Автор: Сайт әкімшілігі

Индерде мал қырылып жатыр. Тұрғындардың сөзінше, ауданға қарасты Жарсуат ауылында 20 шақты ірі қара өлген. Лаура Капашеваның бір сиыры өрістен сол күйі қайтпады, ал қалған біреудің сүтін сауып, соғым қылудың өзі қорқынышты. Лаура ҚАПАШЕВА, Жарсуат ауылының тұрғыны Кеше бүгін-ертең туайындеп тұрған жас сиыр өлді. Тағы да буаз мал арам қатайын деп жатыр. Ішіндегі бұзауы тулап жатыр. Сойса, еті жарамайды дейді, енді не істейтінімізді білмеймін. Азын-аулақ малмен жан бағып отырған кей жұрттың қорасы қаңырап тұр. Тұрғындар төрт түліктің пияздан уланғанын айтады. Себебі, ірі қара жергілікті фермерге тиесілі егістік алқапта жайылған. Ал ондағы көкөніске қосылған химиялық тыңайтқыш тым көп болуы мүмкін. Жағдайдың…

Read More

Күні бойы тік тұрып немесе бір орында отырып қалатындықтан дерттің түр-түріне шалдығып жатамыз. Тіпті, мойын, арқа, белмен қоса бас ауруына да ет үйреніп кеткендей. Швецариялық мамандардың соңғы жасаған зерттеулеріне сүйенсек, аталған сырқаттар мойын омыртқаның қисық орналасуынан туады. Осындай дертпен күресіп жүргендердің бірі – Светлана. Ол халықаралық дәрежедегі маманға кездейсоқ жолығып, мәселесін айтқан. Светлана АНДРЮЩЕНКО, ем қабылдаушы Ем-дом туралы ақпаратты молынан білгім келеді, кейін диагностикадан өтуді жоспарлап отырмын. Осы дәрігерлерге өзімнің жолдасымды да қаратсам деймін. Омыртқа ауруымен ұзақ уақыт күресіп келем. Массаж жасаушылар мен терапевтілерге бір кісідей-ақ бардым. Бірақ еш нәтиже болмады. Мамандар мойын омыртқаны еш ауырсынусыз әрі қауіпсіз түзетуге болатынын…

Read More

Махамбет аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы 9 жылда алғаш рет жөндеуден өткізілді. Бұл жұмыстар Атырау мұнай өңдеу зауытының есебінен жүргізілді. Ол үшін мекеме қазынасынан 216 млн теңге жұмсалған. Серік АРЫСТАН, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС департамент директоры Оның төбесін және сыртқы бетін, сондай-ақ, іргетасын қалыпқа келтіру керек болды. Аурухананың төбесі қазіргі заманға лайықталып, қымбат сапалы материалдармен толық қапталды. Ғимаратқа қосымша тағы бір 4 шағын нысанның да төбесін қаптадық. Арнайы суағарын жасадық. Бұған дейін қабырғасы құлап, шатырынан су ағып, жан-жағына шөп-шалаң қаптаған медициналық мекеме енді коронавирусқа шалдыққандарды да қабылдай алады. Жаңабай САҒИЕВ, «Атырау облыстық туберкулезге қарсы диспансер» КММБ басшысы Бәрі өте сапалы…

Read More

Доссор кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған жаңа тұрғын үйлер 60 отбасыға берілді. Екі және үш бөлмелі баспаналардың сапасы жоғары. Тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған. Әр пәтерге автономдық жылыту қазандығы орнатылып, балалар үшін ойын алаңдары салынған. Бұл Мақат ауданында берілген алпыс пәтерлік үшінші тұрғын үй. Шәкір КЕЙКІН, Мақат ауданының әкімі Бұл әр жанұя үшін қуанышты сәт деп ойлаймыз. Себебі, ауданда 628 адам әртүрлі категория бойынша үй кезегінде тұрған еді. «Нұрлы жол» бағдарламасы бағытында салынған үйдің 38 пәтері көпбалалы аналарға беріліп жатыр. Оны Үкіметтің, Президентіміздің, облыс әкімінің қолдауы деп түсінуіміз керек. Пандемияға қарамастан құрылыс жұмыстары тоқтап қалмай, жоспарлы…

Read More

Өткен 10 айдың қорытындысы бойынша негізгі макрокөрсеткіштердің оң динамикасына қолжеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов мәлімдеді. Атап айтқанда: өңдеу өнеркәсібі – 101,3%, инвестиция – 100,1%, ауыл шаруашылығы – 100,8%, құрылыс– 113,5%, тұрғын үйді іске қосу – 100,9% құрады, яғни 969,5 мың шаршы метр тапсырылды.  Оның айтуынша, әлемдік дерт экономиканың барлық саласына әсерін тигізді. Сондықтан да өңір экономикасын әртараптандыру мен дамытуда негізгі екпін өңдеу өнеркәсібі, туризм, құрылыс, көлік және логистикаға беріліп отыр. Серікбай ТРҰМОВ, Маңғыстау облысының әкімі Өңдеу өнеркәсібін дамыту саласындағы өндіріс көлемі 1,3%-ға артып, 142,9 млрд. теңгені құрады. Мысалы, фармацевтикалық өнімдерді өндіру –…

Read More

Маңғыстау облысындағы кәсіпкерлік саланың өңір экономикасындағы үлесі 31,8%-ға жетті. Бұл туралы облыс әкімі Серікбай Трұмов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. Маңғыстаулық кәсіпкерлер ІІ тоқсанда 17,6% өсім көрсетіп, 692,6 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Бүгінде шағын және орта бизнестің 756 жобасы мемлекеттік қолдау механизмдерін пайдаланды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен салыстырғанда 2 есеге артық. Серікбай ТРҰМОВ, Маңғыстау облысының әкімі Оның ішінде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 312 жобаға 51,8 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. 1300-ден астам жаңа жұмыс орны құрылып, 3070 жұмыс орны сақталды. Былтырмен салыстырғанда қолдау алған жобалар саны 1,7 есеге артты. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1,6 млрд.теңгеге 317 шағын несие…

Read More

Бүгінде Маңғыстауда туризм саласын дамыту мақсатында кешенді жоспар жасақталып, саланы жетілдіру бағыттары айқындалды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. Осы жұмыстардың нәтижесінде, биыл өңірге 117 мыңнан аса турист келген. Әкімнің айтуынша, Маңғыстау еліміздегі туризмді дамытуға қолайлы аймақтардың үздік ондығына кіреді. Серікбай ТРҰМОВ, Маңғыстау облысының әкімі Осы жылдың екінші тоқсанында туризм саласында 1 млрд. теңгенің қызметі көрсетілген. Биыл өңірге 177 мың турист келген. Оның басым бөлігі жаз айларында тіркелді. Ақтау қаласының «Жылы жағажай» теңіз курорттық аймағын инфрақұрылыммен қамту мақсатында Үкіметтің қолдауымен 17 млрд. теңгеге 31 шақырым жол салынды. 58 км. газ, 10 км.…

Read More

Күн суыта салысымен жылыойлықтар жылыту қазандықтарын іске қосып, қыстың қамына кірісуде. Десе де сақтық шараларының қатаң сақталмауына байланысты өртену, табиғи газдан улану жағдайлары жиі орын алып жатады. Осыған сәйкес аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері еріктілермен бірігіп, қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бастады. Олар үйді-үйді аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Басты мақсат – өрт кезіндегі қайғылы оқиғалардың алдын алу. Жыл басынан бері аудан бойынша жиырма төрт өрт дерегі тіркелді. Оның үшеуі тұрғын-үй секторында болған. Алайда көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмен Нариман ӨТЕШОВ, Жылыой аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ең бастысы, тұрмыстық жағдайы өте төмен отбасыларға көңіл бөлінуде. Бұл…

Read More

Маңғыстауда «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында құны 26 млрд. теңгенің 9 инфрақұрылымдық жобасы іске асырылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов хабарлады. Сондай-ақ, биыл өңір тұрғындары көптен бері көтеріп жүрген мәселелердің бірі – қала және ауылішілік жолдар күрделі жөндеуден өткізілген. Серікбай ТРҰМОВ, Маңғыстау облысының әкімі «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының көмегімен Бейнеу ауданында 44 көшеге, Маңғыстау ауданында 13 көшеге, Түпқараған ауданында 25 көшеге асфальт төселді. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы арқылы Ақтау қаласының шағынауданішілік жолдары жөндеуден өтті. Атап айтқанда, 6 бірдей шағын аудандағы 136 мың шаршы метр жол жөнделді. Өңір басшысы құрылыс саласында…

Read More

Биыл Маңғыстау өңірінде жыл соңына дейін бірқатар инвестициялық және әлеуметтік нысандар іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов мәлімдеді. Солардың бірі – Түпқараған ауданында жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін ірі фабрика. Жалпы құны 5 млрд. теңге болатын жоба аясында 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Серікбай ТРҰМОВ, Маңғыстау облысының әкімі Сондай-ақ, Мұнайлы ауданында құрама жем зауыты, Жаңаөзенде газ өңдеу зауытына қажетті энергия өндіретін кәсіпорын, Жетібайда жел электрстанциялары ашылады. Биыл онкологиялық диспансердің де құрылысын аяқтап, пайдалануға беру көзделген. Ақтауда жұқпалы аурулар ауруханасы, 900 орындық жаңа мектеп, кітапхана мен көпсалалы спорт кешенін ашып, халықтың…

Read More