Ресейдің тікелей инвестициялар қоры «Спутник-V» вакцинасын Үндістанда шығару туралы келісім-шартқа қол қойды. Үнділік ең ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі «Hetero Labs» препараттың 100 миллионнан астам дозасын шығарады деп күтілуде. Ресей жасаған мәлімдемеде өндірістің 2021 жылдың басында басталатыны туралы айтылған. «Hetero Labs» компаниясы болса, бірінші Үндістанда өтетін клиникалық зерттеулер нәтижесін күтетінін хабарлады. Мәскеудегі эпидемиология институты мамандарының айтуынша, Ресейдегі зерттеудің үшінші кезеңі сәтті өтуде және препараттың тиімділігі жоғары. Бұған дейін тікелей инвестициялар қоры Бразилияда, Қытайда және Оңтүстік Кореяда вакцина өндіру туралы келісімге қол қойған еді. Сонымен қатар, әлемнің ондаған еліне екпенің 1 миллиардтан астам дозасын жеткізу туралы тапсырыс алған. Егер аталған келісім-шарттар орындалса,…
Автор: Сайт әкімшілігі
Қаракөлге ұшып келген бір топ қоқиқазды ақтаулық Азамат Сәрсенбаев кездейсоқ түсіріп алған. Ол әдемі көріністі әлеуметтік желіге жүктейді. Осылайша, қызыл кітапқа енгізілген Маңғыстау өлкесінің символдары күллі әлемге танылады. Дүниежүзіндегі белді басылымдар автордың туындысына құда түсіп, әлемге паш ету үшін рұқсат алған. Автор бас пайдасын ойламады. Туындыны тегін берді. Шетелдік БАҚ өкілдеріне міндетті түрде «Ақтау» деген жазуы болуы тиіс деген талап қойған. Азамат СӘРСЕНБАЕВ, туынды авторы Маған халықаралық ақпарат агенттіктері хабарласты. Әрісі – Америка, берісі – Жапонияның телеканалдары қызығушылық танытты. Желіде жариялағысы келетіндерін айтты. Бір апта өтсе де, әлгі видео әлі күнге дейін жер шарын аралап жүр. Алайда жергілікті табиғат қорғау…
Күзгі шақырылым бойынша келген жас сарбаздар алғашқы әскери дайындықты бастады. Ал әкімшілік құрам оларға жаңа өмірге бейімделуге көмектесіп, әскери істің негіздерін үйретпек. Биыл еліміздің барлық аймағынан 600-ге жуық боз бала әскер қатарына шақырылды. Ринат ШАРИПОВ, жас сарбаздар жиынының бастығы Жастардың алғашқы әскери дайындығын жетілдіру бірнеше кезеңнен тұрады және ол 24 күнге созылады. Оқу-жаттығудың осы кезеңінде сарбаздар әскери қызметтің мәні мен мақсатын меңгеруі, бөлімнің күн тәртібін, регламентін және әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін, кезекшілік қызметтің міндеттерін жаттайды. Сонымен қатар, жеке қару-жарақ пен әскери техниканың жалпы құрылымын, жауынгерлік мүмкіндіктерін, дене шынықтыру жаттығуларын орындауды меңгеруі керек. Атырау гарнизонының әскери бөліміне болашақ барлаушылар шақырылған еді.…
Биылғы жаңа жыл бұрынғылардан өзгеше өтеді. Өйткені, шенділер қаражатты үнемдеу мақсатында ескі безендіру құрылғыларын қайта пайдаланбақ. Сондай-ақ, желтоқсандағы басты мейрамның бірі – тәуелсіздік күніне көбірек көңіл бөлінеді. Атыраудағы бас шыршаның ауыстырылмағанына үш жыл болды. Дегенмен мерекелік көңіл-күйді жоғалтпас үшін демеушілердің көмегімен тірі шырша орнатылуы мүмкін дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы. Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Тәуелсіздік мерекесіне орай да қала безендірілетін болады. Биыл қалалық әкімдіктен экологиялық мәселелерге көп көңіл бөлініп отыр. Сондықтан жаңа жыл қарсаңында тірі шырша орнату жоспарымызда бар. Бірақ оған бюджеттен қаржы қаралмаған. Демеушілердің көмегімен орналастырылуы мүмкін. Әкімдіктегілердің сөзінше, жаңа жыл қарсаңындағы шаралардың көбі онлайн түрде өтеді.
Алдағы бес жылда студенттердің шәкіртақысы 75 мың теңгеге жетуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы мен Елбасының қатысуымен өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде талқыланды. Еліміздегі жастардың әлеуетін көтеру мақсатында қомақты қаржыны қамтитын 258 бағдарлама ұсынылды. Соның аясында республикада тапшы болып тұрған балабақшалар мен мектептер, ЖОО-дағы жатақхана мәселесі шешіледі деп сендірді нұротандықтар. Ринат ҒИЛАЖЕВ, Атырау облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Қаншама мектеп пен балабақшада жатақхана мәселесі бар?! Осыған байланысты алдағы бесжылдықта игі істердің атқарылатынына сьезде көзіміз жетіп отыр. Сонымен қатар, еш жерде жұмыс істемейтін, еш жерде оқымайтын жастардың санын 100 мыңға дейін төмендету жоспарда бар. Яғни, оларға жұмыс тауып беруіміз керек, оқытуымыз…
Атырау облысында 25 мешіт бой көтермек. Әзірге тек біреуінің құрылысы аяқталып, үш ғимараттың құжаттары рәсімделу үстінде. Жалпы, өңір бойынша 31 мешіт жұмыс істейді. Дегенмен тұрғындарға ол аздық ететін көрінеді, мешіттің қажеттілігі жөнінде түсетін өтініш көп-ақ. Енді бұл жұмыстар демеушілердің қолдауы арқылы жүзеге асырылмақ. ҚаҺарман МҰСАЕВ, Атырау облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Біз тек діни бірлестіктерінің қызметіне құқықтық қолдау білдіре аламыз, қажетті құжаттарын рәсімдеуге көмектер бере аламыз. Ал қаржыландыру мәселесінде тек жеке кәсіпкерлердің, демеушілердің арқасында салынатын болады. Мешіттің салынуына қаражат халықтан да жиналады. Бөлім басшысының сөзінше, мешіттер тұрғындардың өтінішіне сәйкес облыс орталығы мен барлық ауданда тұрғызылады. Алайда нақты уақыты белгісіз.…
Еуропалық Одақ тұрғындары коронавирусқа қарсы екпені жыл соңына дейін алады. Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. Бірер күн бұрын Брюссельдің америкалық Модерна компаниясымен 160 миллион доза екпеге алдын ала тапсырыс беру туралы алтыншы келісім жасағандығы белгілі болды және бұл соңғысы емес көрінеді. Еуропалық Комиссия Еуроодаққа мүше елдерді кідірмеуге және қазірден бастап жеткізуге қажетті логистикалық тізбектерді құруға шақырды. Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия басшысы Еуропа тұрғындары алғашқы екпені желтоқсан айының соңына дейін жасата алады. Екпенің болуы маңызды, бірақ ең бастысы оның беретін әсері. Мүше елдер бәріне дайын болуы керек. Миллиондаған шприц шығару, екпе жасау орталығын ашу, қызметкерлерді оқыту…
Индер аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен шара Абай әлеміне тағы бір мәрте саяхат жасауға мүмкіндік берді. Алдымен көпшілік назарына ойшылдың шығармалары мен ол туралы жазылған жаңа кітаптар ұсынылды. Самиғолла ҒАЛЫМ, ақын Абайдың тәлімі, тәрбиесі ұлтқа деген әлі де жалғаса беруі керек. Оған ешқандай тоқтау болмауы тиіс. Себебі, ол – ұлттың ұстазы. Әлемге танылған ойшыл. Біздер көбіне өлеңдерін жаттаумен, сөздерін айтумен келе жатырмыз. Ендігі мәселе Абайдың ойларын орындауымыз, түсінуіміз, шынай тәлім алып, соны өмірімізге лайықты түрде енгізуіміз керек. Іс-шара «Құнанбайдың түсі», «Абайдың дүниеге келуі» тақырыптарындағы сахналық қойылыммен басталды. Өнерге құштар аудан жастары алыптың өлеңдерін оқыса, жас ақындар бабаға арнау шығарды. Ел…
Жалған нөмірлі көлік тізгіндеген қала тұрғыны ұсталды. Тіпті, оның жылдамдықты 104 рет асырғаны анықталып отыр. Тәртіп сақшылары жүргізушіні Жұлдыз ықшамауданында тоқтатты. Кейін тексеріс барысында өзінің жеке нөміріне осы күнге дейін 272 мың теңге айыппұл салынғаны анықталды. Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Өзіне тіркелген мемлекеттік белгісінде 12 айыппұлы бар екені анықталып отыр. Бұдан басқа жүргізушіге қатысты әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодекстің 9 бабымен әкімшілік хаттамалар жасақталды. Оның екеуі жалған мемелкеттік белгі орнату және жолдың қарсы бағытына шығу бойынша рәсімделген. Әкімшілік хаттамалар тиісті шешім қабылдану үшін сотқа жолданды. Бүгінде үш миллионға жуық берешегі бар 24 жастағы азаматтың темір тұлпары тұраққа қойылды. Енді…
Африкадағы халықаралық мектепте жұмыс істейтін қазақстандықтар суға зәру тұрғындарға құдық қазып берді. Қайырымдылықты Атыраудағы білім ордасының 45 түлегі ешқандай қолдаусыз жүзеге асырған. Құдық салуға пандемияның да кері әсері болған. Азамат ИМАНҒАЛИЕВ, лицей түлегі Арнайы көмектесейік деп жсопарлаған жоқпыз. Аяқ астынан болды. Іссапарда жүрген жолдасымыз көмектессек қалай болады дегеннен кейін, қол ұшын создық. Өзіміздің басымыздан қиыншылықтар өтіп жатса да, бірнеше рет шетелге көмектестік. Қайырымды істің басы-қасында жүргендер шығын мөлшерін айтпады. Ал африкалықтардың қазақстандықтарға айтар алғысы шексіз. Себебі, бұл құрлықта ауыз су тапшылығы үлкен мәселе болып тұр.
