметкері Қазіргі клиенттердің көбі асығыс. Кей анықтама кез келген адамға шыға бермейді. Сондықтан клиенттің уақытын үнемдеу үшін алдын ала дайындап қоямыз немесе оның поштасына жібере аламыз. Кейде құжаттарымды демалыс…
Автор: Сайт әкімшілігі
Экология министрі ауа сапасы төмен 10 қаланың тізімін жариялады. Нәтижесінде, Атырау елдегі ең лас аймақтардың қатарына енді. Атмосфералық ауаға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша тізімге Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған мен Шымкент кірді. Атыраудағы экология мәселесі онсыз да өзекті. Көмірсутегін қарқынды өндіру өңірді экономикалық тұрғыда дамытқанымен, қолайлы өмір сүруге кесірін тигізуде. Қалалардың экологиясын жақсарту үшін ЖЭО-ны газға ауыстыру, жеке секторды газдандыру, қоғамдық көліктер мен коммуналдық қызметтердің көлік құралдарын табиғи газға ауыстыру жоспарлануда.
Биыл қалада 5000-нан астам жаяу жүргінші жол ережесін бұзған. Белгіленбеген жерден өткендердің көбі сауда орталықтарындағы қиылыстарға келгенде заңды белшесінен басып жатады. Тәртіп сақшыларының сөзінше, ереже бұзуға жол өткелдерінің арақашықтығы итермелейді. Нұрбақыт БАСАРОВ, Атырау қаласы ПБ патрульдік полиция батальон командирінің орынбасары Таңертеңнен кешке дейін жаяу жүргіншілерге қатысты 13 әкімшілік хаттама толтырылған. Тәртіп бұзуға негізгі себеп – жаяу жүргіншілер өткелінің арақашықтығы. Мұндай құқықбұзушылықтар Дина, Көктем базарлары айналасында көп кездеседі. Полицейлер апатты жағдайға қала сыртындағы жарықтандырылмаған көшелердің де себеп болатынын айтады. Бірақ бұл – жүргіншілердің жауапкершіліктен жалтаруына мүмкіндік бермейді. Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Жыл басынан бері Атырау қаласында полиция қызеткерлері…
«Ақ Жайық» резерватында қырылған құстар пастереллезге шалдыққан. Нұр-Сұлтанда жасалған зертхананың қорытындысы бұл. Сондай-ақ, қанаттылардың құс тұмауын жұқтырмағаны белгілі болды. Пастереллез – көбінде құстар мен үй жануарларында кездесетін ауру. Дегенмен дертке адам баласы да шалдығып жатады. Сондықтан енді инфекцияның тұрғындарға тигізер қаупі де анықталмақшы. Арман МОЛДАШЕВ, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Бұл – үй құсы емес. Көктемде келіп, ұя салып, балапан шығаратын, Каспий теңізін мекендейтін құстар. Ауруды қайдан жұқтырғаны алдағы уақытта әлі де зерттеледі. Сонымен қатар, әрі қарай адамға жұғатыны не жұқпайтыны туралы да қорытынды шығарылады. Дәл қазір өлген қанаттылардың саны 150-ге таяған. Айтпақшы, бұл…
Атыраулық полицейлер облыстық ауруханада жоспарлы түрде өтетін қан тапсыру акциясына қатысты. Таң атысымен кезекке тұрғандар анализ тапсырып, кейін мұқтаж жандарға қол ұшын созды. Тәртіп сақшылары донор болуды дәстүр қылып алғандарын айтады. Ал қайырымды істің қайталанып отыратынына дәрігерлерде дән риза. Әсел ЗИМАНОВА, Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігер-трансфузиологы Бұл жерде донор күні ұйымдастырылып жатыр. Осындай шараны қан топтарының жетпеуіне байланысты әр мекемеде өткізіп тұрамыз. Әрине, ол әр адамның өз қалауымен болу керек. Жалпы, жыл басынан бері 6000-нан астам еріктіден 5000-литрге жуық қан жиналған. Ақхалаттылардың сөзінше, тапсырылған қан құрамы бірнеше мәрте тексерістен өтеді. Сондай-ақ, қан тапсыру – донордың өз денсаулығына да оң әсер…
Жұрт желтоқсан кірмей жатып жаңа жылға дайындықты бастап кетті. Оны дүкендер мен мейрамханалардағы безендіруден байқауға болады… Вирустың әлі жойылмағанын ескерсек, жыл сайын аста-төк дастарқан басындағы жиындардың болмайтыны айдан анық. Дегенмен білегін сыбанып отырғандардың қарасы көп. Наталья ЗЫБИНА, мейрамхана басшысы Алдын ала төлемдерді қабылдамадық, алда-жалда не күтіп тұрғанын білмейміз ғой. Біздікі – келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Жеке кәсіпкерлер үшін жаңа жылды тым болмаса 30 адаммен тойлауға мүмкіндік береді деп үміттенемін. Мерекелік кештердің көркін қыздыратын ұйымдастырушылар да дәл осылай дейді. Юлия КУРМАКАЕВА, ұйымдастырушы Әлі не болатынын білмейміз. Сондықтан дайындықты бастамадық, тек ересектер мен балаларға арналған мерекелік бағдарламны жобалау үстіндеміз. Егер 30…
Қараша айында армяндардың әскери қоймасында болған жарылыстан кейін Таулы Қарабақ жерінде жүздеген жарылмаған оқ-дәрі қалып қойған. Енді жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан «Тhe HALO Trust» халықаралық үкіметтік емес ұйым сарапшыларының алдында осы аумақты тазарту міндеті тұр. Кун ван дер Вест, «The HALO Trust» инспекторы Бұл жерлермен бұрын да ерекше абайлықпен жүретінбіз. Бірақ осы жолы аумақ жарылмаған заттарға толы. Араларында пайдаланылған минометтер де бар, бірақ олардың да ішінде жарылғыш зат қалып қоюы әбден мүмкін. Сол себепті осы жерде жатқан кез келген қару қауіпті. Кейбір жарылғыш құрылғыны сол жерден жоюға болса, кейбірін басқа жерде залалсыздандыруға тура келеді. Араларындағы ең…
Қытайлық «Чанчжэн-5» (CZ-5) зымыран тасығышының «Чанъэ-5» аппаратын орбитаға шығаруы сәтті өтті. Егер тапсырма бекітілген кесте бойынша орындалатын болса, спутник сегіз күннен кейін айға қонып бұрғылау жұмыстарын бастау керек. Ғарыштық аппарат тиісті құралдармен жабдықталған. Құрылғы шамамен 2 келі топырақ, қиыршықтас және тау жыныстарын жинайды деп болжануда. Бұл материалдарды зерттеу қытайлық мамандарға айға ғылыми база салу дайындығын бастауға мүмкіндік береді. Ай топырағы алғаш рет 1969 жылдың шілдесінде «Аполлон-11» ғарыш кемесімен Жерге жеткізілген еді. Ал 1970 жылы дәл осындай миссияны «Луна-16» кеңестік аппараты орындады. Айдың тау жынысы арнайы контейнерлерде, төмен температурада және вакуумде сақталады. Қытай халық республикасы іске қосқан құрылғының атауы Қытай аңызындағы…
ҚР Парламентінің Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар «2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарады. Бұл туралы Сенаттың ресми сайты хабарлады. Алдағы үш жылдық бюджет стратегиялық бағдарламаларды және Президенттің биылғы Жолдауында көрсетілген маңызды әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды іске асыруға арналған. Мәулен ӘШІМБАЕВ, Сенат төрағасы Сыртқы нарықтағы күрделі жағдайға байланысты дағдарысқа қарсы кешенді іс-шараларды қаржыландыру жалғаса береді. Бюджетті қарау барысында алдағы үш жылда азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге басымдық берілді. Соған сәйкес 2021 жылы бюджет шығындарының 50 пайыздан астамы әлеуметтік салаға жұмсалады. Сондай-ақ, Сенат Төрағасы экономикадағы қиындықтарға қарамастан, Президенттің тапсырмасы бойынша бюджетте барлық әлеуметтік міндеттерді орындауға керекті қаржы…
Джо Байден әкімшілік құрамын жаңартуға кірісті. Шайқаста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін берілетін «Күміс жұлдыз» марапатының иегері Джон Керри енді елдің климатын қорғаумен айналысады. Ал экс-мемлекеттік хатшыны экология мәселелеріне жетекшілік ететін арнайы өкіл етіп тағайындады. Бұл лауазымдағы тұлға автоматты түрде Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып сайланады. Энтони Блинкен – сыртқы саясат бөлімінің жаңа басшысы. Ол еңбек жолын тілші қызметінен бастаған. Кейін Колумбия университетінің құқық факультетін бітіріп Гарвард дипломын алған. Ақ үй қабырғасы оған бұрыннан таныс. Себебі, ол Барак Обаманың кезінде Ұлттық қауіпсіздік көмекшісінің орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ, Ақ үй мақұлдаса, АҚШ тарихында алғаш рет ішкі қауіпсіздік министрі болып кубалық иммигрант…
