Маңғыстауда 161 шақырым автомобиль жолы салынды — CaspianLife ақпараттық порталы
Понедельник, 27 марта, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Маңғыстауда 161 шақырым автомобиль жолы салынды

23.11.2020
Қоғам
0
Маңғыстауда 161 шақырым автомобиль жолы салынды

Маңғыстауда «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында құны 26 млрд. теңгенің 9 инфрақұрылымдық жобасы іске асырылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов хабарлады.

Оқи отырыңыз...

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

24.03.2023
Мақат жастары наурыз тойын тойлады

Мақат жастары наурыз тойын тойлады

24.03.2023

Сондай-ақ, биыл өңір тұрғындары көптен бері көтеріп жүрген мәселелердің бірі – қала және ауылішілік жолдар күрделі жөндеуден өткізілген.

Серікбай ТРҰМОВ, Маңғыстау облысының әкімі

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының көмегімен Бейнеу ауданында 44 көшеге, Маңғыстау ауданында 13 көшеге, Түпқараған ауданында 25 көшеге асфальт төселді. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы арқылы Ақтау қаласының шағынауданішілік жолдары жөндеуден өтті. Атап айтқанда, 6 бірдей шағын аудандағы 136 мың шаршы метр жол жөнделді.

Өңір басшысы құрылыс саласында жеке тұрғын үй құрылысы мен мемлекеттік бағдарламалар тиімді іске асырылып жатқанын атап өтті. Дәлірек айтқанда, көрсеткіш 13,5%-ға өсіп, 151,9 млрд. теңгені құрады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Серікбай ТРҰМОВ, Маңғыстау облысының әкімі

«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 154 отбасы баспаналы болды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді баспанамен қамту мақсатында 130 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді. Жыл соңында тағы 419 отбасыға пәтер беру жоспарлануда.

Бұдан бөлек, жаңаөзендіктерге Ақтау қаласынан тұрғын үй беру үшін 150 пәтер бөлінді. Ал, «7-20-25» бағдарламасы аясында 8,1 млрд теңгеге 800-ге тарта өтінім мақұлданды. Бұған қоса, «Шаңырақ» пилоттық жобасы «5-10-20» бағдарламасымен 93 пәтер берілді.

Тегтер: жолжол жөндеуқұрылыс
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.