Автор: Сайт әкімшілігі

Атырауда алғашқы қар жауды. Синоптиктер таяу күндері ауа температурасының –15 градусқа дейін төмендейтінін айтады. Орташа есеппен алғанда, тәуліктік температура 1 градус, ал түнде термометр көрсеткіші 10 градусқа дейін төмендейді. Қарашаның соңында ауа райы құбылмалы болмақ. Яғни, тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін барады. Сондай-ақ, аймақтағы циклонға байланысты жауын-шашын күтіледі. Айнұр ДӘЛУБАЕВА, инженер-синоптик Фронтальды бөліммен бірге оңтүстік циклонның шығуына байланысты облыста тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Алдағы екі күнде  облыс бойынша жауын-шашын, кей жерлерде ол тіпті күшейеді. Тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің бағыты оңтүстік батыстан, оңтүстіктен соғады, күші 9-14 м/с.

Read More

Пандемия кезінде көптеген бизнес тоқырауға ұшыраса да, Құрық портының тасы өрге домалады. Өткен жылмен салыстырғанда жүк тасымалы 15%-ға ұлғайған. Ақтау қаласынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан айлақта жыл он екі ай тоқтаусыз автокөлік пен теміржол және паром бағыттары жұмыс істейді. Боржақты–Ерсай теміржол желісі салынып, күре жол порт айдынына тіреледі. Серік АХМЕТОВ, Құрық портының бас директоры Соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша көрсеткіш қуанарлықтай. Жоспарды 3%-ға артық орындап, жүк тасымалы 15%-ға артты. Бұған пандемия кезінде көптеген бағыттың жабылуы сеп болды. Осы тұста біздің порт еурокөліктер мен жүк тасымалына шектеу қоймадық. Бұл жұмысты алда да жалғастырамыз. Арнайы экономикалық аймақ құрып, екі астық терминалын салу…

Read More

Донор елдер Ауғанстанды дамытуға алдағы 4 жыл ішінде 12 млрд доллар бөлмек. Бұл – 2016 жылы өткен Женева халықаралық конференциясында Кабулға уәде етілген қаржыдан 3 млрд. аз сома. Оның орнына Ауғанстан демократия мен адам құқықтарын және әйелдер қоғамындағы жағдайды жақсартуы керек. Доахада өткен келіссөздерге қатысқан елдер бейбітшілік процесін де қолдады. Вилле Скиннари, Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық даму министрі Мен халықаралық қауымдастықтың атысты тоқтатуға шақыру үшін алғашқы рет осындай шұғыл біріккеніне қуаныштымын. Ауғанстан тұрғындары дәл осы шешім мен халықаралық және гуманитарлық құқық нормаларының сақталуына лайық. Ең алдымен, балалардың құқығы қорғалу керек деген талап бар. Себебі, өткен жылдың өзінде елдегі зорлық-зомбылық…

Read More

Облыста жасөспірімдер арасындағы жыныстық қатынас деректері екі есе көбейген. ҚР ҚК 122-бабымен он алты жасқа толмағандармен сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау бойынша былтыр 9 факт тіркелсе, биыл 16 жағдай орын алған.  Мұндай жағдайда ерлер қауымы жауапкершілікке тартылмас үшін үйленіп кететін көрінеді. Нәтижесінде, кешірім беріліп, процесс бас бостандығын шектеумен ғана аяқталып жатады. Алайда айналып келгенде мұның соңы әртүрлі уақыттан кейін ажырасуға әкеліп соғады. Айгүл ТАШЕНОВА, Атырау облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Биыл алғашқы 9 айда 35 қылмыстық іс қаралды. Соның ішінде ең көбі – 122-баптың 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылық әрекеттер. Қыз балалардың ортасында көптеген насихат, профилактикалық жұмыстар өткізу керек…

Read More

Tesla және «SpaceX» басшысы Илон Маск Блумберг агенттігінің нұсқасы бойынша әлемдегі екінші бай адам атанды. Сейсенбі күні «Tesla» акциялары 3,5 пайызға, яғни 540 долларға дейін қымбаттаған. Сөйтіп, компанияның жалпы капиталы 511 млрд доллардан асқан. Илон Масктың табысы 7 миллиард доллардан 127,9 миллиард долларға өсіп, «Microsoft» корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтстен де асып кетті. Оның жылдық табысы – 127,7 миллиард доллар. Ал бірінші орында 182 миллиард доллар табыспен «Amazon» колмпаниясының басшысы Джефф Безос тұр. «Tesla» акциялары «Wedbush» компаниясының талдаушысы олардың мақсатты бағасын 1 мың долларға дейін көтергендіктен қымбаттаған. Соңғы 12 айда Масктың табысы шамамен 100 млрд долларға өскен. Блумберг агенттігі атап өткендей,…

Read More

Ақтаулық тұрғындар бұрынғы балалар алаңының орнына құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне қарсылық білдірді. Ұлтарақтай аумаққа ғимарат салуға мүлдем келіспейді. Осыған дейін де бұл жердегі ескі ойын алаңқайы сүріліп тасталған. Енді жекеменшік медициналық орталықтың қосымша нысаны салынбақшы. Елена ИДРИСОВА, Ақтау қаласының тұрғыны Мен – осы 7 ықшамауданының  тұрғынымын. Медициналық орталықтың иесі бұл аумаққа қосымша ғимарат көтермекші. Біз бұған түбегейлі қарсымыз. Айналамызда  бизнес орталығы көп. Тіпті, өз ауламызға көлік қоятын орын жоқ. Егер құрылыс бой көтерсе онда мүлде жағдай қиындауы мүмкін. Елена МИРЯСОВА, Ақтау қаласының тұрғыны Кәсіпкердің сөзіне мүлде сенбеймін. Ол осы маңайға су жаңа балалар алаңқайын  салып береміз деп осындағы тұрғындардан қол жинап…

Read More

Облыстық «Мүгедектер әлемі» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Күлбаршын Нұржігітова Жылыойға барып, келер жылғы сайлаудағы ерекше жандардың қатысуын саралады. Қамкөңіл жандар осыған дейін үйде отырып дауыс беріп келген еді. Енді ерекше азаматтар келер жылдағы парламент депутаттарын сайлауда учаскелерге келіп, халық қалаулыларын тағайындауға өз үлесін қоспақ. Айта кетейік, дауыс беруге тек «Nur Otan» партиясының мүшелері қатыса алады. Ал олардың аудандағы саны 3 700-ге жуықтаса, оның 35-і – мүгедек. Ерекше азаматтар қоғамдағы кез келген өзгеріске үн қатып, сайлау құқықтарын жүзеге асыруға мүдделі. Оларға жеңілдік жасау мақсатында мүгедектік категориясына байланысты аумақтық сайлау учаскелеріндегі сайлау материалдарының қолжетімді болуы, әрі дауыс беруге кедергі келтірмеуі қарастырылған. Сондай-ақ,…

Read More

Жапония елде коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне қарамастан жазғы олимпиадаға дайындықты жалғастыруда. Онда күн сайын 2 мыңнан астам адамнан вирус табылады. Десе де, Токио губернаторы Юрико Коикэ инфекциямен күрестегі тиімді шаралардың арқасында алдағы олимпиадалық ойындардың қауіпсіздігіне сенімді. Ұйымдастыру комитеті эпидемиологиялық жағдайы қолайлы елдердің спортшылары мен жанкүйерлері екі аптаға оқшауланбау мүмкін деп мәлімдеді. Юрико Коикэ, Токио губернаторы Соңғы уақытта вирус жұқтырғандар саны айтарлықтай өсті. Соған байланысты өткен аптада Токио билігі коронавирус жұқтыру қаупінің ең жоғарғы деңгейін жариялады. Олимпиадалық ойындарда аурудың одан әрі өршуіне жол бермес үшін біз үкіметпен және халықаралық олимпиада комитетімен бірлесіп елге кіретін барлық пунктерде келушілерге қатысты бірқатар кешенді шаралар…

Read More

Әлем футболының жарық жұлдызы Диего Армандо Марадона 60 жасында жүрек талмасынан көз жұмды. Бұл ақпаратты аңыз спортшының агенті БАҚ өкілдеріне растап та үлгерді. Осы айдың басында ауруханаға жатқызылған оның миына дәрігерлер ота жасап, қарашаның 12-сі күні үйіне жіберген еді. Бірақ ем-дом алу барысында қиындықтар болып, көп ұзамай футболшы қайтыс болды. Аргентина командасын әлем чемпиондығына жеткізген Марадона спорттық мансабында 581 матч өткізіп, 293 гол соқты. Оның ең жарқын күндері ұлттық құрама (113 ойын/50 гол) мен италиялық «Наполи» сапында өтті. Диегоның еншісінде Италия біріншілігі мен Кубогы, Испания Кубогы, УЕФА Кубогы және тағы да басқа жетістіктер бар. Солардың ішінде 1986 жылы Мексикада өткен…

Read More

Француз тіліне деген қызығушылығы бар жандар үшін Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде тың жоба қолға алынды. Жаңа ашылған клуб қатысушылары француз тілін үйреніп, тәжірибе және білім алмаса алады. Осыған орай университет басшылығы Франция мен Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы елшіліктерімен ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етіп отыр. Клубтың салтанатты ашылу рәсіміне шетелдік қонақтар, Petrocouncil Қауымдастығының басшылығы және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Клубтың есігі университет студенттерімен қатар, басқа да ниетті жандарға айқара ашық. Оқу процесі мен кездесулер білім ордасында  өткізіледі. Мұнда алдағы уақытта ағылшын және француз тілінен өзге итальян және қытай тілдері клубтарын ашу жоспарланып отыр. Өйткені, университетті халықаралық деңгейге көтеру –…

Read More